Тіл білгірі та?ырыбында?ы сыныптан тыс ж?мыс 10-11-сынып


Начало формы
Конец формы
Тақырыбы: "Тіл білгірі" сайысыСабақтың мақсаты:Оқушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар, қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.Сабақтың түрі: сайыс сабағы.Көрнекілігі: интерактивті тақта.Сабақтың ұраны:Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.Қай елде жүрсең де бұл дұрысы -Мемлекеттік тілді білген жөн болар.Мұғалімнің кіріспе сөзі:- Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! Бүгінгі "Тіл білгірі" сайыс сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жинақтаған білімдерін ортаға салып, білімімізді бекітеміз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - мемлекеттік тілімізге құрметпен қарап, қызығушылықтарыңды арттыру.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
 
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.
 
 «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан да бүгінгі «Білімділер» сайысына қош келіпсіздер! Бүгінгі сайысымыз 9 кезеңнен тұрады, олар:1. "Зымыран сұрақтар" (қазақ тілі пәні бойынша)2. "Жеті жұрттың тілін біл"
3.
4. 5. "Ойлы болсаң, озып көр"(әдебиет пәні бойынша)6. Жұмбақ сандық7. "Жүйрік болсаң, шауып көр"8. "Тапқыр болсаң, тауып көр"9. "Мықты болсаң, тауып көр"Сайысқа 5 сыныптар арасынан 10 оқушы қатысады."Сайысымыздың бет ашарын бастайық,Көрерменді бір серпілтіп тастайық.Таныстырсын сайыскерлер өздерін,Өнеріне ду қол соғып қостайық",- деп, кезекті сайысқа қатысушы оқушыларға берейік.I кезең: "Зымыран сұрақтар" кезеңі (қазақ тілі пәні бойынша)Мықты болсаң - алдағыны басып оз.Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт.
Қазақ тілі пәні бойынша берілетін сұрақтарға дұрыс және жылдам жауап беру. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Сұраққа бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді. Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда қолын екінші болып көтерген ойыншы жауап береді.Осы кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығарылады.1. Батыр сөзінің синонимін ата? (ержүрек, батыл, жаужүрек)2. «Ақ киізге көтерді» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (хан сайлады)3. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)4. Ұзын сөзінің антонимі? (қысқа)5. Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер (көне сөздер)6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)7. Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)8. «Жаны зәр түбіне жету» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)9. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антоним)10. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)11. Атын тура айтуға болмайтын сөз (табу)12. Тіліміздегі сөздердің жиынтығы (лексика)13. Басқа тілден енген сөздер (кірме)14. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер (диалект)15. Дөрекі, әдепсіз сөздер (дисфемизм)16. Белгілі бір кәсіпке айтылатын сөздердің түрі (кәсіби сөздер)17. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)18. Мақалды жалғастыр: Тіл тас жарады,....19. Дулыға, сауыт сөздері қандай сөздер?(көнерген сөздер)20. Ойды әдепті, сыпайы етіп жеткізу (эвфемизм)ІІ кезең: "Жеті жұрттың тілін біл"Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл – деп кезекті сайысымыздың шарттарымен таныстырайын.Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендерге жұмбақтаржасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Ұпайы аз оқушыдан бастайық. Барлықтарыңа табыс тілеймін!1. Қабат – қабат қаптамаАқылың болса аттама. (кітап – книга)2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух)3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды,Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык )4. Әй, керемет бір ит барҮй бағады үрмейді.Аяғы жоқ жүрмейді.Рұқсатсыз ол иттенЕшкім үйге кірмейді. (құлып – замок )5. Бір үйге көзсіз боп кіресің,Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа)6. Қалқиып ұзын құлағыЕлеңдеп қорқып тұрады(Қоян - заяц)7. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз - слова)8. Мұрты бар, иегінде сақалы жок,Тоны бар, киетін шапаны жок,Пайдасы үй ішінен табылған соң,Далаға кіріп шығар сапары жоқ.(Мысық - кот /9. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы )10. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце)
11.Темір тілді,күміс үнді. (қоңырау-звонок) 12.Мамықтай ұлпа,қанттай ақ. Қыста жер бетін басады, Жазда сайға қашады. Немесе- қаста келген,көктемде еріген (қар-снег) 13.Қаласы бар,үйі жоқ. Өзеңі бар,суы жоқ. Орманы бар,бүрі жоқ. Бақшасы бар,гүлі жоқ. ( карта-карта) 14. Түк білмей барасың, Тәлім аласың. Есейіп кетсең де, Қарыз болып қаласың. ( мектеп-школа)
ІІІ тур «Алты жұмбақ»(Оқушылар берілген үзіндінің қай шығармадан екенін анықтап, қандай салт –дәстүрдің бар екенін анықтауы керек.)- Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенжекейің тоғызыншы ұлымдікі болсын, - деп бай тоғыз қызға қандай салт-дәстүрдің түрін жасап келіпті? (Қай шығармадан алынған? Қандай дәстүр бар?) (“Ер Төстік”ертегісі, құда түсу)- Мен айыптымын, менен бір қателік болды, шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп – мына уәзірлер. Бұлар енді я саған, я маған бір қатер қылар. Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш деп, - хан өзінің досына разы болып, бірнеше түйеге асыл заттар арттырып, мал беріп, досын Ақша ханның еліне көшіріп салады.(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) («Аяз би» ертегісі, енші беру).- Алтынмен ішін безеген,Сырты күміс ақ отауКелістіріп түзегенАрттыруға сайланды.Қырық түйе қазына ,Қырық құл мен қырық күң,Қосып берді қызына.(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Ер Төстік» ертегісі, жасау беру.Өлім деген тәңірі иесі,Желіккен құлан әңгісі.Құлан мен тұлпар желіккен,Жосыған құлан желіккен,Балаңды шайнап өлтіріп,Жұлмалап жалмап кетіпті.(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Ақсақ құлан Жошы хан» аңызы, естірту,ІҮ тур “Жекпе жек”(Әр топтың жетекшілері шығып берілген «қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрайды.)(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқын т.б.)
Начало формы

Конец формы
ызықты қазақ тілі әлемі (интеллектуалды сайыс)
Gulnar Jandibaeva17 ақпан 2012
26871
0
0
Тақырыбы: «Қызықты қазақ тілі әлемі» (интеллектуалды сайыс)Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.Әдісі: сайыс сабақКөрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар.Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, шет тілі, өнер,халық педагогикасы.Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.2) Әділқазылар алқасын сайлау.3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.4) Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу.І топтың аты - «Тұлпар», ұраны «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», таңбасы - аттың суреті.ІІ топтың аты - «Домбыра», ұраны «Бабамның үні, бабамның тілі - домбыра», таңбасы - домбыра суреті.І тур «Бәйге»(Оқушылар қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде тез жауап беруі тиіс.)І топ «Тұлпар» тобына сұрақтар1. «Термин» қай тілдің сөзі (латын тілі)2. Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады? (табу)3. Сөз мағынасын не зерттейді? (лексика)4. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз. (тұрақты тіркес)5. Тілдің ең кіші бөлшегі не? (дыбыс)6. Жалғаудың түрлерін ата. (көптік, тәуелдік, септік, жіктік)7. Неше септік жалғауы бар? (7)8. «Ақ киізге көтерді» мағынасы не? (хан сайлады)9. Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі)10. Дыбысты немен таңбалайды? (әріп)11. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (әліпби)12. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? (42)13. «Ерінбесең - емерсің» тақырыбы не? (еңбек ету)14. Қосарлы дыбыстардың саны нешеу? (3)15. «Әліпби» сөзі қай тілден енген? (араб тілі)16. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)17. Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді? (ашық, қысың)18. Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата. (қатаң, ұяң, үнді)19. Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз қалай аталады? (ұяң)20.Дауыссыздар ненің қатысына қарай 3-ке бөлінеді? (салдыр мен үн)ІІ топ «Домбыра» тобына сұрақтар1.Екпін түрі нешеу? (4)2.Үндестік заңы нешеу? (2)3.Қосымшаны тіл білімінің қай саласы зерттейді? (морфология)4.«Лексика» сөзі қай тілден енген (латын тілінен)5.Тыныс белгісін не зерттейді? (пунктуация)6.Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)7.Пәлеқор сөзі буын үндестігіне бағына ма? (жоқ)8.Көзқарас қандай сөз? (біріккен)9.Дыбыс үндестігінің түрлерін ата. (ілгерінді, кейінді)10.Орфография нені зерттейді? (дұрыс жазылуын)11.«Жаны зәр түбіне жету» мағынасы не? (қорқу)12.«Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» тақырыбы не? (дос)13.Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (еріндік, езулік)14.Дауыстылардың саны қанша? (12)15.Әліпбидегі 10-шы дыбыс қандай дыбыс? (Ж)16.Сөз таптары нешеу? (тоғыз)17.Қосымша нешеу? (екеу)18.Жұрнақтың түрлерін ата. (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші)19.Зат есімнің мағыналық түрлерін ата. (деректі, дерексіз, жалпы, жалқы)20.Сын есімнің шырайларын ата. ( салыстырмалы, асырмалы)І турдың қорытындысын тыңдау.ІІ тур “Полиглот”(Тиісті сөзді қойып, бірнеше тілде айту.)1. ...қылды қақ жарған. (қара,2. Атадан жақсы ұл туса,Есіктегі басын төрге сүйрер.Атадан ... ұл туса,Төрдегі басын жерге сүйрер. (жаман,3. Ел қонбаса - ... азады,Жер болмаса – ер азады. (жер,4.... ала болса, ауыздағы кетеді,Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (алтау,5. ... тас жарады,Тас жармаса, бас жарады. (тіл,6. ... көпті жау алмайды,Ақылы көпті дау алмайды.(досы,7. ... өссе елдің көркі,Гүл өссе жердің көркі.(қыз,8. ... таумен кездеспейді,Адам адаммен кездеседі. (тау,9. Қына тасқа бітеді,... басқа бітеді.(білім,10. ... сүйектен өтеді,Таяқ еттен өтеді. (сөз,ІІ турдың қорытындысын тыңдау.ІІІ тур «Көрерменнен көрімдік»(Топ ойыншылары қима қағаздағы сөздерді алып қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді.)АтДулығаСандықТойЖолСәбиТуКиіз үйЖұлдызТелефонКітапКөгершінБалмұздақБоранІІІ турдың қорытындысын тыңдау.ІҮ тур «Өтірік өлеңдер»(Топ оқушылары белгілі уақытпен ойларынан өтірік өлеңдер шығаруы тиіс.)ІҮ турдың қорытындысын тыңдау.Ү тур «Алты жұмбақ»(Оқушылар берілген үзіндінің қай шығармадан екенін анықтап, қандай салт –дәстүрдің бар екенін анықтауы керек.)- Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенжекейің тоғызыншы ұлымдікі болсын, - деп бай тоғыз қызға қандай салт-дәстүрдің түрін жасап келіпті? (Қай шығармадан алынған? Қандай дәстүр бар?) (“Ер Төстік”ертегісі, құда түсу)- Мен айыптымын, менен бір қателік болды, шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп – мына уәзірлер. Бұлар енді я саған, я маған бір қатер қылар. Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш деп, - хан өзінің досына разы болып, бірнеше түйеге асыл заттар арттырып, мал беріп, досын Ақша ханның еліне көшіріп салады.(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) («Аяз би» ертегісі, енші беру).- Алтынмен ішін безеген,Сырты күміс ақ отауКелістіріп түзегенАрттыруға сайланды.Қырық түйе қазына ,Қырық құл мен қырық күң,Қосып берді қызына.(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Ер Төстік» ертегісі, жасау беру.Балаға таңсық болып жүрген байғұс,Үйіне алып келіп қылды тойды.Туғандай тумаса да қылайын деп,Кім деп ол баланың несін қойды?(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Алпамыс батыр»жыры, азан шақырып ат қою, шілдехана жасау, бауырына салу.Көтібар қызды қосты ӘлібеккеАтақты өзі батыр асыл текке.Жүз-жүзден кілем, тон, ішік қылып,Арттырды елу нарды әділетке.(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Айман-Шолпан» жыры, киіт кигізу, жасау беру, үйлендіру.Балталы , Бағаналы ел, аман бол!Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол!(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры, қоштасу.Өлім деген тәңірі иесі,Желіккен құлан әңгісі.Құлан мен тұлпар желіккен,Жосыған құлан желіккен,Балаңды шайнап өлтіріп,Жұлмалап жалмап кетіпті.(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Ақсақ құлан Жошы хан» аңызы, естірту,Ү турдың қорытындысын тыңдау.ҮІ тур “Тест”(Екі топ жетекшісі А мен В әрпінен қалағанын таңдайды. А әрпін таңдаған топ –сын есім, В әрпін таңдаған топ –сан есім қатысқан мақал-мәтелдер айтады. Дайындыққа 1 минут)ҮІ турдың қорытындысын тыңдау.ҮІІ тур “Жекпе жек”(Әр топтың жетекшілері шығып берілген «қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрайды.)(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқын т.б.)Жалпы барлық турдың қорытындысын тыңдау.Қорытынды:Оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері арқылы сайыс тапсырмаларына нақты жауапты ойлылықпен айта білетіндіктері байқалды. Жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдылысы,тіл мәдениетінде нақты жауап беру ұшқырлығы сыналды. Бірін - бірі тыңдай біліп, бағалай білетіндіктері де байқалды. Оқушылар қазақтың ұлттық салт-дәстүрін қадір тұтып, адамгершілік қасиеттерге ие болды. Жеңімпаз топ анықталып мектеп әкімшілігінен мақтау қағазы тапсырылды. Жеке оқушыларға да аты аталып, мақтау қағазы тапсырылды.
Кері қайту
Ілмек сөздер: қызықты, қазақ, тілі, интеллектуалды, сайыс
3-кезең «Полиглот». Қалған сайыскерге жұмбақ ұсынылады. Әр тілге 10 ұпайдан,жиыны-20 ұпай беріледі. Ең бай адам-көп тілді еркін меңгерген адам. Ал көп тілде еркін сөйлейтін адамды- ғылым тілімен «полиглот» дейміз.Елбасының талабы бойынша,біздің мемлекетімізге көп тілді білетін мамандар керек. Сендердің араларында полиглоттар бар деп ойлаймын.Оны тексеру үшін сендерге жұмбақ жасырамын,сендер жауабын табасыңдар.Оны қазақ және орыс тілдеріне аударыңдар. 1.Темір тілді,күміс үнді. (қоңырау-звонок) 2.Мамықтай ұлпа,қанттай ақ. Қыста жер бетін басады, Жазда сайға қашады. Немесе- қаста келген,көктемде еріген (қар-снег) 3.Қаласы бар,үйі жоқ. Өзеңі бар,суы жоқ. Орманы бар,бүрі жоқ. Бақшасы бар,гүлі жоқ. ( карта-карта) 4.Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса аттама! Немесе- Көп әңгімем,өлеңім, Күнде ақыл беремін. Жақсы көрсе мені кім, Соған тиер көмегім. ( кітап-книга) 5.Түк білмей барасың, Тәлім аласың. Есейіп кетсең де, Қарыз болып қаласың. ( мектеп-школа) 6.Суға батпайды,отқа жанбайды. ( мұз-лед) 7.Табаныма байладым,қос таяқпен айдадым ( шаңғы-лыжи) 8.Оқушыға күнде еріп жүретін не? ( күнделік-дневник) 4-кезең. «Қазақстандықтар» сөзінен сөз құрулары қажет,ең аз сөз құрған сайыскер ойыннан шығады. Ойын 10 ұпаймен есептеледі. 5-кезең Қалған ойыншы өздері таңдап алған тақырыптар бойынша 5-6 сөйлемнен тақырыптық әңгіме құрайды. Ұсынылған тақырыптар: 1.Менің отбасым; 2.Менің досым; 3.Менің мектебім; 4.Менің күн тәртбім; 5.Менің ауылым; 6.Қыста.