Танымды? шара: ?аза?ты? білгірі


Қазақтың білгірі(Герольд Бельгердің туғанына 80 жыл) Татьяна БурмистроваЌР халыќ әртісі, атаќты ќазаќ әндерін орындаушы Лушникова Надежда АндрейқызыАйтыс ақыны, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Герольд Бельгер Прозашы, әдебиет зерттеушісі, эссеші, аудармашы, сыншы, публицист Асылы Әлиқызы ОсманҒалым, қоғам қайраткері, филология ғылымының кандидаты Белгілі жазушы, аудармашы, публицист, эссеші Герольд Бельгер биыл үш бірдей мерейтойын атап өтті: өзінің 80 жасын, Алматы қаласында тұрғанына 60 жыл және Қазақстан Жазушылар одағына мүше болғанына 40 жыл толуын. Герольд Карлович Бельгер - әдебиет зерттеуші,сыншы,аудармашы. Екінші аты: Гарри Карлсон1934 жылы 28 қазанда Саратов облысы, Энгельс қаласында туған. 1958 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген .1958—1960 жылдары Жамбыл облысының Байқадам совхозындағы орта мектепте мұғалім,1960—1963 жылдары Абай атындағы ҚазПИ-дің аспиранты,1963—1964 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер болды.1964 жылдан шығармашылық жұмыста,1992 жылдан неміс тілінде шығатын«Феникс» альманахы бас редакторының орынбасары болған.1994 — 1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған. Жетістіктері: Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлығының иегері (1988).Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1987).Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының иегері (1992).ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес мүшесі.«Парасат» орденінің иегері (1994).Қазақстан -дағы ПЕН клуб сыйлығының (1996).«Алтын самұрық» сыйлығының (2007) иегері. Жұбайы - Хисматуллина Раиса Зәкірқызы, педагог. Қызы - Ковалева Ирина, актриса, кинорежиссер. Немересі - Всеволод (1988 жылы туған ), шөбересі - Юлиана (2005 жылы туған ).Хоббиі - шахмат ойнау. Келді көктем, келді көктем,Қуанышты көптен күткен.Күн жылынып, қар еріп,Гүрілдеп, тулап ақты өзен. Қаламгердің жарық көрген кітаптары:«Ауыл шетіндегі үй», А-А., 1973«Даладағы шағала», А., 1976«Алтын асу», А., 1977«Бауырластықтың жанды бейнесі», А-А., 1981 (неміс тілінде)«Уақытпен бетпе-бет», А-А., 1985 (неміс тілінде) «Мотивы трех струн», А-А., 1986«Тас өткел», М., 1987«Гете и Абай», А-А., 1989«Завтра будет солнце», А., 1992«Земные избранники», А., 1995«Тихие беседы на шумных перекрестках», А., 2001«Этюды о переводах Ильяса Жансугурова», А., 2001«Казахское слово», Астана, 2001«Дом скитальца», Астана, 2003«В темный час перед рассветом», А., 2003«Карл Бельгер - мой отец», А., 2003, т.б. Б.Майлин, Х.Есенжанов, Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, Д.Досжанов, т.б. қазақ жазушыларының бірқатар шығармаларын қазақшадан орыс тіліне, А.Раймген, Э.Кончак, Н.Ваккер, т.б. неміс жазушыларының жекелеген туындыларын неміс тілінен орысшаға аударды. Қазақ жазушыларының Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсірепов секілді классиктерінен бастап, бүгінгі күнге дейін 13 роман, 24 повесть, 12 пьеса мен киносценарийі, 169 әңгіме, новеллаларды орыс оқырмандарына жеткізді. Алғашқы кезде тек қана жолма-жол аудармамен айналысса, келе-келе аудармашымен немесе кітап авторының өзімен бірлесіп, кейін өзі жеке аударатын болды. Ғабиден Мұстафиннің «Ағалық ақылымды тыңдасан, басқа жұмысты қой да, тек аудармамен айналыс. Тілтанушы ғалым болсаң көптің бірі болып қаласың, ал мына салада сенің алдыңа түсетін жан болмайды» деген. Герольд Бельгер бүгінде  қазақ қоғамында тіл жанашыры болып жүрген тұлғалардың бірі. Қазақтың ана тіліне деген жан айқайы бірнеше басылым беттерінде, таза сөздік болмаса да, сол тақілеттес, ал танымдық, тағылымдық әсері жағынан жай сөздікті он орап алатын шығармаларының бірі «Казахское слово» деген еңбегінде кеңінен аталып өтті. Жазушы бұл кітабында адамның есімінен бастап қай нәрсеге болса да ат қоюға екі буыны ғана емес, бірнеше буыны, тіпті тұтас жолдары ұйқаса беретін қазақ өлеңі, теңеу, бейнелеу арқылы өлеңге бергісіз етіп құрастырғанды ұнататын қара сөзі бұндай дәрежеге тілдің керемет байлығының арқасында жетіп отырғаның паш етеді. Өз басым Абаймен тоғыз жасымда кездестім. Ол кезде қазақ мектебіне оқуға түсіп, қазақ тілін енді-енді үйрене бастаған едім. Оқу программасы бойынша мұғаліміміз Күлшара Қасымова Абайдың «Қыс» аталатын өлеңін үйден жаттап келуге тапсырма берді. Есілдің жағасындағы кішкене қазақ ауылы қарлы боранның астында қалған. Сол жылғы қыс сұмдық қатал болды. Біз бұрынғы дәрігерлік пункттің бір бөлмесін паналап отырғанбыз. Терезені жел ұрғылайды. Кішкене қаңылтыр пештің іші гу-гу етеді. Жетілік шамның сығырайған жарығының астына алба-жұлба оқулығымды қойып, күбірлеп Абайдың өлеңін оқып мен жатырмын. Ал, менің жанымда анам кішкентай қарындасымды аяғына тербетіп, Гетенің «Даланың раушан гүлі» өлеңін ыңылдап айтып отыр. Міне, менің санама Гете мен Абай бейнелері осылай қатар сіңді. Абай мен Бельгер (Зерттеген еңбектері) Бельгер Абай мұраларын тану, оны зерттеу мәселелерімен айналысып, «Үндестік» (А.,1982), «Гете және Абай» (А., 1989, екеуі де орыс тілінде) деген ғылыми - зерттеу еңбектері, ''Шың'', «Туыстықтың жанды өрнектері» (А., 1981, неміс тілінде), «Асылға абай болайық» («Қазақ әдебиеті», 1985, 9 мамыр), «Ақындар сыры» («Простор», N° 2, 1992) т. б. қазақ, орыс, неміс тілдерінде оннан астам мақала, «Мұнартау» («Жалын», № 1, 1974) атты көркем әңгіме жариялады. Бұл еңбектерінде ол Абайдың сан қырлы шығармашылық дарынына, ақындық құдіретіне, жаңашыл дәстүріне шолу жасады. И. В. Гете мен А. Құнанбаев шығармалары үндестігінің философия-лық, эстетикалық, этикалық, психологиялық заңдылықтарын талдады. Гетенің «Жолаушының түнгі жыры» шығармасы негізінде туындаған М. Ю. Лермонтовтың «Тау шыңдары» мен Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдеріндегі рухани бірлігін, әлеуметтік ой толғауындағы жақындық пен тамырластықтың түп төркінін ашып көрсетті. Абай өлеңдерінің орыс тіліне аударылуындағы жай-күйіне, ақынның кемел ойы мен көркем теңеулерін тәржімалаудағы кемшіліктерге, текстолгиялық ала-құлалықтарға, жаңсақ жазылған сөздерге тоқталды.  Герольд Бельгер берген сұхбаттардан ... - Сіздің атажұртыңыз дамыған ел. КСРО тараған кезде алпысқа енді ғана иек артқан едіңіз. Көштен қалып кеткен себебіңіз бар ма? - Кеткім келмеді. Германияда екі рет болдым. Он күн бойы жүрдім. Ел басшыларының қабылдауында да болдым. Байқағаным — Германия менің қолым емес екен. Олардың менталитеті мүлдем бөлек. Жасым 30-40 жаста болса, кетіп қалуым мүмкін еді. Бүгінгі Германияға керегім жоқ. Олар мені зейнеткер деп қабылдайды. Сыра ішемін. Пәтерім тәуір болуы, тәтті шұжық жеуім мүмкін. Бірақ керегім шамалы. Зейнетақысы тәуір қатардағы көп зейнеткер болып қала беремін. Онда сен тәрізді мені бала жастан оқып өскен, Гер-аға деп алдымды кесіп өтпейтін жастар жоқ. Менің Қазақстанда керегім бар тәрізді. Бүгін сіз келдіңіз. Кеше де бір орыс газетінен келді. Онда менен сұхбат алатын журналистер жоқ. Өзімді керек етпеген ортаға мен қалай сиямын? Ол түгілі мен Ресейде де тұра алмаймын. Маған Мәскеу үлкен жындыхана тәрізді. Жалғыз қызым сонда. «Келіңдер» деп шақырады. Бәйбішем «кетейік» деп қояды. Ал мен Қазақстанды, Алматы, өзіммен бірге қартайған замандастарымды қимаймын. Министрлер кеңесі ауруханасы дәрігерлері күнара келіп, қан қысымымды тексеріп тұрады. Демек, қазаққа керекпін. Қазақ жерінен басқа барар жерім, басар тауым жоқ. Ертең көзім жұмыла қалса, мұсылман болмасам да, Кеңсайдың бір бұрышынан жер бесіктей орын бұйырса екен деймін. Ондағы бақилық болып кеткен достарыммен бірге екінші өмірімде де Алматыма төбеден қарап жатқым келеді. Менде одан басқа тілек жоқ.   - "Халықтың пiкiрiн бiлем" дейсiз, сiзге мұңын, дертiн айтып келетiндер көп пе?  - Өте көп. Бiр күнiм бос өтпейдi. Күнделiк жүргiзем. Сол күнделiгiме таңертең тұрған бойда не iстеу керектiгiн жоспарлам алам. Көп адаммен Шоқанның ескерткiшiнiң қасында кездесем. Германиядан да қарым-қатынас көп. Маған келетiн адам өте көп. Көптiгi сондай, менiң әйелiм кейде маған: "Үйiмiз конторға айналып кеттi" деп ренжидi. Байқадамда екi жылдай мұғалiм болдым. Сонда оқытқан шәкiрттерiм де хабарласып жатады. Кейде менi арғын, атығайдан деп жатады. Кейбiрi дулатсың дейдi, ендi бiрi тағы бiр рудың атын айтып жатады. Ол жағынан мақтануыма болады. Қазақтардың маған деген көзқарасы ежелден дұрыс. Олар менi сыйлайды, мен оларды сыйлаймын. Сондықтан бұл жөнiнде өзiмдi шеткерi адаммын деп есептемеймiн. Менiң Германияға кетпеуiмнiң бiрден-бiр себебi де осы. Менiң бақытымның өзi осы. Адам керектiгiн сезiнсе, ол бақытты адам. Сосын мен күн сайын жұмыс iстеймiн. Жоспар бойынша жүрем. Әлi сегiз кiтап шығаруым керек екен жоспар бойынша. Сонымен келе жатырмын. "Казахское слово" 44-шi кiтап екен. Ендi сегiз кiтап шығарсам, жоспарым орындалады. Арғы жағында рецензия жазам, ұсақ-түйек мақалалар жазам, журналистерге пiкiрлерiмдi айтам. Қалған сегiз кiтапты шығармай кетуге болмайды. Бұл менiң Құдайдың алдындағы парызым. Оны мiндеттi түрде орындауым керек. Жалпы, маған құдекеңнiң "қаламыңды тастаған күнi алып кетем" деген сөзi бар. Ауруханада инфаркт болып жатқанымда, сондай үн келдi. Қазiр қолымнан қаламымды тастамаймын. Күн сайын жазып отырам. Жазушылардан ерекшелiгiм де шығар, мен бiр ғана жанрда жазбаймын. Жас ұлғайған сайын проза жазу қиындап кетедi. Проза жүрмесе, сын жазам. Сын болмай қалса, мақала-естелiк жазам. Ол болмаса, аудармамен айналысам. Ол болмаса, зерттеулер жүргiзем, тiптi болмаса кiтаптар оқимын. - Сіз қазақша керемет сөйлейсіз, бірақ шығармалары-ңызды орысша жазасыз. Сонда қазақша ойлап, орысша жазасыз ба, әлде бiрден орысша ойлайсыз ба?  - Менiң тәсiлiм бар. Егер ертең орыс тiлiнде шығарма жазатын болсам, онда жатар алдында Буниндi оқимын. Содан сана-сезiмiм орысша қалыптасады. Қазақша пiкiр, мақала жазу керек болса, Әуезовтi, Аймауытовты оқимын. Таңертең оянған бойда, қазақ тiлiнде емiн-еркiн ойлауға мүмкiндiгiм бар. Ал, немiс тiлiнде хаттарға жауап жазуға, кiтаптарға рецензия жазу керек болса, Томас Маннды парақтаймын, сөздiктердi парақтаймын. Бүкiл ойларымды немiс тiлiне көшiрем.    - Ауыл туралы жазғандарыңыздың көбi сол елден келген адамдардан естiгендерiңiз бойынша жазыла ма?  - Естiгенде де, сол баяғы өзiм көрген ауыл туралы түйсiгiм ғой. Ауылды тәуiр бiлем. Менiң негiзгi тiрегiм де - ауыл. Ылғи айтып та жүрем. Менi адам қылған әке-шешем, қазақтың ауылы, сосын кiтап. Менiң үш тұғырым осы. Сол кездегi ауылды бiлем. Менiң ауылым ғана емес, достарымның ауылын да жақсы бiлем. Ол ауылдардың қандай жағдайға түскенiн де бiлем. Менiң де ауылға деген құштарлығым, махаббатым - осы "Ауыл" дейтiн эссемде айтылады.   - Байлар түгел кейде ел ағалары мен шенеуініктердің биік мінбелерде орысша сөйлеп тұрғанын көреміз. - Ия, депутаттарды қарасаңыз да, президенттің маңайында жүргендерді қарасаңыз да бәрі де жиналыстарда орыс тілінде сөйлейді. Соған жұрт қарайды да, «Е, осы қазақ тілінің болашақта қажеті жоқ шығар» деп ойлайды. Қызметте үлкен жетістікке жету үшін, бизнесте табыс табу үшін қазақ тілінің қажеті шамалы екен ғой, орыс тілін білсең, ағылшын тілін білсең жарайды екен ғой деп ойлайды. Тіпті ел басшысының өзі де шетелге іс-сапарымен барған кезде орысша сөйлеп тұрады. Қазақстанның Президенті бола отырып, мемлекеттік тілде емес орысша сөйлеп тұрғанын көргенде таң қаласың. -Үш тілдік тұғыр дегенге қалай қарайсыз?-Қарсымын! Әрине қазақтар орыс тілін, ағылшын тілін білгені жөн. Дегенмен, бізде мемлекеттік тілдің тағдыры алаңдатып отырған кезде, үш тілдік тұғыр деген мәселе қазақ тілінің дамуына кедергі келтіреді. Ана тілін үйренгісі келмей жүрген шала қазақтарға бұл үлкен сылтау болады. Оған әлі ертелеу. - «Қазақстандық» ұлт дегенге қалай қарайсыз?-Қарсымын. Мен өзімнің төл құжатыма қазақстандықпын деп жаздыртпаймын. Географиям бойынша мен қазақстандықпын. Бірақ менің ұлтым неміс. Неміс болып тудым, неміс болып өлемін. Қазақтарға да айтарым сол. «Қазақпын» деген сөз «Қазақстандықпын» деген сөзден әлде-қайда жоғары. Сондықтан қазақтар «Мен қазақпын!» деген сөзді мақтанышпен айтуы керек! -Қазақтың ұлттық өнеріне деген көз-қарасыңыз қандай?- Өте жоғары. Әсіресе қазақтың күйін ұнатамын. Анау Құрманғазының, Динаның, Тәттімбеттің күйлерін қызыға тыңдаймын. Төкпе күйлер менің темпераментіме көбірек келіңкірейді. Мен неміспін ғой. Күнде түс кезінде радиодан қазақтың күйлерін жібереді. Соны жібермей тыңдап, бір ләззәт алып қаламын. Қай күйдің қашан шыққанын, қалай пайда болғанын маған кезінде Ақселеудің өзі айтып берген болатын. Сонымен қоса шежірені оқимын. Өте қазаққа керек нәрсе. Әр қазақ өзінің үрім-бұтағын білуі керек. Әлгі «жеті атаңды білу» деген шарт қандай керемет. Жеті атасына дейін аралықтағы жақын адамдар біріне-бірі үйленбейді. Қазақтар өзінің осы қасиетімен қанының тазалығын сақтап отыр емес пе? Алдымен сол үшін керек. Шыңғыс Айтматов, жазушы: - Герольд Бельгер-қазақ әдебиетіндегі теңдессіз құбылыс. Нағыз қазақ кім? – Өзге ұлт өкілдерінің арасында нағыз қазақ деп Герольд Бельгер мен Асылы Османды ерекше атап өтер едім. Олар қазақ үшін шыр-пыр болып, отқа да, суға да түсіп жүр. Нағыз қазақ деуге лайық, тіпті, қазақша сөйлегенде, кейбір қазақтардың өзінен асып түсетін бұл екеуін мен ерекше құрметтеймін. Темірхан МЕДЕТБЕК, ақын – Қазақтың жоғын жоқтап жүрген өзге ұлт өкілдерінен А.Осман, Г.Бельгер, Н.Нәдіровті айтар едім. А.Осман қазақтың тіліне жанашырлық танытып, үнемі тілдің қолданыс аясын кеңейтуді көтеріп жүрсе, Г.Бельгер қазақтың әдебиеті мен мәдениетін насихаттап жүр. Қазақтың тілін, жазушыларының шығармаларын шет мемлекеттерге танытуда. Ал Нәдір Нәдіров болса мұнай саласы, жалпы, ғылым саласындағы қазақшылықты көтеруге тырысуда. Совет-Хан ҒАББАСОВ, педагогика ғылымының докторы, профессор Әшірбек СЫҒАЙ, қоғам қайраткері:– Г.Бельгердің ауыз-екі тілде жүйрік сөйлеуі, шешендігі өз алдына, оны қазақтың шығармаларын, әдебиетін, мәдениетін өзге елдерге танытып жүрген ірі қайраткер деуге болады. Қазақстандағы әдебиеттің ішінде бір әрпін қалдырмай оқитын адамдарым бар. Соның бірі-Герольд Бельгер. Ол кісіні азамат, жазушы, аудармашы, ірі ғалым ретінде қатты құрметтеймін. Білімі - ұшан-теңіз, көрген де, түйгені де мол. Ол қазақ әдебиетінің шын жанашыры, жанкүйері. Ол-құбылыс.Осындай құбылыс әдебиетте жоқ. Әмірхан Меңдеке, сыншы Герольд Бельгер басқа ұлттың өкілі болса да, қазақ тілін көп қазақтан жақсы біледі. Мысалы, билік басындағы қазақтардың 80 пайызы қазақша білмейді ғой, ауызекі бір-екі сөйлемнен арыға аса алмайды. Солармен салыстырғанда, Бельгердің өзіндік орны бар. Мұхтар Шаханов, ақын - Герольд Бельгер ағамыз бен Асылы Османды атар едім. Негізі, мен өзге ұлт өкілдерімен жиі кездесіп қаламын. Қарапайым адамдар болғаннан кейін, оларды танымаймын, бірақ олардың қазақ тіліне деген құрметі ерекше екендігін байқап қаламын. Тіпті менің өзім қазақша кейде дұрыс сөйлемей қойсам, мені де жерден алып, жерге салады. Қазақша дұрыс сөйлеуімді талап етеді. Осындай қарапайым халық арасында жүріп, тілге құрмет көрсетіп отырған өзге ұлттың адамдарына қолдау көрсету керек деп есептеймін. Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы Жұлдыз Әбділдә, журналистГерольд Бельгерді кез келген мәселеге орнықты пікірі, өзіндік принципі бар, сауатты, білімді азамат ретінде танимын. Шебер эссеист, қазақша көп қазақтан артық біледі десем, дауласа қоймассыз. Г.Бельгер күнделіктерінен ... Мен екінші сыныптан бастап қазақ тілінде күнделік жаздым. 8 - сыныпта оқып жүргенде,қызарып-сұрланып отырып өлең жаздым. Табиғатымнан ақын болып жаратылмағанымды 1-курста оқып жүргенде білдім. Күнделіктерім, қазақша жазған өлеңдерім 35 дәптерді құрайды. Менде ештеңе жоғалмайды. Бұл неміске тән қасиетім. Жақында Президент мұражайымен шарт жасадым. Шарт бойынша, мен өлген соң жетпіс жыл бойы әдеби мұрамның бәрі мемлекеттің бақылауына және иелігіне өтеді. Мені іздеген адам Президент мұражайынан табады. Одан бөлек, мен туралы жазылған дүниелердің бәрін айы-күні, жылына дейін көрсетілген библиографиялық қойын кітапшам да бар. Мен жөнінде 500-дей мақала жазылды, кандидаттық диссертация қорғалды.  11.05.2001ж.Баққожамен жолықтым. Жол-жөнекей әңгімеден түсінгенім, күнделіктерімдегі тәуелсіздік жөнінде айтылған пікірлерім оның ойынан шықпаған құсайды. Шықпаса қайтемін, пойыз жүріп кетті, енді кеш: күнделікті өткен шақпен қайта жазуға бола ма, олардағы ой-түйіндерді өзгерту де мүмкін емес. Және мен ешқашан олай етпеймін де. Қайта күйсеуді жаратпаймын. 06.07.11ж. Бүгін Нұрекең, Нұрсұлтан Әбішұлының туған күні. Ол 71 жасқа толды. Бір кездегі жалынды комсомол. Қазіргі Елбасы, қазақтың біртуар перзенті. Ұлт мақтанышы. Кейде кейбір істеріне сын айтсам, ол - ағалық наз. 26.07.11ж. Қараңғы. Иттен басқа Шілде зар күйінде. Тыныс алу мұң. Түнге қарай қапырықтан қашып, балконға шығып, ары-бері теңселіп жүремін. Тұңғиық аспанда жұлдыздар жылтыңдайды. Тыныштық. Тас түнек. Сұлтанмахмұттың өлең жолдары есіме түседіЖолдасым жоқ, мен ояу. Ел ұйқыда. Оттар сөнген,- деген.Менде де сол ахуал. Аспанға ұзақ телміріп, қараңғы қапаста айналаға құлақ түремін. Өзімді уақыт көшінен қалып қойып, ешкімге керексіз халде, жападан-жалғыз жүзіп бара жатқандай сезінемін. Сұмдық жабығу, қорқынышты күйзеліс. 01.08.11ж. Осы күндері Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығы барлық жерде кеңінен аталуда. Онымен көрісіп жүретінбіз, азын-аулақ сөйлескен кездеріміз де болған. Жасырып қайтейін, сол күндерде оның аса ірі, алпауыт ақын екенін сезіне қоймағаныма енді өкінгеннен пайда жоқ. Шығармашылығына дұрыс дендемеген екенмін. Ал, С.Асқар досым болса, Мұқағалидың өлеңдерін үнемі жатқа айтып, базбір тармақтарды баласы Әлішердің ұстарамен тықырлап қырған басына қара сиямен айғыздап жазып қоятыны көз алдымда. Кішкентай Әлішер де Мұқағалидың өлеңдерін жатқа оқитын. Мен арпабай Мұқағалиды қазір де атүсті білетінге ұқсаймын. Бірақ, Мұқағалидың өз тұстастарынан арқан бойы биік екеніне алдақашан көзім жеткен. Мұқағали біздің қатықсыз қара жаяу ортамыздан жарып шыққан дара тұлға. Солай екеніне кештеу көзім жетті, қайтейін. Мұқағали тұрмақ, Абайға шекесінен қарайтындар тумай-ақ қойсын. О, бейшара рекламашы атаққұмарлар-ай! 27.08.11 Қазақта «жақсысы бар, әртүрлісі бар» ақындардың өте көп екені жайлы ойладым. Тіпті, олардың өзім жақсы білетін және жеке көзқарасым бар жүз шақтысының аты-жөндерін атай алар едім. Әйтсе де, қазақ поэзиясының шырқау биігінде тұрған алтауының атын айтайын: Абай, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Ілияс, Қасым, Мұқағали.Қазақта прозашылар кемшін. Бірнеше ондаған прозашының есімін атауға болады (айтпақшы, олардың жиырмаға жуығының шығармасын өліп-өшіп орысшаға аударғанмын). Бірақ, алтауын бөле-жара атайын: Аймауытов, Әуезов, Т.Әлімқұлов, Кекілбаев, Мағауин, Тынымбай.Орыстілді қазақ жазушыларының есімін бөле-жарып атайын: Әнуар, Олжас, Сәтімжан, Қанапиянов, Нақыпов, Жақсылықов. Г.Бельгердің сөз орамдары“Қазақтар “Мен қазақпын!” деген сөзді мақтанышпен айту керек”2) “Үйінде бір кітабы жоқ министрді көрдім”, “Бізде Ертісбаев деген министр бар. Оны Ертісбаев емес, Иртышбаев деу керек” (:))3) “Қазақша мақала жазар кезде Абайды оқимын. Орысша жазар кезде Библияны оқимын. Немісше жазар кезде Гетені оқимын. Қазақша жазар кезде қазақ боламын, орысша жазар кезде орыс, немісше жазар кезде неміс боламын”4) Қазақ тілін  қарабайыр санайтын надандық бұлтын сейілту үшін мынаны еске алу артық болмас: егер бір ғана «Абай жолында» Әуезов 16983 сөз қолданса, ал Шекспир мен Байронның барша лексиконы 15 мың сөзді құрайды. Демек, қазақ әдебиетінің дәмін көрмей жатып, әлемдік әдебиетке қол созудың өзі – ақымақтық. «В моей душе три струны, и казахская струна звучит высоко и чисто. Без этой струны я себя полноценным человеком (по абаевски «толық адам») не чувствую. Во всех перипетиях моей жизни казахи были неизменно моей надежной опорой, защитой, моими заступниками и благодетелями. Всю жизнь я живу и работаю на стыке трех культур, выявляю их общие корни. Стараюсь быть связующим звеном, однако, поддержку, внимание, сочувствие нахожу прежде всего среди казахов. Знаю, кое-кому это не нравится, но это так. И я этим горжусь» Жазушы Герольд Бельгердің еңбекқорлығының бір сыры – уақытты ұтымды пайдалана білу өнерінде жатыр. Өзінің айтуынша, жас кезінде тәулігіне 16 сағаттан жұмыс істеген екен. Қатаң режім сақтайды. Мысалы, бір күнгі жұмыс режімін үшке бөледі: Таңғы 8-ден 12-ге дейін шығармашылық жұмыстарымен ғана айналысады. Түскі сағат 1-ден 5-6-ға дейін аудармамен шұғылданады. Одан соң түнгі 11-ге дейін кітап оқу, күнделік жазу, келген хаттарға жауап беру, т.б. Күнделікті, тіпті, жылдар бойы осылай. Р Е Л А К С А Ц И ЯСіздің алған әсеріңіз.Түйген түйініңіз. «Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепті. Бүгінге олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елінің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді әр уақытта. Осылай елдігіміздің ертеңі ошақтың ұштағаны секілді «бір халық, бір ел, бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып отыр»-, деп Елбасы айтқандай, «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол» Біз де өзіңді мақтан тұтамыз, қазақтың рухани ұлы, қайраткер-қаламгері, Гераға! Назарларыңызға рақмет!