Ашы? саба? ??стар-бізді? досымыз (даярлы? сынып)


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.
Білім көздері: Экология негіздері.
Тақырыбы: Құстар - біздің досымыз.
Мақсаты:
Құстар және олардың көктемдегі тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Құстардың тіршілігінде болатын өзгерістерге мысалдар келтіре отырып түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін және зейіндерін дамыту.
Құстарға қамқорлық жасауға баулу және оларға қалай жағдай жасау керектігін үйрету.
Сөздік жұмыс: қарлығаш, тоқылдақ, балапан, торғай, қараторғай және т.б.
Іс-әрекет бөлімдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру. Сезімді ояту
Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
Күннің кқзі ашылсын
Күн шуағы шашылды
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Кел ендеше бәріміз
Сәлем берейік үлкенге Балалар жаксы көңіл күймен амандасады
Ізденістер. Ұйымдастыру Балаларды топқа бөлу топ ережелерімен таныстыру
Топта тыныштықты сақтау
Топта белсенділік таныту
Достардың сөзін бөлмеу
-Құстар жайлы не білеміз?
-келетін құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?
-Құстардың қандай пайдасы бар?
«Дауысынан таны» үнтаспадан тыңдату
Құстардың келуі және ұя салуы, балапан шығаруы. Құстардың дауысына және сыртқы құрылысына қарап ажыратуға үйрету.
Жұмбақ жасыру
Тал басында тамаша үй
Ол не?
С. Көбеевтің «Құстың ұясы» деген әңгімесін оқып беру.
Сергіту жаттығуын өткізу.
Орнымыздан тұрайык,
Құстай қанат қағайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Құстардың суреттерін көрсетіп, олардың түрлерімен таныстыруды жалғастыру. Құстардың немен қоректенетінін әңгімелеу. Олардың табиғитты қорғаудағы рөлі туралы айтып өту. Осыған байланысты адамдар да құстарға қамқорлық жасайды. Құстарға ұя жасау, тамақтандыру, жем шашу, т.б.

Әліппе-дәптермен жұмыс жүргізіледі.
.
Шығармашылық жұмыс:
Құстың бейнесін құрату
Сипаттама беру
«Бұл қандай құс?» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: ерекшеліктеріне қарай құстарды сипаттап айтуға үйрету және оларды ажырата білу Құстарды бақылап,
ажыратып үйренеді.
Әңгімелерді
тыңдайды, түсінеді.
Балалар жауап береді
Балалар жауаптарын кезекпен айтады
Балалардың жауабы
Өлең жолдарын
айтып, жаттығу
жасайды.
Құстардың пайдасын
түсінеді, уғады.
Әліппе-дэптермен
жұмыс жасайды.
Тапсырмаларды
дұрыс орындауға
талпыныс жасайды.
Балалар мақалды қайталап, жұмбактың шешуін табады.
Ойынға барлық бала
белсенділік таныта қатысады. Мысалы:
Аққу – мойыны ұзын, қауырсындары аппақ немесе кара құс. Ол - өте әдемі құс. Суда жүзеді.
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау
Оқу іс- әрекетті қорытындылау мақсатында балаларға сұрақтар қойылады.
Құстарды топтастырады
1. Қандай құстар адамға жақын жүреді?
2. Құстар немен қоректенеді? Балалар сұрақгарға
жауап береді.
Күтілетін нәтииже: құстар және оныңтабиғатқа келтіретін пайдасы жөніндегі ұғымның қалыптасуы.
Білуі тиіс: жыл құстарын ажырата білу.
Түсінігі: құстардың тіршілігі, немен қоректенетіні туралы түсінігі
Қоректенуі: құстарға қамқорлық жасап, оларды қорғау.
№ 45 бейімделген орта мектебі КММ
«Айгөлек» шағын орталығы
Тақырыбы:
Құстар –біздің досымыз

«Сәулетай» тобы
Өткізген:СахытоваГ.М Пәні : Экология
Өскемен қаласы 2017жыл