Информатика п?нінен Файлдар, бумалар ж?не жарлы?тар та?ырыбын жоспарлау


Күні: 25.11.2014 жыл Пәні: Информатика Сыныбы: 5 (бесінші)
Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары жайлы түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларға Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары жайлы түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрете отырып, жұппен жұмыс жасауға үйрету, сонымен бірге өз ойларын еркін айтуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларға Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары жайлы түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрете отырып, пәнге қызығушылығын арттыру, көре және ести отырып көру және есте сақтау қабілеттерін дамыту, компьютермен сауатты жұмыс жасауын қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ (тірек-сызбалар, «Шыңға шығу» ойыны, практикалық тапсырмалар, «Өзіңді тексер!» тесттік жұмыс, «Ой толғаныс»)
Сабақтың әдісі: интерактивті тақта және тірек-сызбалар көмегімен түсіндіру, практикум элементтері бар көрсете баяндау, жұптық және жеке жұмыс
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, бағалау қағаздары
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
4. «Ей, болашақ ұланым!
Болашағы қазағымның,
Сендерсің деп білемін
Балғынды жас болашақ
Мен сендерге сенемін!» өлеңін оқи отырып, оқушылардың
рухын көтеру, сабаққа дайындау.
II. Үй тапсырмасын тексеру: «Шыңға шығу» ойыны көмегімен үй тапсырмасын сұрау. Ойын шарты бойынша жалаушаларда жасырынған сұрақтарға жауап бере отырып, тау шыңына көтерілу. Ойынның сұрақтары:
1. Терезе деген не?
2. Терезелердің түрлерін атаңдар.
3. Пернетақтаның көмегімен терзелердің бірінен екіншісіне қалай ауысуға болады?
4. Айналдыру жолақтары не үшін керек?
5. Пернелердің Alt+F4 тіркесімдерінің қызметі қандай?
6. Терезеде не таңдалғаны туралы қосымша ақпарат қайда көрсетіледі?
7. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
8. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
9. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
10. Терезе неше бөліктен тұрады?
2. «Миға шабуыл» сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
III. Жаңа сабақты түсіндіру:
14478009525Файлдық жүйенің негізгі нысандары00Файлдық жүйенің негізгі нысандары
281559011112500331089013017500126301513970000

424434055880Жарлықтар
00Жарлықтар
85725103505Файлдар
00Файлдар

2151380-5080Бумалар
00Бумалар


3958590-273685Жарлықтар
00Жарлықтар
91059032385001348740-33591500
51206406413500401574064135001948815825500-255270149860Файлдар
00Файлдар

106299012636500
5215890755650037585657556500
910590190500
13487408953500
2571750106680Жұмысшы
бумалар
00Жұмысшы
бумалар
134874012890500
194881561595009493258445500
-24765065405Бумалар
00Бумалар

2581275163830Жүйелік
бумалар
00Жүйелік
бумалар

13874752032000
186372513779500949325-317500
Файлдар

Файл – байттардың әлдебір атауы бар тізбегі.
11658609300210Файлдар
00Файлдар
Windows операциялық жүйесінде файл атының ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін. Файлдың аты екі бөлімнен: сол жақ (аты) және оң жақ (кеңейтілуі) бөлімдерінен тұрады. Файлдың кеңейтілуі оның тұрпатын (мазмұнын) меңзейді.
Файлдың атын жазу үшін мына символдарды қолдануға болмайды: \ / : * > < |.
Бумалар
Бума – объектілер қоймасы.
Бумалардың түрлері:
Жүйелік бумалар. Windows операциялық жүйесін өзі құрып тұтынушыға жұмыс жасауға көмектеседі. Оларды жоюға немесе басқа терезеге алмастыруға болмайды. Олар суреті бар белгішелермен жабдықталады (2-суретте көрсетілгендей).
3015615469900014535159461500

2-сурет. Жүйелік бумалар белгішелерінің үлгісі
Жұмысшы бумалар. Тұтынушылардың өздері құрады. Оларға Windows-де рұқсат етілген амалдардың барлығын қолдануға болады. Олар мынадай белгімен:
23679158699500
жабдықталады. Мұндай бумаларды олардың белгішелерін тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту арқылы ашады.
Жарлықтар
Жарлық – нысанға қол жетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші.
Жарлық программаны тез іске қосуға немесе файл мен буманы ашуға арналған.
Жарлықты басқа файлдардан немесе бумалардан ажырату оңай. Себебі жарлықтың төменгі сол жақ бұрышында сілтеменің суреті салынған (3-сурет).
Қарапайым файлда немесе бумада мұндай сілтеменің суреті жоқ (4-сурет).
4368165742950014344653619500
3-сурет. Ойындар бумасының 4-сурет. Ойындар бумасының
жарлығы үлгісі
Егер негізгі орындалатын файлды жойсақ, онда программа жұмыс істеуін тоқтатады.
Жарлық жойылса программаға ештеңе болмайды. Сендерге тек жаңа жарлық құру немесе прорамманы орындалатын файл арқылы ашу керек болады. Жарлықты кез келген нысан үшін құруға болады.
ЕСТЕРІҢДЕ БОЛСЫН! Егер сендер ақпарат тасығыш құралға, мысалы, флешкаға жарлық көшірсеңдер, онда басқа компьютерде файлдарың ашылмай қалады. Ақпаратты тасымалдау үшін жарлықты емес файлдың өзін көшіру керек.
Бумалардың бұтақталуы (иерархиясы)
Төменде берілген суерттегі (5-сурет) терезенің сол жақ бөлігінде көргендеріңдей, бумалар бірінің ішіне бірі кіруі мүмкін. Ақпаратты сақтаудың мұндай құрылымы бұтақталуы (иерархия) деп аталады.
3390905842000
5-сурет. Бумалардың бұтақталуының көрінісі
Бұтақталған файлдық құрылымнан файлды табу үшін осы файлға дейінгі жолды көрсету керек.
Файлдың атымен бірге жазылған файлға дейінгі жол файлдың толық аты деп аталады.
ІҮ. Жаңа түсінікті тексеру: Жұптық жұмыс. Практикалық тапсырма.
1. Практикалық тапсырманы компьютерде орындаңдар.
1. Жұмыс үстеліндегі Құжаттар (Документы) бумасын ашыңдар.
2. Ашылған бумада Жаңа бума (Новая папка) бұйрығын таңдау арқылы жаңа бума құрып, оған ат беріңдер.
3. Құжаттар (Документы) бумасындағы бірнеше файлдарды көшіріп алып, өздерің құрған бума ішіне орналастырыңдар.
4. Олардың бір-екеуінің атын өзгертіңдер.
5. Бумадан кері шығып, өздерің құрған бумаға жұмыс үстеліне жарлық құрыңдар.
2. Жұмыс үстеліндегі Windows нысандарын аттарымен мына кестеге теріп жазыңдар.
Файлдар Бумалар Жарлықтар
V. Жаңа тақырыпты бекіту: «Өзіңді тексер!» тесттік бақылау жұмысы.
1. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады?
А) Файл В) Бума С) Программа D) Құжат
2. Жарлық – ол:
А) Нысанға көрсететін, оған қол жеткізуді жеңілдететін сілтеме
В) Нысанға қол жеткізуді жеңілдететін бума
С) Арнайы түрде құрылған D) Мәтіні бар файл
3. Файлды атау үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны:
А) 100 В) 200 С) 50 D) 255
4. Буманы ашу үшін не істеу керек?
А) Осы буманы тышқанның сол жақ батырмасымен бір рет шерту
В) Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен бір рет шерту
С) Осы буманы тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шерту
D) Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен екі рет шерту
5. Белгіше - ол:
А) Жүйелік бума В) Жұмысшы бума С) Жарлық D) Файл
6. Белгіше - ол:
А) Файл В) Бума С) Жарлық D) Компьютер
7. Белгіше - ол:
А) Файл В) Бума С) Жарлық D) Компьютер
8. Белгіше - ол:
А) Файл В) Бума С) Жарлық D) Компьютер
Тестті бағалау шкаласы: 8 ұпай – 5;
6-7 ұпай – 4;
4-5 ұпай – 3;
4 төмен ұпай – 2.
184531014986000VІ. Қорытындылау: Блум гүлі. Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін қорытындылау.
ҮІІ. Үйге тапсырма: Файлдар, бумалар және жарлықтар
VІІІ. Оқушылар еңбегін бағалау: