Жоспар білім сайысы Тарих п?ніні? ?здігі (5 сынып)


№ 93 орта мектеп
«Үздік тарихшы-2016»
Білім сайысы
Сыныбы: 5
Пәні: Қазақстан тарихы
Дайындаған: Турганбаева Зибаш
І кезең: «Сұрақ деп осыны айт...» Сұрақ-жауап. (Дұрыс жауап 5 ұпай)
1-оқушы:
Тарихты жазудың құндылығын жекелеген елдерде алғаш рет кімдер түсінді? (патша, хандар)
2-оқушы:
Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді? (4)
3-оқушы:
Ежелгі грек ақыны Гомер жырлаған «Илиаданың» мазмұнына сүйене отырып неміс археологы Генрих Шлиман 1873 жылы атақты қай қаланың орнын тапты? (Троя)
4-оқушы:
1938 жылы академик А.П.Окладников Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен ежелгі қандай адамның сүйегін тапты? (неандерталь бала)
5-оқушы:
Тасқа салынған суреттер қалай аталады? (петроглифтер)
6-оқушы:
Қытайлар қай тайпаны «хунну» деп атаған? (ғұндар)
7-оқушы:
«Қазақ» этнонимі қандай мағына береді? (еркін адам, ерікті қоғам)
8-оқушы:
Алғашқы қазақ тіліндегі «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын жазған кім? (Ы.Алтынсарин)
ІІ кезең: Атаулар. (Дұрыс жауап 10 ұпай)
1-оқушы:
1. Абай Құнанбаев 4. Айша бибі
2. Ұлттық киім 5. Ахмед Риза медресесі
3. Сәулет ескерткіші 6. Шекпен
Сұрақ 1 2 3
Жауап 5 6 4
2-оқушы:
1. Синантроп 4. академик
2. Ә.Х.Марғұлан 5. Аттила
3. Ғұн 6. Қытай адамы
Сұрақ 1 2 3
Жауап 6 4 5
3-оқушы:
1. Он оқ будун 4. Ахмет Йүгнеки
2. Ақиқат сыйы 5. түркілер
3. Алшын 6. Кіші жүз
Сұрақ 1 2 3
Жауап 5 4 6
4-оқушы:
1. Жошы 4. 1927
2. Чжоу-коу-дянь 5. 1723
3. «Ақтабан шұбырынды» 6. 1227
Сұрақ 1 2 3
Жауап 6 4 5
5-оқушы:
1. Бөгенбай батыр 4. Шапырашты
2. Қабанбай батыр 5. Қанжығалы
3. Наурызбай батыр 6. Қаракерей
Сұрақ 1 2 3
Жауап 5 6 4
6-оқушы:
1. Ы.Дүкенұлы 4. «Жалғыз аяқ»
2. Құрманғазы 5. «Ақбай»
3. Тәттімбет 6. «Қосбасар»
Сұрақ 1 2 3
Жауап 4 5 6
7-оқушы:
1. Ақша тарихы 4. Антропология
2. Елтаңба тану ғылымы 5. геральдика
3. Адам қаңқасы 6. Нумизматика
Сұрақ 1 2 3
Жауап 6 5 4
8-оқушы:
1. «Құт негізі-білік» 4. М.Қашқари
2. «Түрік тілдерінің сөздігі» 5. Ж.Баласағұни
3. «Даналық кітабы» 6. А.Йассауи
Сұрақ 1 2 3
Жауап 5 4 6
Ұпайы аз 2 оқушы шығады
ІІІ кезең: «Қате шықты...».
Берілген үзіндіден қателерді тауып, дұрысын айтыңдар.
(Дұрыс жауап 15 ұпай)
1-оқушы:
Сен – алтын да, мен – күміс, (Сен-темір де, мен-көмір)
Еріткелі келгенмін!
Бір еліктің баласын, (екі)
Теліткелі келгенмін!
2-оқушы:
Сонау ежелгі дүниеде тарихи әңгімелерді есіне сақтап, елге айтып отыратын адамдар болған. Қазақ халқы оларды әңгіме (шежіре) айтушылар немесе шежірешілер деп атаған.
3-оқушы:
«Он атасын білген ер-жеті жұрттың қамын жер, (жеті)
Он атасын білмеген-жетімдіктің белгісі» (жеті)
4-оқушы:
Жер бетінде ең алғашқы адамға ұқсас тіршілік иелері Солтүстік мұзды мұхит пен Антариктидада өмір сүрген. (Африка мен Азияда)
5-оқушы:
Тас дәуіріндегі адамдар еңбек құралдарын жетілдіре отырып, пласмасса мен әйнектен жасауды үйренді. (тастан)
6-оқушы:
Қазақ жеріндегі сәулет өнерінің тарихы қола дәуірінде жасалған (Беғазы-Дәндібай, Түгіскен) Домбауыл, Көккесене қоныстары мен қорымдарынан басталады.
(ұпайы аз 2 оқушы шығады)
ІV кезең: Жалғастыр.
(Дұрыс жауап 20 ұпай)
1-оқушы:
Епті адам- ...................-..................- саналы адам (тік жүретін адам, неандерталь)
2-оқушы:
Австралопитек - ....................-......................- ....................- кроманьон (питекантроп, синантроп, неандерталь)
3-оқушы:
«Қасым ханның қасқа жолы» - ............................. - ........................ (Есім ханның ескі жолы, «Жеті Жарғы»)
4-оқушы:
Ақ Орда, Хан Орда - .............-..................-................-....................- жолым үй
(Ақ Орда, Хан Орда, қараша үй, лашық, абылайша, ұраңқай, жолым үй)
(Ұпайы аз 2 оқушы шығады)
V кезең: Жалғастыр.
(Дұрыс жауап 25 ұпай)
Тақырып: Қожа Ахмет Йассауи кесенесі туралы мәліметтер беріңдер.
Кім көп мәлімет айтса сол Жеңімпаз болады.