А??ала та?ырыбында?ы ?йымдастырыл?ан о?у іс ?рекеті


Білім беру саласы: «Шығармашылық »
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің түрі: Жапсыру
Мақсаты: Қысқы табиғат сырын түсіндіру, қар туралы білімдерін нығайту.Пішіндер туралы түсініктерін қалыптастыру, құрастыра білуге баулу.Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Қыс көрінісінің суреттері, теледидар,слайд.
Қажетті құрал – жабдықтар: Қағаздан қиылған дөңгелектер,желім.
Сөздік жұмыс: Омбы қар – көп қар, қалың жауған қар, жапалақтап жауған қар.
Әдіс – тәсіл: Шаттық шеңбері,түсіндіру,ғажайып сәт, сұрақ – жауап.
Оқу – іс әрекетінің өту барысы:
- Сәлеметсіңдер ме балалар!
Тобымызға келген қонақтармен амандасайық!
Шаттық шеңбері: Алақанды ашайық
Күннің нұрын салайық
Таза ауадан салайық
Жүрек жылуын салайық
Осы жақсы лебізді
Бір – бірімізге сыйлайық
Іздену ұйымдастыру: Жарайсыңдар , балалар.Жүректеріңнен шыққан ақ – тілектерің қабыл болсын! Орындарыңа жайғаса қойыңдар.
- Балалар , қазір жылдың қай мезгілі ?
- Қыс мезгілі.
- Қыстың көркі не ?
- Қар
- Қардың түсі қандай ?
- Қардың түсі ақ
- Дұрыс, жарайсыңдар. Енді назарларыңды көгілдір экранға аударыңдар.
- Мұнда не көріп тұрмыз? ( Балалардың жауабы )
- Кәне, жауған қар, бұл жай қар емес жапалақтап жауған қар.
Ғажайып сәт: Топқа аққала қонаққа келеді.
Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балалар ?
- Қыс қар туралы не білеміз? Қыста қандай ойындар ойнауға болады?
- Балалар мен қай мезгілде пайда боламын?
- Қыста.
- Мен неше бөліктен тұрамын?
- Аққаланын түсін неше бөліктен тұратынын айтып берді.
- Дұрыс айтасыңдар, осы аяз, боран, суық, қар, аққала осылардың барлығы қыста болады екен. Ендеше балалар аққалаға қыс туралы білетін тақпағымызды айтып берейік.
Балалар аққалаға тақпақ айтып берді.
Ерасыл: Мансұр:
Алақай алақай Қандай суық қыс деген
Қыс келді қараңдар Қалтырайды құс деген
Далада аппақ қар Құлақшынды кимесең
Аққала жасаңдар. Құлағынды тістеген
Мерей:
Мұз қатып көлдерге
Қар қонып белдерге
Сырғанақ тебейік
Аппақ қыс келгенде
- Балалар, айтқан тақпақтарыңа рахмет, енді сендермен «Кім шапшаң» ойынын ойнап аппақ қарларыма қайтамын
Аққала: Балалар сау болыңдар.
Сергіту сәті: Кәне достар тұрайық
Алақанды соғайық
Оңға – солға бұрылып
Жоғары төмен қарайық
Бойымызға күш жинап
Бір серпіліп алайық.
- Олай болса осы көңіл – күймен аққаламызды қағаздан жасайық ( балалар жұмысқа кіріседі)
- Ал, балалар аққаланы неше бөліктен құрастырамыз?
- Үш бөліктен.
- Дұрыс үш бөліктен тұрады. Алдымен төменгі бөлігін, содан соң денесін, Үшінші басын орналастырамыз.
Музыка ырғағымен балалар жұмыс жасайды.
- Суреттен нені көрдік? Қар қалай жауады екен? Біз бүгін не жасадық? ( балалардың жауабы )
Мадақтау . Жасаған аққаладан көрме ұйымдастыру.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін біледі.
Нені игереді: Аққала құрастыруды игереді.
Нені біледі: Аққала жасауды.