Ашы? саба? С?хбат деген не


«Қаламгер» балалар баспасөз орталығының
ашық сабағының жоспары
Сабақ тақырыбы: «Интервью, және оның түрлері»
Сабақ түрі: Ашық сабақ
Сабақ мақсаты: Интервьюдің түрлері туралы оқушыларға мағлұмат беру, практикалық тапсырмалар арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
1.Білімділік: Сұхбат жайлы толық мағлұмат беру, сұхбаттың түрлеріне тоқталып, оқушыларға кең түсіндіру, сұхбат алуды үйрету, Павлодар облыстық балалар-жасөспірімдер «Сенің әлемің» газетіне «Қаламгер қадамы» айдарына келесі нөміріне ашық сабақта қолданылған материалдарды негізге алу.
2.Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын дамыту, сабақта істеген жұмыстарын қорғай білу, ең бастысын айқындауды жүйелендіру, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, жеке қабілеттерін ашу.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық, этикалық, бір-бірлерін сыйлай білу қасиеттерін тәрбилеу. Жалпы адамгершілік қасиеттерін, мейірімділік сыпайы болу қасиеттерін тәрбиелеу.
Сабақтың әдістемелік жабдықтауы: Интервьюдің түрлері туралы слайд материалдар, «Жас тілші» радиохабары, слайдқа жазылған ата-анаға кеңестер, суретті мақал-мәтелге керекті плакаттар,маркерлер.
Сабақтың оқыту әдісі: сұхбат, сұрақ-жауап, топтық, дербес.
Сабақ формасы: топтық, дербес.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- сәлемдесу;
- оқушыларды түгендеу;
- оқушылардың сабаққа дайындығын көздеу;
- оқушыларды жұмысқа бейімдеу;
- сабақтың жоспарын оқушыларға айту.
2. Оқушылардың үй тапсырмасын тексеру.
3. Оқушылардың білімдерінің өзектілігін тексеру. Өткен материалды қайталап, жаңа сабаққа көшуге бейімдеу, жаңа өнімді шығаруға оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
- Интервью дегеніміз не? (өткен сабақты еске түсіру)
3.1. Оқушылар мұғалімге сұрақ қояды.
- Мұғалім, Интервьюдің түрлері қандай?
- Неше түрге бөлінеді?
4. Ұстаздың жаңа материалды түсіндіруі, сабақ мазмұның әдісін құралын баяндау.
Жаңа сабақты баяндау. слайд
Интервью және оның түрлері – Оқушылардың көңілін слайдқа тақтаға бөлу. Мұғалім тақтаға қарап, интервью және оның түрлері туралы баяндайды.
5. Практикалық жұмыс (фото конверт, ата-ана, ұстаз)
- Оқушыларды екі топқа бөліп, тапсырма беру. («Атамекен» тобы, «Бәйтерек» тобы )
- Екі топ келген екі қонақтардан интервью алады, (Ұстаздан, ата-анадан)
6. Ата-анаға кеңес, слайд
Мұғалім ата-аналарға мақал-мәтелдерді баяндайды.
7. Практикалық жұмысты баяндау. Әр топ өз схбаттарын айтып береді.
10. Оқушылардың алған білімдерін бекіту. (рефлекция).
11. Ата-аналарға, оқушыларға, қонақтарға алғыс айту, қоштасу.
Ұстаздың сабақ кіріспесі:
Сабақтың мотивациясы - өткен сабақты еске түсіру.
2. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды.
* Интервью дегеніміз не?
* Интервью алу үшін қандай жабдықтар болу керек?
Оқушылар мұғалімге сұрақ қояды. 1 мин
Мұғалім интервьюдің қандай түрлері бар?
Бар болса, неше түрге бөлінеді? Соны білгіміз келеді?
Жаңа сабақты түсіндіру. (Оқушылардың назарын слайдқа бөлу)
Интервью және оның түрлері (мұғалім жаңа сабақты түсіндіреді) 7 мин
Интервьюдің түрлері
Зерттеу кезеңіне байланысты
Алдын-ала интервью. Алдын-ала дайындаған сұхбат, ең алғашқы сұхбат.
Негізгі интервью. Ең негізгі материалдар негізінде болады.
Бақылау интервью. Негізгі материалдарды толықтыру үшін қолданады.
Қатысушының санына байланысты
Дербес интервью дегеніміз — бір тілші сұрақ қояды, және сұраққа жауап беретін бір адам болады.
Топтық интервью дегеніміз — екі немесе одан да көп тілшілер сұрақ қояды.
Бұқаралық интервью дегеніміз — жүзден аса тілшілер немесодан да көп тілшілер сұхбат алады.
Интервьюдің классификациясыН.Г. Богданов және Б.А. Вяземскийдің «Журналист анықтамасында»
Интервью - композициясына қарай, формасы мен ерекшелігіне қарай тағы да, интервью-диалог, интервью-монолог, коллективтік интервью, интервью-бейнелеу және сауалнама деп жіктеледі.
Интервью-диалог дегеніміз – өте көп кезесетін интервьюдің түрі, сұрақ-жауап ретінде келеді.
Интервью-монолог дегеніміз – Тілші бір ғана сұрақ қойып, тақырыпты айтады, кейін сұхбат берген адам өзі жауап айтып, көбіне өзі сөйлейді. Саясаткерлердің берген сұхбаты, жеке кәсіпорындардың есеп-сұхбатын жатқызуға болады.
Коллективтік интервью дегеніміз – бірнеше адамдармен сұхбат жүргізіледі,тілші сұрақ қояды бірнеше адам жауап береді. Интервьюдің бұл түріне дөңгелек стол, пресс-конференция және брифингтерді жатқызуға болады.
Интервью-бейнелеу дегеніміз – Тілші сұрақты қоя отырып, өзінің ойын толық айтады, өз көзқарасын білдіреді, қысқаша мінездемелер беріп отырады.
Сауалнама дегеніміз – Интервьюдің бұқаралық түрі, тілші өзінің оқырмандарымен сырттай сөйлеседі, әлеуметтік сұрақтар қойылады. Мысалы: Сіздің сүйікті актеріңіз, сіздің сүйікті машинаныңыз т.б.
Практикалық жұмыс Оқушыларды екі топқа бөліп, тапсырма беру. («Атамекен» тобы, «Бәйтерек» тобы )
Екі топ келген қонақтардан интервью алады, сұрақтарды оқушылар өздері тауып,өздері қояды.
«Бәйтерек» тобының сұрақтары – Сабаққа келген қонаққа қойылады.
1 сұрақ. Балалар журналистикасы дегеніміз не?
2 сұрақ. Сіз балалар журналистикасымен неше жыл айналысып келесіз?
3 сұрақ. Мақаланы қалай жазамыз?
4 сұрақ Журналистика қиын мамандық, бізге болашақ тілшілерге беретін кеңестеріз қандай?
5 сұрақ. Журналист
«Атамекен» тобының сұрақтары – Оқушының ата-анасына қойылады.
1 сұрақ. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, әлде қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
2 сұрақ. Болашақта балаңыз кім және қандай болсың деп армаңдайсыз?
3 сұрақ. Балаларыңыз игілікті іс істесе, қалай мадақтайсыз, теріс әрекет жасаса, қалай жазалайсыз?
4 сұрақ. Балаңыз «Қаламгер» үйірмесіне қатысып жүргені сізге ұнай ма, сізді қуанта ма?
5 сұрақ. Еліміздің тәуелсіздік жылдары сіздің отбасыңызға жақсы өзгерістер әкелді ме?
Ата – анаға кеңес. (Оқушылар тапсырманы орындағанша, ата-аналармен сұхбат)
Құрметті ата-ана, тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы, дейді. Сіздерге мақал сөздің, мәйегі демекші, мақал- мәтел оқып беруге рұқсат етіңіздер! Слайдқа шығару
Мақалдарды оқу.
Ата-бәйтерек,
Бала жапырақ.
Адам ақылымен сымбатты,
Ұрпағымен қымбатты.
Балалы үйдің еңсесі биік.
Ұлы бар үйде қуат бар,
Қызы бар үйде бақыт бар.
Баланы қақпай өсірсең,не басын жарады,не басыңды жарады.
Ата-анаға сұрақ-жауап.
Балдан тәтті не? (бала)
Қара шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
Балаға кім сыншы? (ата)
Әкеден балаға берілетін зат (мұра)
Үйде кім, елде кім қадірлі? (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде хан,әкім,ұстаз қадірлі)
Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданады? (2002 жыл,8-тамыз)
Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (14 жас)
Оқушылар, дайындаған сұрақтарын оқиды, сұхбат алады. 10 мин
7. Интервьюді өңдеу. (Обработка интервью) 5 мин
Әр команда алған сұхбаты қысқаша айтып береді.
8. Ойын минуты.
Кім жылдам? Әр команда бойының ұзындығы, шашының ұзындығы, аяқ размерінің , туған күн айы бойынша қатарға тұрады.
8. Сабақты қорытындылау. Өткен материалға байланысты жылдам тест жүргізу, (тест слайдқа шығады - балалар орындарынан жауап береді- балалар орындарынан жауап береді)
9. Оқушылардың алған білімдерін бекіту. Сабақ туралы рефлекция жазу. 3 мин
Сабақ жайлы өз ойларынды айтыңдар:
Сабақтың мақсатына жеттік пе?
Сабақ сендерге ұнады ма?
Қаламгер туралы бес жол өлең шығарту
10. Сабақты қорытындылау. 5 мин
11. Оқушыларды мадақтау, келген қонақтарға алғыс айту