«Ерлікті? ар?ауы, елдікті? бастауы – ?аза? ханды?ы» атты меркелік кеш


Фанфары
1-ж: Құрметті, қонақтар және оқушылар.Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – қазақ хандығы» атты меркелік кешімізге қош келдіңіздер!
2-ж: «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деп президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.
Қазақстан Р.әнұраны орындалады.
1-ж. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын құттықтауға мектеп басшысы Раисов Аргынбек Кукетаевичке сөз беріледі.
1-ж; 2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол ұлан - байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.2-ж: Ата - бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы - бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында.
1 - жүргізуші: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары - Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді.
2-ж;
Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен,
Тағдыры шыншыл аталар.
1 - жүргізуші: Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.
Көрініс. «Сұлтандар кеңесі»
(Музыка ақырындап қосылып тұрады, ақсүйектер тобы сарбаздарымен кіреді)
Ассалаумағалейкум, ағалар. - Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер. Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан - екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?
Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.
Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.
Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?
Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар: - Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.
Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.
Керей:
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат - көлігің арымай,
Отбасыңмен аман - есен табысқын.
Әумин.
1 - жүргізуші: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.
2 жүргізуші:- Ол туралы тарихшыларымыздың айтқандарына құлақ түрсек.
Оқушы Айжан: Мұхаммед бен Уәли былай дейді: «Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде Жошы ханның ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып, отанынан кетіп қалғанды жөн көрді. Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен олар Моғолстанға апаратын жолды таңдап алды.»
Оқушы Мадина: М. Х. Дулати: «Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керей одан Моғолстанға қашып кетті. Есен Бұға оларды шын ықыласпен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу мен Қозыбасы округін берді. Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы бұзылып сала берді. Онда үлкен шатақтар басталды. Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбек - қазақтар деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталады. Бәрін де Алла біледі.» 870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465 - 1466 жылдары.
Оқушы Бекзат: 1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта - үмітін жүзеге асырды.
Оқушы Гүлім: Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды. Оқушы: Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.
Ән: «Қазағым» орындайтын Зиядова Алтын
Ержан: Жәнібек, Керей сұлтандарым бастаған,
Ата-бабам азаттықты аңсаған.
Бөлініп шығып Әбілхайыр елінен,
Дербес елдің құрылуына жол ашқан.
Көшіп барып Моғолстан еліне,
Қоныс теуіп Шу өңірі жерінде.
Қиындықтың бәріне де мойымай,
Туын тікті ҚОЗЫБАСЫ төрінде.
Асар: Мұхаммед Хайдар Дулати бабам
Тарихи Рашиди атты еңбегінде ол жазған.
XV ғасырдың орта шенінде
Міне осылай Қазақ хандығы құрылған.
Әбілхайыр, Моғолстан, Ноғай Орда,Батыс Сібір хандығы, Бөлшектенген төрт хандыққа халқымды,
Сұлтандарым дұрыс саясат ұстанып,
Барлығын да бір ту астына жинады.
Мұратбек: Қарсы тұрып сыртқы жаудың бәріне,
Бұрындық хан үлкен ерлік көрсете,
Жаулап алып Сыр өңірі жерлерін,
Сауда-саттық,мәдениетті көркейте.
Қазақ жұрты Қасым ханның тұсында,
Күшейді ғой саны жетіп миллионға.
Ең алғашқы заң жинағын құрастырып,
Танытты ғой бізді Батыс Еуропаға.
Бекзат: Қазақтар мен қызғыздардың патшасы,
Хақназарым Қасым ханның баласы,
Қиын-қыстау талай күндер өткеріп,
Біріктірді бытыраған хандықты.
Келді міне Тәуекел хан кезеңі
Сыр өңірі қалаларын бағындырған ер еді.
Қарым-қатынас орнатып Ресей елімен
Дана саясаткер қырынан да белгілі.
Әділ: Қазағымды басқарғанда Еңсегей бойлы Ер Есім
Мемлекетті көркейтуде қабылдады батыл-батыл сан шешім. «Есім ханның ескі жолы» заң жинағын шығарып,
Баса білді Қатаған мен Тұрсын ханның бүлігін.
Жүрек жұтқан хан Жәңгірдей қолбасшы
Қазағымда сол шақтары болмады.
600 қолмен қарсы тұрып 50 мың жоңғар қолына,
Ерлігі үшін халқы оны «Салқам Жәңгір» атады.
Ән: «Қазақ осы» Хамит Айжан және Тулеген Мадина
Зере: Бізге тыныш «Алтын ғасыр» заманды,
Ақылгөй басшы Әз-Тәуке хан орнатты.
Төле, Қазыбек, Әйтеке мен бірігіп,
«Жеті жарғы», жаңа заң жүйесін шығарды.
Қара бұлт төніп қазағымның басына,
Жоңғарлар шапты,елімді менің зарлата.
Ауа көшіп,ата-баба жерінен,
Тоз-тоз болып,босқындарға айнала.
Дина: Қазақ елі зор зұлматқа тап болды,
Ұлт ретінде жоқ болуына аз қалды.
Ащы зар мен ауыр мұны елімнің,
Еркіндік пен ерлік рухын шындады.
Ақтабан шұбырынды,
Алқакөлдің сұламаны.
Ұлы қасірет болып,
Мәңгі тарихта хатталды.
Тагир: Абылайлап атой салып шабатын,
Жаудың өзі сескеніп одан қорқатын.
Патшалардың патшасы хан Абылай
Көреген басшы,нағыз дипломат болатын.
Данель: Абылай хан саясаты құбылмалы,
Жоңғар,Қытай,Ресей, үш алыпты.
Олардың бірін шауып,бірін арбап,
Елінің бостандығы,еркіндігі,ойға алғаны.
Атасының ізгі жолын жалғаған,
Патша елімен күресуге бар өмірің арнаған.
Ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі,
Қазағымның соңғы ханы Кене хан.
Ақару: Ірі мәмлегер,саясаткер,қолбасшы
Патша елінің зұлымдығын болжады.
Елін,жұртын бодандықтан құтқару,
Осы міне Кене ханның мақсаты.
Қанша қасірет,қанша қайғы көрседе,
Тайсалмастай қарсы тұрар бәріне.
Сол кездегі батырлардың ерлігі,
Әлі өшпей тұр ғой тарих төрінде.Қазақ биі
1-ж: Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына өзінің арнауын 8 сынып оқушылары Кошеков Бекзат және Тулеген Мадина арнайды.
(Осылар оқып жатқанда күй ақырындап қосылып тұрады)
«Көк тудың желбірегені» әнін орындайтын Аяпбергенов Айбек
1-ж: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Берік болсын еліміздің керегесі.
Тату – тәтті боп халқымыз әрқашан ,
Кетпесін туған жердің берекесі!
2-ж: Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – қазақ хандығы» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Сау болыңыздар!