?асым хан т?сында ?аза? мемлекетіні? ?рлеуі

Сабақ № 46
Сынып: 7
Күні: _______
Пән: Қазақстан тарих
Сабақтың тақырыбы: § 37. Қасым хан тұсында Қазақ мемлекетінің өрлеуі
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қасым ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саясаткер ұлы тұлға ретінде атқарған ролін ашып көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен алған білімдерін білімдерін бейнебаян және қосымша ақпараттар арқылы түсіндіре отырып толықтыру, шыңдау. Өз бетінше қортынды жасауға, мәтіндегі негізгі мәселені табуға дағдырландыру, есте сақтау қабілетін дамыта отырып, пәнге деген қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Қазақ хандығының негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге, еліміздің өткен тарихына құрметпне қарауға, жасөспірімдердің Қасым хан сияқты белгілі тұлғаларға деген құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдістері: сұрақ жауап, баяндау, оқулықпен жұмыс әңгімелесу, көрнекілік, практикалық, логикалық және аналогиялық әдіс, интерактивтік
Көрнекілігі: карта, слайд, электрондық оқулық, карточка,
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Сабақтағы іс - қимыл Уақыт
1.Ұымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгендеу
Психологиялық серпіліс:
Құрметті оқушылар сіздермен орыс халқының ойшылы, жазушы, әдебиет сыншысы В. Г. Белинскийдің мына ойымен бөліскім келеді. “Мақсатсыз әрекет жоқ, қызығусыз мақсат жоқ, ал әрекетсіз өмір жоқ. Мақсат пен қызығу – іс әрекеттің көзі” деген екен. Осы сөзді сіздер қалай түсінесіздер?
Ендеше құрметті оқушылар мен де сіздерді бүгінгі сабақты мақсатты іс әрекетпен, қызығушылықпен өткізуге шақырамын. 2
2. Жан – жақты білімін тексеру
Дискуссиялық карта 1,2 - слайд
Керей мен Жәнібек Шудағы Қозыбасыға орда ту тікті ме? (иә)
Жәнібек хан Барақ ханның ағасы Болат сұлтанның баласы ма?(жоқ)
( Барақ ханның бел баласы)
Темір әулеті Мұхаммед Шайбанимен күресте жеңіліс тапты ма?(иә)
1470 ж Жәнібек хан бастаған топ Түркістанға шабуыл жасады ма? (жоқ) (Керей хан бастаған қол Түркістанға, Жәнібек хан Созаққа шабуыл жасады)
Қазақ хандары Әмір Темір ұрпақтарымен бірлесе отырып, Шайбани ханға қарсы шабуылға шықты ма?(иә)
Шу бойындағы Сығанақ, Сауран, Созақ Қазақ хандығының саяси беделін нығайтып, әлемге танытты ма?(иә)
Сығанақ қаласын қазақтар қайтарып алған соң Шайбани хан Хиуаға қашты ма? (жоқ) (Маңғыстауға қашты)
Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін 40 жыл соғысты ма? (жоқ) 5
3. Жаңа материалды меңгеруге дайындық
Ойын «Қызыққа толы сандықша» 3 – слайд
1 Қазақ хандығының құрылуы ә а) Тарихшы, ғұлама
2 Мұхаммед Хайдар Дулати а ә) 1465 – 1466 жж
3 Жоңғарлар кеткен соң Керей мен Жәнібек сұлтандар г б) Жәнібек пен Керей сұлтандар
4 Ұрыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары б в) Есен-бұға
5 Моғолстан ханы в г) 1457 жылы күзде Шу бойына келіп орналасты
Жаңа құрылған хандықты басқару ісі қалай ұйымдастырылды. Елді кім басқарды? 5
4. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жаңа сабақтың жоспары (4 слайд)
Қасым хан тұсында Қазақ мемлекетінің өрлеуі.
Қасым ханның заңдары.
Қасым ханның ішкі саясаты.
Қасым ханның сыртқы саясаты.
Жәнібек пен Керей хандардан кейін Қазақ хандығының тағына Керейдің ұлы Бұрындық (1473/1474 - 1511) отырды. Бұрындық хан Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қаратуға ерекше күш салды. Алайда ханның ел ішінде беделі болмағандықтан Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды.1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды.
Оқулықпен жұмыс: § 37 Қасым хан тұсында Қазақ хандығының өрлеуін сол кездегі ортағасырлық авторлары не деп жазған
1 топ:Қасым ханның қасқа жолы.
Соңғы кездегі ғылыми зерттеулерге қарағанда бұл заңға мына ережелер енген:
Мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы);
Қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу);
Әскери заң (аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат);
Елшілік жоралары (майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық);
Жұртшылық заңы (шүлен тарату, ас той, мереке, думан үстіндегі
ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл).
2 топ:Қасым ханның ішкі саясаты: (сызба арқалы түсіндіріледі)
Хан өзінің қасқа жолымен ел ішіндегі жағдайды түзеп, мемлекетті басқаруды күшейтіп алды. Қазақтардың этникалық аудандарын Қазақ хандығына біріктіріп, бір орталақтан басқару жүйесін жетілдірді. XVI ғасырдың басында Қасым хан ұлан – байтақ қазақ жерінің айтарлақтай бөлігін өз қол астына қаратты. Т.б.
3 топ: Қасым ханның сыртқы саясаты:
Қасым хан тұсында қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясатта айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, Батыс Сібір хандығымен, Ресей мен сауда-саттық және дипломатиялық байланыстар жасалды.
Қасымның сыртқы саясатының басты бағыты Сырдария бойындағы қалаларды қаратып алу жолындағы күрес болды.
Бұл мақсатпен Қасым хан Мауараннахр билеушісі Шайбани ханмен және оның ұрпақтарымен тоқтаусыз соғыс жүргізді. Т.б.
Видео қарау
10+5
5.Жаңа тақырыпты бекіту Тарихи сынақ хат (6,7 –слайд)
Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының өрлеуін сол кездегі орта ғасырлық авторлардың өздері де атап өткен. Мәселен,атақты ----------- “жұрттың айтуына қарағанда, қазақ сұлтандары мен хандарының бірде-біреуі бұл халықты дәл Қасым хан сияқты бағындыра алмаған. Оның қарамағындағы атты әскер саны ----------- болатын.
Ал тарихшы --------------------------- Қасымның бүкіл Дешті Қыпшақ даласына билік жүргізгенін, оның халқы ------------ астам болғандығын айтады.
Қазақтың ғұлама ғалымы --------------------- “Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді.” деп жазады
“Қасым ханның қасқа жолы” мынадай ережелерден тұрады
------------- ( жер дауы, мал-мүлік дауы)
------------(кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу)
------------(аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат)
---------------(майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық)
--------------------- (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан)
Математикалық ойын (8слайд)
(456*2)+602= 1514 ж Саид хан Қасым ханнан шайбанилерге қарсы күресте көмек беруін сұрайды
(988+455)+80 = 1523ж Орыс деректерінде Қасымның қайтыс болған жылы
(560+650)+301= 1511 ж Қасым сұлтан хандық билікті қолына алады
(951+500)+81= 1532ж Тахир хан Абд ар-Рашид ханмен шайқаста қаза табады
(655+104)*2= 1518ж М.Х.Дулати дерегінде Қасым қайтыс болған жыл

10
6. Үй тапсырмасың түсіндіру
§ 37 оқу
2
7. Сабақтың қорытындысы
Қазақ хандығының нығайуына Қасым ханның қосқан үлесі қандай болды?
Венн диаграммасы
577851778000534035177800
Ойын: «Ыстық орындық» 6
Сабаққа өзіндік талдау
Мұғалімнің аты – жөні : Тайғарина Г.М.
Пән: Қазақстан тарихы
Сынып 7
Сабақтың жалпы көрінісі
Сабақтың тақырыбы: Қасым хан тұсында Қазақ мемлекетінің өрлеуі
Берілген сабақты жоспарлау барысында оқушылардың ерекшеліктері ескеріледі.
Сабақ тақырыбы типтік бағдарлама және стандартқа сәйкес жоспарланып ұйымдастырылған. Себебі тақырыптардың мерзімді өткізілуі және оқушылардың сыныптар бойынша білуге тиісті міндеттерді орындалуына тапсырмалардың құрылды
Сабақтың дидактикалық мақсаттары.
Білімділік: Қасым ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саясаткер ұлы тұлға ретінде атқарған ролін ашып көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен алған білімдерін білімдерін бейнебаян және қосымша ақпараттар арқылы түсіндіре отырып толықтыру, шыңдау. Өз бетінше қортынды жасауға, мәтіндегі негізгі мәселені табуға дағдырландыру, есте сақтау қабілетін дамыта отырып, пәнге деген қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Қазақ хандығының негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге, еліміздің өткен тарихына құрметпне қарауға, жасөспірімдердің Қасым хан сияқты белгілі тұлғаларға деген құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ ақпараттық комуникациялық технологияны қолдануымен өтті. Бұл технологияны қолдану оқытудың негізгі принциптерін (ынтымақтастық, көрнекілік) орындалуына жағдай жасады.
Сабақта қолданылған әдістер Сөйлесу әңгімелесу (оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін кезеңдерді талдау үшін); көрнекілік (оқушылардың танымдық – қызығушылық әрекеттерін іске асыру үші); практикалық (жасырынған сөзді табу, дұрыс жауабын анықтау); логикалық және аналогиялық әдіс, интерактивтік әдістер.
Сабақта сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық комуникациялық технологиялардың элементтері қолданылады.
Пәнаралық байланыс: география, математика
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, карточкалар, слайд
Сабақ негізгі 7 кезеңнен тұрады.
I Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық серпіліс:
II Жан – жақты білімін тексеру Дискуссиялық карта
III Жаңа материалды игеруге дайындық кезеңі Ойын «Қызыққа толы сандықша
IV Жаңа материалды меңгеру кезеңі
Бұл кезеңде жаңа материалды түсіну үшін арналған слайдтар
арқылы, топқа бөлініп оқулықпен жұмыс, видео қарау.
V 5.Жаңа тақырыпты бекіту (өздік жұмыс орындады) Тарихи сынақ хат, Математикалық ойын, сәйкестендіру тест.
V IҮй тапсырмасы Бұл кезеңде негізгі тапсырмадан басқа шығармашылық тапсырма берілді.
VII Сабақтың қорытындысы
Рефлексия. Сабақтағы оқушының және мұғалімнің іс әрекетіне өзіндік баға берілді.
Сабақтың түйіні Сабақ көзделген мақсатқа жетті, әр сабақ барысындағы кезеңдер байланысты болды.
Тарихи сынақ хат
Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының өрлеуін сол кездегі орта ғасырлық авторлардың өздері де атап өткен. Мәселен,атақты ----------- “жұрттың айтуына қарағанда, қазақ сұлтандары мен хандарының бірде-біреуі бұл халықты дәл Қасым хан сияқты бағындыра алмаған. Оның қарамағындағы атты әскер саны ----------- болатын.
Ал тарихшы --------------------------- Қасымның бүкіл Дешті Қыпшақ даласына билік жүргізгенін, оның халқы ------------ астам болғандығын айтады.
Қазақтың ғұлама ғалымы --------------------- “Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді.” деп жазады
“Қасым ханның қасқа жолы” мынадай ережелерден тұрады
1.------------- ( жер дауы, мал-мүлік дауы)
2.------------(кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу)
3.------------(аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат)
4.---------------(майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық)
5.--------------------- (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан)

5.--------------------- (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан