Биология білгірі сыныптан тыс ж?мыс


Тақырыбы: Биология білгіріМақсаты: Оқушылардың биология пәні бойынша білім деңгейлерін байқау, сыни ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттырып, оларды ізденуге, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.
Сайыс жоспары:
Қызықты сұрақтар
Шығармашылық жұмыс
«Өсімдіктерге байланысты метафорлық теңеулер»
«Ең, ең, ең...»
«Не жетпейді?»
Тарихын білесің бе?
Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді:
1-топ: «Бәйшешек»2-топ: «Қызғалдақ»
Сендердің есте сақтау қабілеттеріңізді байқау мақсатында «Суретті тренинг» өткізіп көрелік. Алдарыңызға әртүрлі 16 сурет көрсетіледі. 3 минут бойына қарап алған суреттеріңізді 2 минутта қағазға жазып шығу керек.
І кезең «Қызықты сұрақтар»
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
1-топтың сұрақтары:
Ең ірі жемісті атаңыз (асқабақ)
Жапырағы түгел тікенекке айналып кеткен өсімдік (кактус)
«Шөл кемесі» атанған жануар (түйе)
Діні ең жуан ағаш (баобаб)
Ең алып құс. (Түйеқұс)
Ең биік ағаш (Пальма)
Қағаз қандай өсімдіктен жасайды? (шырша, көктерек)
Ағаштың жасын қалай анықтауға болады? (жылдық сақина)
Жыртқыш өсімдік (шыбынжұт)
Ең тез өсетін өсімдік. (Бамбук)
2-топтың сұрақтары:
Қызғалдақтың отаны атанған ел (Қазақстан)
Алма,шие,өрік қай тұқымдасқа жатады? (раушангүл тұқымдасы)
Мәңгі жасыл өсімдік (шырша)
Қазақша жыл қайырудағы бірініші тұрған жануар (тышқан)
Орман тазалықшысы атанған құс (тоқылдақ)
Көбею жолдары (жыныссыз, жынысты)
Өсімдіктің көбею мүшесі (гүл)
Ұлғайтқыш құрал (микроскоп)
Өсімдіктің жер асты мүшесі (тамыр)
Өсімдіктің өсімді мүшесі (жапырақ)
II.Шығармашылық жұмыс
Екі топқа берілген сурет бойынша тақырып қойып, қорғау.
ІІІ. «Өсімдіктерге байланысты метафорлық теңеулер»
Мақта Алтын дән
Бидай Шөл аруы
Күріш Сыр маржан
Жүгері Көктем гүлі
Қызғалдақ Ақ алтын
Бәйшешек Екінші нан
Емен Дала аруы
Кактус Шипалы бұта
Жүзім Оңтүстік перзенті
Картоп Түн аруы
Итмұрын Солтүстік жібегі
Зығыр Ағаштар патшасы
IV.«Ең, ең, ең...»
Берілген суреттерді сәйкестендіріп қой.
Ең кішкентай құс-колибри
Ең ірі гүл-арнальди Рафлезия
Ең суыққа төзімді құс-птнгвин
Ең ірі ескек аяқты сүтқоректі-морж
Ең жүйрік сүтқоректі-гепард
Ең қысқа өсімдік-балықот
Ең ірі құс-түйеқұс
Ең ірі құрлықтағы сүтқоректі-піл
Ең ұзын жануар-керік
Ең ірі су жануары-кит
Ең жылдам өсетін өсімдік-бамбук
Ең ірі тұяқты жануар-бегемот
Ең ірі аю-поляр аюы
Ең ірі кеміргіш-су шошқасы
V.«Не жетпейді?»
1-топ:
Гүлдің құрылысы
Аналық, аталық, күлте жапырақша, гүлтабан, гүлсағақ, ....(тостағанша)
Микроскоптың құрылысы
Окуляр, бұранда, көру түтігі, обьектив, заттық үстелше, тұтқа, табан, ...(айна)
2-топ:
Өсімдіктің негізгі мүшелері
Тамыр, жапырақ, сабақ, гүл, .... (жеміс)
Тірі табиғаттың жіктелуі
Вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жануарлар, ....(саңырауқұлақтар)
ҮІ. Тарихын білесің бе?
Берілген өсімдіктердің сипаттамасы бойынша атауын табу
1-топ:
Отаны-Оңтүстік Америка. Оның қолдан өсіріле бастаған алғашқы жері-Чили мен Перу. Оны Чилиден испандықтар 1536 жылы Еуропаға алып келіп, әуелі Испанияның өзінде өсірген. Кейіннен ол Испаниядан Италияға, Голландияға, Англияға және басқа елдерге тараған көрінеді.
Перуліктер оны папа деп атаған, папаның күнге кептірілгенін чуньо деп атаған. Жерден қазып алынған папаны дағ кептірілген чуньоны да перуандықтар суға қайнатып немесе отқа көміп пісіріп жейтін болған. Француздар оны жер алмасы деп, итальяндар әуелі тартуфоль деп атаған. Ресейге тарауына І Петрдің еңбегі зор. (картоп)
2-топ:
Сіңірген күн жарығын,
Аумайтұғын сары күн.
Эфир майы бар онда,
Дәрі дейді қабығын.
Қабығын да аршыдым
Дәмі қандай бал шырын
Екінші аты бар оның
«Алмасы қытай халқының» (апельсин)
Қорытындылау. Жеңімпаздарды марапаттау.
Білім шыңына шалдықпай қанат қаға беріңдер!