Тіл ?лтты? жаны,халы?ты? ?ні


Тіл - ұлттың жаны, халықтың үні     Мақсаты:     1.Ана тілде таза сөйлеуге, терең меңгеруге баулу.     2.Ой, ес,сезім, тіл жылдамдықтарын дамытып, бірліктерін нығайту.     3.ана тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.     Көрнекілік: қанатты сөздер, суреттер, шарлар.     Барысы:     І. Ұйымдастыру кезеңі.     ІІ. Кіріспе.     ІІІ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны.     1-бала: Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңі оқылады.     2-бала:       Қуан бабам, қуанатын күн бүгін,     Деген едің «Тіл бар жерде өмір бар!»     «Халық жауы» атандық-ау сол үшін,     Ғұмырыңды құрбан етіп жолында.     3-бала:     Қуан бабам! Туған тілдің киесі,     Жебеп сені, болғаныңа иесі.     Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс,     Дүниеде тіршіліктің күресі.     4-бала:     Қуан анам! Ұзағынан сүйініп,     Сәтінде кеткен кейін түңіліп.     Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді,     Пір тұтамын ел алдында иіліп.     5-бала:     Қуан халқым! Күшіне енді «Тіл заңы»     «Сүйінші!» - деп ақын ұлың жырлады.     Ел елдігі бағаланып тілімен,     Сол арқылы құлпырады гүл бағы.     Хор: Ә. Тінәлиевтің әні «Анамның тілі, аяулы үні».     6-бала:     Қабылданды мемлекеттік «Тіл заңы»     Елдігімнің, ұлтымыздың ол – жаны.     Қуанамыз, шатанамыз бәріміз,     Атқанына бостандықтың ақ таңы.     7-бала:     Ана тілім – қазақ тілім, туған тіл,     Қасиетті тіліміздің мәнін біл.     Ана тілді құрметтеңдер адамдар.     Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.     8-бала:     Заман туды тіліміздің басына,     Айналдырған тілдердің бір ласына.     Жетпіс жылдай бұрмалаған бұл тілді,     Үйретіп көр сәулесі жоқ жасыңа.     9-бала:     Ана тілі – біздің туған анамыз,     Ана тілін бағаласақ қалай біз.     Өзіміздің сондай болмақ бағамыз,     Ана тілін кім бағалай білмесе,     «Анасынан безген ұл» - деп қараңыз.     10-бала:     Ана тілің – біліп қой,     Бостандығың, теңдігің.     Ана тілің – біліп қой,     Мақтанышың, елдігің.     11-бала:     Ана тілің – арың бұл,     Ұятың боп тұр бетте.     Өзге тілдің бәрін біл,     Өз тіліңді құрметте.     12-бала:     Ақыл-ойың дананың,     Ана тілден аламын.     Ана тілім ардақты,     Ақ сүтіндей анамның.     13-бала:     Өсірген ой, білімді,     Сүйем туған тілімді.     Мақсат етем әр сөздің,     Мәнін терең білуді.     Хор: «Ұланбыз – Отанды қорғайтын».     14-бала: Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын. (Ахмет Жұбанов.)     15-бала: Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. (Б. Момышұлы.)     16-бала:  Сүйемін туған тілді – ана тілін,              Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.                               (С. Торайғыров.)     17-бала:     Туған тілім – бабам тілім – өз тілім!     Туған тілім – анам тілім – өз тілім!     Туған тілім – далам тілім – өз тілім!     Туған тілім – адам тілім – өз тілім!     18-бала:     Туған тілде сыры терең жаным бар,     Туған тілде әнім менен сәнім бар.     Туған тілім тіл болудан қалса егер,     Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.     19-бала:  (М. Мақатаев. «Үш бақытым»):     Ең бірінші бақытым – Халқым менің,     Соған берем ойымның алтын кенін.     Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,     Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.     20-бала:     Ал, екінші бақытым – Тілім менің,     Тас жүректі тіліммен тілімдедім.     Кей-кейде дүниеден түңілсем де,     Қасиетті тілімнен түңілмедім.          21-бала:     Бақытым бар үшінші – Отан деген,     Кім мықты? – десе біреу, - Отан дер ем.     ...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?     Ойланбай-ақ кел – дағы от ал менен.     22-бала:     Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,     Ана тілін білмеу қандай заңдылық.     Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,     Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.     23-бала:     Ақиқатты мойындайық қазір біз,     «Ұлтшыл» болып талай таяқ жегенбіз.     Тіл – мәртебе, ұлт мерейі емес пе?     Мәңгі бақи шырқалатын әніміз.     24-бала:     Туған тілім тірлігімнің айғағы,     Тілім барда айтылар сыр ойдағы.     Өссе тілім, мен де бірге өсемін,     Өлсе тілім, мен де бірге өлемін.     Хор:     Ана тілі – ұраным,     Ана тілі – Құраным.     Ана тілі болмаса,     Мықты болмас тұрағым.     Тәрбиеші:  Біздің Республикамыз жылдан жылға, күннен күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Олай болса, ХХІ ғасырға ақ тілек тілейік.     25-бала:     Басшыларымыз,     Мерекелеріміз табысты болсын!     Қыздарымыз саналы, сұлу,     Ұлдарымыз намысты болсын!     Қалада мейлі, қырда болсын,     Келген-кеткен ырза болсын!     Баға сөмкемізге сыймайтын болсын!     Халқымыз ғасыр табалдырығын,     Қазақша сөйлеп, аттайтын болсын!     Хор: Ө. Байділдаевтің әні «Туған ел».