Буын та?ырыбында тіл дамытудан ?ткізілген саба?. 1-сынып.


Тіл дамыту
Тақырыбы: Буын
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларға буын және оның түрлері жайында жалпы мағлұмат бере отырып, буын түрлерін меңгерту.2. Тәрбиелік: оқушыларды еңбекке, ізгілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ. Ой қозғау сәті.
Білемін Білгім келеді Үйрендім.
Ереже қорыту: Оқушыларға осы кестеге сәйкес мұғалімнің көмегімен анықтаманы өздеріне шығартқызуАшық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыстыдан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз: а-ға, ба-ла, қа-ла т. б. Ашық буынның ішіндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз: а-дам, а-та.2. Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз: ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант, т. б.Тұйық буынға жалаң буын қосатын болсаң, онда буын жігі өзгереді: өрт+і-өр-ті, оқ+ы-о-ғы, еп+і-е-бі, ек+ін-е-гін т. б.3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды бітеу буын дейміз: тал, төрт, бар, жаз, кел, кең, қант, т. б.Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді. Ашық буынның өз алдына сөз болуы өте сирек.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
Кеспе әріптерден буын құрау
Кеспе буындардан сөз құрау
Буын түрін ажырату.
ІҮ.Қорытындылау.
Ү.Мадақтау