Интеллектуальная игра для 7 класса ?аза? тіліні? білгірі


Қазақ тілінің білгірі
(5,6,7,8,10 сынып оқушылары арасында) Орындаған: Карина З.С.
2013-2014 оқу жылыМақсаты: 1) оқушылардың қазақ тілі пәнінен  білімдік деңгейлерін байқау, саралау; 2)оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу;
3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;(бұл сыныптан тыс іс-шара 5,6,7,8,10 сыныптар арасында ұйымдастырылды.Әр сыныптан 1 оқушыдан  қатыстырылды.)
-Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардыңЖауыз тағдыр жойды бәрін не бардың…Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!-
деп Мағжан ақын жырлағандай,  құрметті ұстаздар мен оқушылар апталығымыздың бүгінгі күні оқушылармен өткізілетін «Қазақ тілінің білгірі» атты тіл сайысымызға қош келдіңіздер!- Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін.           
  -   Ана тілі  қазағымның қаймағы,                     Тілің сенің өміріңнің айғағы.                     Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,                     Әр сыныптың білгірлері шығады.
-Бүгінгі біздің сайысымыз 3 бөлімнен тұрады:
1.Танысайық.2.Сұрақ-жауап.3. Полиглот.
I бөлім.Таныстыру.Оқушылар қазақша өздері туралы айтады.
1-кезеңнің бағалау уақыты келді.Сөз әділ қазыларға береміз.
IІ бөлім. Сұрақ-жауап:1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)2. Дауысты дыбыстарды ата. 3. Қазір жылдың қай мезгілі? 4.Бір айда неше апта бар? 5.Бір тәулікте неше сағат бар? 6.Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? 7.Жіңішке дауыстыларды ата. 8.Сен нешінші сыныпта оқисың? 9.Қабырғада не ілулі тұр ? 10.Сыныпта неше үстел ,парта,орындық бар?
2-оқушыға сұрақтар:1. Ата Заң қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)2. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсанда)3. «Алтын адам» қайдан табылған ?(Есік обасынан (курган)) 4.Сен қай қалада тұрасың? 5.Қалада қандай өзен, көлдер бар? 6.Қазақтың ұлттық тағамдарын ата. 7.Күз айлары қай айлар? 8.Біздің мектеп неше қабатты? 9.Сен неше жастасың? 10.Мектепке балалар қай айда барады?
3-оқушыға сұрақтар: 1.Бір жылда неше мезгіл бар? 2.Қыс айлары қай айлар? 4.Күз айлары қай айлар? 5.Сен неше жастасың? 6.Бір жылда неше ай бар? 7.Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу? 8.ҚР астанасы қай қала? 9.Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? 10.Сендерде ертең неше сабақ болады?
4-оқушыға сұрақтар:
1.Үй жануарларын ата. 2.Ұлттық ойындарды ата. 3.Сенің жасың нешеде? 4.Бір жылда неше мезгіл бар? 5.ҚР рәміздерін ата. 6.Абай Құнанбаев кім? 7. Сен нешінші сыныпта оқисың? 8.Қазір жылдың қай мезгілі? 9.Біздің мектеп неше қабатты? 10.Сыныпта неше терезе бар?            5-оқушыға сұрақтар:
1.Біздің кітапхана нешінші қабатта? 2.Сенің сынып жетекшің кім? 3.Қазақ тілінде неше әріп бар? 4.Дауысты дыбыс нешеу? 5.ҚР ел басы кім? 6.ҚР туының түсі қандай? 7.Қазақ тілінде неше дыбыс бар? 8.Асханада нелер бар? 9.Жуан дауыстыларды ата. 10.Аптада неше күн бар?
-Қазылар алқасының шешімін тыңдайық .
III бөлім. ”Полиглот”
-Сіздердің алдарыңызға орыс тілінде жұмбақтар мен мақал-мәтелдер таратып бердім.Сіздер бір минуттың ішінде мақал-мәтелдің түсіп қалған сөзін тауып, аудару керек. Жұмбақтың шешуін сайыскерлер шешіп, оны қазақ тіліне аударады.
            
-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті.Келесі сөз кезегін  қазылар алқасына беріп, сайысымыздың жеңімпазын анықтайық.Сөз қазылар алқасына беріледі.
. Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз. -Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.