Аттестациядан ?тіп жат?ан м??алімге Сынып жетекшіге мінездеме Ата-аналардан, о??шылардан


МЕНІҢ СЫНЫП ЖЕТЕКШІМ
“Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді...”
Ахмет Байтұрсынұлы.
Менің сынып жетекшім – Салия Мауленкуловна, ұстаздардың ішіндегі ең мейірімді, кең пейілді, жүрегі жылы ұстаз деп ойлаймын.
Салия Мауленкуловна біздің сыныптағы әр баланың жанын, балалығын түсіне білетін нағыз ұстаз деп білемін.
Менің сынып жетекшім мадаққа да, марапатқа да лайық адам. Математика пәнін жетік меңгеріп, есептің қыр-сырын меңгерген. Өз кәсібіне шебер мұғалімім әрқашан да баланың бойындағы жалқаулық пен білімсіздікті жеңіп отыруға бар күшін салып, математиканың қызықты да күрделі есептерін бізге түсіндіруге тырысады.
Менің өз анам да – педагог. Оның айтуынша, нағыз педагог-балаларды алаламауы тиіс. Себебі әр баланың табиғаты әр түрлі: біреу білімді тез, біреуі баяу қабылдайды. Бір баланың сабақтағы үлгірімі төмен болғанмен, мінезі жұмсақ, жүрегі қатты, мейірімсіз болуы мүмкін.
Салия Мауленкуловна біздің сыныптың барлық балаларын бірдей жақсы көреді, бізге сенеді, өмірде жақсы адам болуға үйретеді. Арамызда бүреуіміз қиын жағдайда болсақ немесе біреумен ренжіссек, кешірімді болуға, сыйласуға, басқа адамның жағдайын түсінуге, тату болуға шақырады. Біз бала болсақ та, дауыс көтермей түсіндіруге болатынын түсінеді.
Біз Салия Мауленкуловна өте сыйлаймыз және жақсы көреміз. Ол бізге анамыз секілді.
Мейірманов Ермахан, 5 «А» сынып оқушысы
МЕНІҢ СЫНЫП ЖЕТЕКШІМ
Менің сынып жетекшім математикадан сабақ береді. Мен сынып жетекшімнің күнделікті атқаратын жұмысына қарап, мұғалім болудың қиын екенін түсінемін. Бірақ біздің сынып жетекшіміз Салия Мауленкуловна – өз ісінің маманы. Ол кісі сабақ түсіргенде бәріміз тыңдаймыз және де айтқанын екі етпей орындаймыз. Біздің сынып жетекшіміз ақжарқын, кішіпейіл, еңбекқор жан. Бізге үнемі ақыл айтып, жөн сілтеп отырады. Біз осындай ұлағатты жандардан тәлім-тәрбие алып, өзіміз де болашақта олар сияқты кішіге үлгі болғымыз келеді.
Кейін мен мектеп бітіріп, үлкен оқу орнына түссем, ұстазымды мақтан тұтып жүретін боламын. «Міне, мені мына кісі оқытты» деп халыққа жар салатын боламын. Анамдай болып кеткен сынып жетекшіме мың алғыс айтамын. Демалысқа шықсам Салия муғалімді сағынамын.
Алтын ұя мектебіме келгенде, Салия муғалімді көргенде, арқамнан ауыр жүк түскендей болады. Салия муғалімнің өмірлік тәжірибе боларлық ақылы мен кеңесін өмірі ұмытпаймын деп ойлаймын. Ұстаздың сөзі алтынан да бағалы деп ойлаймын. Бізге екінші анамыздай қамқорлық көрсетіп, ір қашан, жанашырымыз болып журеді! Сол себептен әркім өз сынып жетекшісін сыйлау керек. Тарыдай болып, өсіп осы сынып жетекшіміздің арқасында таудай болып шығамыз ғой. Мені осы күнге жетуімнің себептері - мектептегі сынып жетекшілерімннің еңбектерінің арқасы.
Бижанов Абай, 5 «А» сынып оқушысы
МЕНІҢ СЫНЫП ЖЕТЕКШІМ
Мұғалім - оқушы үшін ең жоғары адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан да ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.
Н.А. Добролюбов
Ұстаз деген ұлылықтың үлгісін көрсетер жарқын айнасы. Себебі ақын болсын, жазушы болсын немесе жұмысшы, мейлі дәрігер, космонавт болсын, ең алдымен ұстаздың алдынан өтеді. Сол ұстаздың берген тәлімі мен білімін өмірілік тәжірибе ретінде ұстанады, әрі қарай шыңдайды. Ұстазсыз шәкіртті көзге елестету мүмкін емес. Себебі мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, әрбір оқушыға әріптерді танытып, әліппені үйреткен алғашқы ұстазы болады.
Ұстаз – мектептің жүрегі, қайталанбас тірегі. Үйде бала үшін ата-ананың тәрбиесі басты орын алатын болса, мектепте мұғалімнің орны бөлек екені белгілі. Мысалы, үй салғанда тас тұғырын дұрыс құймасаң, үй де дұрыс қаланбайды, сол секілді біздер, жас балалар жастайымыздан дұрыс тәрбиеленбесек, өсіп жетілгеннен кейін алған тәрбиеміз біздер үшін кеш болып қалады. Ұлы педагогтар да, халық даналығы да осылай дейді. Сол үшін барлығы бастауыш сыныптың мұғаліміне байланысты деп ойлаймын. Әрине, бірінші кезекте оқушының өз талпынысы да болуы шарт. Бірақ мұғалімнің сабақ беру шеберлігі мықты болса, соған қарай оқушы да сабақты бар ынта-жігерімен құлақ сап тыңдауы анық.
Мен ешбір мұғалімдерді бөле-жара қарамаймын. Бәрі де мен үшін қымбат. Білмегенімді үйретіп, білімімді толықтырып, өміріме білімнің шуақ нұрын сыйлап, мені осы күнге жеткізгеніне алғысымды білдіргім келеді. Әрине, солай дей тұрсам да, мен сынып жетекшімді екінші анамдай жақсы көремін. Сынып жетекші бізге анамыздай қамқор, жанашыр жан деп айта аламын.
Менің сынып жетекшім – Салия Мауленкуловна, ол кісіні өз басым өте жақсы көремін және сыйлаймын. Ойымды жасырмай ашық айта алатын, өзіме жанашыр ана деп, қиналғанда қол ұшын берер, жылы сөздермен өмірге қанаттандырған жан, ол – Салия Мауленкуловна деп айтсам қателеспеймін. Себебі сынып жетекшіміз, бізді өз баласындай жақсы көріп, қуансақ бізбен бірге қуанып, мұңайсақ жұбатып жүреді. Сыныптың әр баласының икем-дағдылары мен өнеріне қарай түрлі сайыстар мен басқа да қоғамдық жұмыстарға араластырып отырады. Сабақ үлгерімімізге де үнемі бақылау жасап отырады. Біздің сынып жетекшіміз математикадан сабақ берсе де, он қалынан өнер тамған өнерлі жан. Муғалім қазақтың ұлттық қолөнері – ши тоқығанды жаны жақсы көреді.
Сынып жетекшінің орны мен үшін ерекше. Сынып жетекшіміз біздің сабақты жақсы оқып, белгілі білімді меңгеріп, жақсы адам болғанымызды көргісі келеді. Осы жақсы ойды жүзеге асыру мақсатында біз де талаптанып, үнемі сабағымызды оқып, біліммен де өнермен де қаруланып журдік.
Біз сынып жетекшіміздің ақылына суйеніп елдің, Отанымыздың беделді де сыйлы азаматы болуға тырысып журміз. Қазіргі көптеген жетістіктерге жетіп жатқанымыз – мұғалімдеріміздің арқасы.
«Оқушының жеңісі – ұстаздың жемісі» деген оймен сөзімді аяқтағым келеді.
Сынып жетекшім өмірде жақсы мен жаманды тануыма, үлкен армандарға үміт артуыма көп көмегін тигізді.
Бұл кісі туралы айтқанда, оның тәжірибелі маман екендігінен бөлек, оның басқа да жеке қасиеттерін айтпай кетуге болмайды. Біз үшін ол жақсы мұғалім ғана емес, өмірімізде маңызды орны бар жан. Мектеп бітіріп, жан-жаққа қанат қағып ұшып кеткенімізде сынып жетекшімізді әрқашан есімізде сақтаймыз. Өз жолымызды дұрыс таңдауымызға көмектесіп, бізге екінші анамыздай қамқор болып, қиындықта қасымызда болғанына сыныбымның атынан алғыс айтқым келеді.
Ұстаздық жолда қанатыңыз талмай, шәкірттеріңіздің алғысына бөлене беріңіз!
Сіздін мектеп бітіріп кеткен оқушыңыздан