Интеллектуальная игра Тіл-халы?ты? жаны


Тақырыбы: «Тіл – халықтың жаны»
Мақсаты: 1.Оқушыларға Қазақ елінің тәуелсіздік жолында жүріп өткен жолдары, қазақ тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. 2. Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер айту арқылы тіл туралы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.3. Мемлекеттік тілді қастерлеуге, басқа тілдерді құрметтеуге тәрбиелеу.Көрнекілігі:Тіл туралы жазылған ойлы сөздер, тілге байланысты мақалдар,сынып сағатының көрнекі етіп жазылған тақырыбы.
ӨТКІЗІЛУ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі Кіріспе сөз. - Армысыздар, құрметті оқушылар мен ұстаздар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет»деп Ш. Уалиханов, ал Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің болашағы тек қана білімді жастарда» де атап өткен. Сол білімді жастарды болашақта сендер құрайтын боласыңдар. Осы мақсатпен бүгін 8 - сыныптар арасында еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойыны орай «Тіл-халықтың жаны» атты зияткерлік сайыс өткізгелі отырмыз.
ХХ ғасырдың ұлы жемісі – қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата- бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз – ұлттық рухты көтеру, халқымыздың аса бай рухани қазынасы – мемлекеттік тіл-қазақ тілін, ана тілімізді ардақтау.
Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет – ғұрыптары, дәстүрлері бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі өте бай, көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру әр азаматтың парызы.
Сондықтан  ортамызға бүгінгі сайыскерлерімізді шақырамыз. Олар тілді сүйемін, білемін, үйренемін, ойға түйемін деген мақсатпен келіп отыр.
ІІ. Негізгі бөлім
 Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазы алқасымен таныс болайық
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістеме бірлестігінің жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Оразбаева Гүлнұр Мұқанбекқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің жоғары санатты, тәжірибесі мол ұстазымыз Рахметова Майда Сұлтанқызы
Мектебіміздің 11 «А» сынып оқушысы Какенова Мөлдір Айдарқызы------------------------------
Сайыскерлермен таныстырып өтейін. Сайысқа әр сыныптан қазақ тілін өз деңгейінде жетік меңгерген үш оқушы қатысады. Әр топтың өз атауы бар.
8 «А» сыныбынан құралған «АЛҒЫРЛАР»тобы: Бекембаева Алма, Потошина Яна, Таджиева Дайана
8«Б» сынып оқушыларынан құралған «ТАПҚЫРЛАР» тобы: Олакаеа Шахназ, Воробьев Артем, Островсая Ксения
8 «В» сынып оқушыларынан құралған «ЗЕРЕКТЕР» тобы: Пазылов Ғабит, Закиржанова Диана, Дуйсенов Жангир
Ойын жалпы бес кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің шартымен ойын барысында таныстырып отырамын.
Бірінші кезең «Кел, танысайық!» деп аталады. Әр топбасшы өз тобын таныстырады.
Бұл кезеңнің ең жоғарғы ұпайы 3 ұпай
(Әр топ басшы өз тобындағы топ мүшелерімен таныстырады)
І топ: Бастары компьютердейБойлары бәрі бірдейБалалықты бірге өткізген«Тапқырлар» тобынан бір сәлем.ІІ топ: Келешекке үмітпен қарарАтақ - даңққа бөленерСегіз қырлы ойшылдар«Алғырлар» тобынан бір сәлем
ІІІ топ: 8 «В» сыныбымыз,
Өнерлі біздің тобымыз.
Қазақ тілін меңгерген,
«Зеректер» тобынан бір сәлем!
Бүгінгі зияткерлік ойынымыз еліміздің тәуелсіздігіне 25 жыл толған мерейтойына арналғандықтан, тапсырмалар осы тақырып аясында болмақ. Сайыскерлер сендерге сәттілік тілейміз! Өз ойларыңды жинақтап, нақты жауаптар беруге тырысыңдар.
Ендеше сендердің білімге деген құштарлықтарыңды дәлелдейтін ІІ кезең «Бәйге» сайысын бастаймыз.Бұл бөлімде қатысушылар қойылған 10 сұраққа тез және нақты жауап берулері керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
ІІ кезең «Бәйге» сайысы
«Алғырлар» тобына сұрақтар:1. Қазақстан қай жылы өз тәуелсіздігін алды?2. Әнұранның авторлары кімдер?3. Заттың қимылын білдіретін сөз табы
4. Ата Заң күні қашан?5. Жалғауы жоқ септік?6. Қазақстан Республикасының астанасы
7. Зат есімнің сұрақтары
8. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?
9. Сөйлем мүшелерін атаңдар.
10. Елбасымыз дүниеге келген елді мекен.
«Тапқырлар» тобына сұрақтар:1. Астана қай жылы Алматыдан Ақмолаға көшірілді?
2. Қазақ тіліндегі жалғаулардың саны нешеу?
3. Елбасымыз өз еңбек жолын неден бастаған?
4. Заттың санын білдіретін сөз табы
5. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
6. Қазақ  тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім ұшты?
7. Мемлекеттік туда бейнеленген құстың аты
8. Шығыс септігінің сұрақтары
9. Елтаңбаның авторлары
10. Қазақстанның мемлекеттік тілі
«Зеректер» тобына сұрақтар:1. Барыс септігінің жалғаулары
2. Ұлттық валюта қабылданған жыл.
3. Мемлекеттік гимннің авторлары
4. Қазақ тіліндегі сөз таптарының саны
5. Қазақтың ұлы ақыны
6. Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?
7. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
8. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?
9. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
10. Алматы қаласының ең алғашқы атауы.

ІІІ - кезең «ТІЛ ӨНЕРІ» сайысы- Мемлекеттік тілмен қоса, балалар, сендер орыс тілін, ағылшын тілін де меңгеріп жүрсіңдер. Орыс тілі ұлтаралық тіл, ағылшын тілі халықаралық тіл. Көп тіл білу – өмір талабы.Қазір әр топқа 4 жұмбақтан оқимын, сендер сол жұмбақтың шешуін тауып, оны орыс тілі мен ағылшын тілдеріне аударуларың керек. Топтағы мүшелер бір - біріңе көмектесіп отырасыңдар. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.
«Алғырлар» тобына жұмбақ жасыру1. Білімнен мол сый асы, Балғындардың ұясы. ( мектеп – школа - school)2. Ұшып - қонып тынбайды,
Суға салсаң батпайды, Жерге соқсаң сынбайды
Түскен жерге жатпайды. (доп – мяч - ball)3. Алыстан қарасаң аппақ Татып көрсең тәтті - ақ (қант – сахар-sugar) 4. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама (кітап – книга -book)
«Тапқырлар» тобына жұмбақ жасыру1. Өзі таудың бөктерінде өседі Жаңа жылда үй төріне көшеді. (шырша – елка -tree )2. Бұдан кір қорқады Судан бұл қорқады. (сабын – мыло - soap)3. Онсыз астың дәмі жоқ, Ассыз оның мәні жоқ. (тұз – соль -salt )4. Мұртымен туады, Мұртын күнде жуады. (мысық – кошка -cat )
«Зеректер» тобына жұмбақ жасыру 1. Асты тас, Үсті тас, Ортасында шандыр бас. (тасбақа –черепаха -turtle )
2. Білімнің жол басшысы,
Шәкірттің қолбасшысы (мұғалім – учитель - teacher)
3. Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді (ауа – воздух -air )
4. Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (аю – медведь - bear )
IV - кезең «ҰШҚЫР ОЙ» сайысы
Бұл жерде «Қазақстан» сөзі берілген. Осы сөзден 1 минут ішінде бірнеше сөз жасап жазуларың керек. Көп сөз жазған топқа 4 ұпай беріледі.(жазған сөздерін оқыту және санау)
V - кезең «Даналық сөзден дән ізде» сайысы
Бұл бөлімде тілге қатысты мақал-мәтелдердің жалғасын табу қажет. Бұл сайыста кім жылдам дұрыс жауабын табады, сол топ ұпайға ие болады. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі.
(Тақтаға мақалдың бірінші жолы жазылған слайдтар шығады).
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).2. Бал тамған тілден ... (у тамған).3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... (сөз бұзар).4. Жақсы сөз - ... (жарым ырыс)5. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі ортақ).6. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ).7. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).8. Тіл қылыштан ... (өткір).9. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).10. Тілден артық ... (қазына жоқ).11. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ... (ой өсіреді).12. Жыланның уы тісінде, Адамның уы ... (тілінде).13. Ең ащы да тіл, ең ... (тәтті де тіл).14. Өнер алды - ... (қызыл тіл).15. Айтылған сөз - ... (атылған оқ).16. Жылы-жылы сөйлесең, жылан ... (інінен шығады).17. Басқа пәле - ... (тілден).18. Білім кілті - ... (тіл).19. Тілге құрмет - ... (елге құрмет).
 ІІІ. Қорытынды бөлім.
Осымен 5 кезеңнен тұратын «Тіл – халықтың жаны» атты зияткерлік сайысымыз да өз мәресіне жетті. Оқушыларымыздың білімін, санасын, оқуға деген құштарлығын оятатын сайыстарымыз көбейе берсін.
Әділ қазыларға сөз беріледі. Жеңіске жеткен топ марапатталады.