?аза? ханды?ынаы? 550 жылды?ына арнал?ан тарихи кеш. Сценарий


Әбдікәрім Замзагүл Қонаққызы
Сәтбаев қаласы № 1 мектеп – гимназиясының
тарих пәні мұғалімі
Қазақ хандығынаың 550 жылдығына арналған тарихи кеш.
Мақсаты: Оқушылардың Қазақ хандығы жайлы білімдерін тереңдете отырып, тарихи танымдарын арттыру, тарихи тұлғаларға деген құрмет сезімдерін қалыптастырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
1 жүргізуші: Ассалаумағалейкум асқақты елім,
Мерейлі мерекелі күнің бүгін.
Тарихи кешімізге хош кепсіздер,
Шарықтасын әуелеген әсем әнім.
2 жүргізуші: Биыл елде айтулы жыл ерекше,
Тарих тізген сыннан өттік біз неше.
Хандығымныі 550 жылдығына арналған,
Кешімізді ал, бастайық ендеше.
(Күй ойналады, сахналық көрініс,дауыс сахна сыртынан естіледі)
Талай тепкі көрді қазақ жерінде,
Ынтымақ пен бейбт күн жоқ елінде.
Бытыраған тоз – тоз болған халық бар,
Әбілқайыр билік еткен кезінде.
Әбілқайыр санаспады халқымен,
Озбырлықты тізгіндемей салтымен.
Талқыға сап талай халық тағдырын,
Бей – берекет іс жасады қаһармен.
(, жұтаң халық көрінісі, сахнаға ақсүйектер мен Керей, Жәнібек шығады)
Ақсүйек
басшысы: Біз көтерген бір келелі мәселе,
Тыныштық жоқ мына біздің өңірге.
Хан иеміз соғыстарды үдетіп,
Халықпенен санаспайды ол мүлде.
2 ақсүйек: Иә, иә мұның бәрі растын,
Түр – түрлері көбейді ғой салықтың.
Бұлай болса біздер қайтіп оңамыз,
Кім ойлайды жағдайын халықтың.
3 ақсүйек: Айтып тұрған сөздеріңнің мәні бар,
Берекесіз, бейбіт күнсіз мұңы бар.
Өзімізбен –өзіміз боп бөлініп,
Бір өзгеше ел болсақ деген жайы бар.
Жәнібек: Сөздеріңнің шындығына сенемін,
Мен де осыны көптен ойлап келемін.
Өзімізге ел болатын күн туды,
Жаңа жерде, жайлы қоныс тілерім.
Керей:Біз көнбейміз дәл осындай тозаққа,
Бірігетін күн де туды қазаққа.
Халық бізді қолдайды деп сенемін,
Біз іздесек елге қоныс жырақта.
Жәнібек: Есен –Бұға хан тағына отырды,
Монғол жері шұрайлы кең айтулы.
Аға менен іні болып тартысып,
Одақтасты іздеп жатыр азулы.
Сонда көштің басын бұрсақ қайтеді,
Қолдау тауып ел болайық, ал енді.
Керей: Сөзің дұрыс, көңіліме қонып тұр,
Елді сақтау маған мақсат болып тұр.
Сонда барып, Ұлы жүзбен бірігіп,
Ел болайық көштің басын бұрып тұр.
Сұлтандар: Біз сіздермен біргеміз деп келісті
Біз дайынбыз, бастаңыздар бұл көшті.
Жәнібек: Уа, Кереке батаңызды беріңіз,
Ақ батамен бастайық біз, ал көшті.
Керей бата
береді:Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Көштің басы түзу боп
Әулиелер қолдасын.
Барған жерде жақсылықпен қарсы алсын,
Қиындықта қанаттарың талмасын.
Берекемен бірліктерің мықты боп
Жаңа қоныс, жасыр жайлаужайлансын.
Іргелерің сөгілмесін мәңгілік
Бірлікпенен, бостандықтың мәнін ұқ.
Аппақ асу жол болсын,
Қыдыр ата қолдасын! Әумин!
(буынып түйінген, көшкен ел көрінеді, сахна сыртындағы дауыс)
200 мың адам саны жиылды,
Ұлы көштің тұсауы да қиылды.
Керей менен Жәнібектер бастаған,
Алға жүрді Жетісуді бетке алып.
Он бесінші ғасырдың да ортасы,
Мекен болған Жетісу мен Қозыбасы.
Ұлы елдің, ұлттық туы тігіліп,
Қазағымның қаланды іргетасы.
Керей, Жәнібек болсадағы хан тағына құқылы,
Халқымыздың бар емеспе үлкен сыйлар өз заңы.
Хан тағына жасы үлкен Керей келіп жайғасып,
Ал, Жәнібек жанындағы ақылдасар тірегі.
(ақ киізге салып, Керейді хан сайлауы көрсетіледі)
«Жаса Қазақстан» әні шырқалады.
(сахнаға оқушылар щығады)
1 оқушы: Қазағымда хандарым көп мақтаулы,
Қазағымда заңдарым бар жаттаулы.
Қазағымның тарихы бай мол мұра,
Әр ұрпақтың жүрегінде сақтаулы.
2 оқушы: Тарихымда білгір билер көп болған,
Мемлекеттік маңызды істі атқарған.
Соларменен қабылданып заңдарым,
Ереже мен қатаң тәртіп сақталған.
3 оқушы: Қаймықпаған қазағымның батырлары,
Бар мақсаты - арманы елдің қамы.
Жау қолынан жан тапсырып жатсадағы
Ешкімге таптатпаған өр намысты.
4 оқушы:Талай тұлға тарихтың толқынында
Бәрінің теңдік еді арманыда.
Ата – баба рухымен бізге жеткен,
Бостандықтың баға жетпес құны осында!
4 оқушы: Туған елдің көк туы Тәуелсіздік,
Желбірейді, әрқашан тұрып биік.
Тәуелсіз елде туған өрендерің,
Өр намысты, білімді, рухы биік
5 оқушы: «Мәңгілік ел» мұратым, мақсатымда,
Біз жастармыз сенетін қоғам мына.
Мен бақытты ұланмын ұлтын сүйген,
«Мәңгілік Қазақ елі» тұрағымда!
«Көк тудың желбірегені» әні орындалады