??стар тіршілігі ж?не ма?ызымен танысу


Сабақтың тақырыбы Күні, уақыты Сынып
Құстар Сабақ ұзақтығы 45 минут 1- сынып
Сабақтың мақсаты: Құстар тіршілігі және маңызымен танысу .
Міндеттері:1) Оқушыларды өз ойын жинақтай алуын, еркін жеткізуін, белсенділігі мен іздемпаздығын дамыту, сабақта алған білімдерін, тиімді қолдана білуін дамыту.
1. Қызығушылығын ояту Психологиялық ахуал тудыра отырып оқушыларды сабаққа тарту (табиғат туралы бейне сюжет)
2.Үй жұмысын қайталау:
1.Суда өседі, өнеді
Сыртқа шықса өледі (балық)
2.Балықтардың тыныс алу мүшесі (желбезек)
3. Қомағайлық жасайды,
Шабақтарды асайды. (шортан)
4. Балықтар суда қалай қозғалады? ( жүзу қанаттары және құйрық арқылы)
5.Өзі алып кемедей, дауылдан ықпайды.
Су шашып, телегей мұхиттан шықпайды (кит)
6.Балықтардың жұмыртқасы қалай аталады? (уылдырық)
3.Тақырып бойынша сұрақтар:
-Ненің суреттерін көріп тұрсыңдар?
-Құстар туралы не білесіңдер? Мына кезекпен сұрақтар қою:
176276013335007315201841500 1 топ
70358011239500176403016065500 4 топ 2 топ
3 топ
Топтар сұраққа жауап беру, талдау, бірін- бірі толықтыру.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
4.Мағынаны тану: Сұрақ -жауап арқылы жаңа тақырыпты ашу. Пікір алмасу, ашық сұрақтарға жауап алу.
Топ құру.
Құстар суреті арқылы топқа бөлу.
1-топ «Торғайлар»
2-топ «Бұлбұлдар»
3- топ «Көгершіндер»
4- топ «Пингвиндер»
Жеке, жұппен және топтық жұмыс. Топ мүшелерін бағалау, кері байланыс
5. Жеке жұмыс
Оқулықтың 64-65 бетте берілген мәтінді оқу
6. Жұптық жұмыс
7. Топтық жұмыс
Жұбына түсінгенін айту
8. Сергіту сәті « Үйректер»
1.Оқулықта берілген «Құстар» мәтінін оқушылар әрқайсысы түсініп оқиды, анықтайды.
2. Мәтіннің мазмұнын жұпта отырған оқушымен мазмұнын ашып әңгімелейді, өз сөзімен айтады, мысал келтіреді,бірін- бірі толықтырады.
3.Түсінгендері бойынша топта әңгімелеу
9.Құстар жайлы жаңа ақпарат беру
1) «Халық болжамдары»Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.-Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.-Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.-Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.-Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.-Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді
2) «Құстардың дыбыстары» жайлы мәлімет
3) «Ең, ең, ең.... құстар» слайд Жаңа ақпаратты қабылдайды, өмірмен байланыстырады, салыстырады, анықтап сұрайды.
11. Топтық жұмыс
1-топ «Торғайлар»
2-топ «Бұлбұлдар»
3- топ «Көгершіндер»
4- топ «Пингвиндер»
топ « Өздеріне ұнаған құстың суретін салып, сипаттау».
топ «Бес жолды өлең»
топ «Құс суреттерін сөйлету»
топ « Құстарды суреттер бойынша топтастыру»
Оқушылар жоспарлайды, құрастырады, жинақтайды
12. Сергіту сәті «Шөжелерім» Сергіту сәтін қосылып орындайды
13. Ашық сұрақтар қою:
- Құстардың адам өміріндегі маңызы қандай?
-Табиғатқа қандай пайда келтіреді?
-Егер құс болмаса , не болар еді?
-Сендерге қандай құстар ұнайды?
-Құстар не ұшін ұя салады, қалай ойлайсыңдар?
-Құстарға қандай қамқорлық жасар едіңдер? Талдайды
Дәлелдейді
Салыстырады
Себеп- салдарын анықтайды
13.Бағалау Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс- әрекеті
Бақылайды, ынталандырады, қолдау жасайды
Көреді және бақылайды, салыстырады
Кері байланыс Сабақ соңында алған әсері, көңіл- күйі
9.Үйге тапсырма
Біздің елімізде қыстап қалатын құстар жайлы мағлұмат жинау