?аза? тілі п?нінен ашы? саба? «?аза?ша?ыз ?алай?» интеллектуалды? ойыны (4 сынып)


Сынып: 4 «Б» қазақ тілі
Тақырыбы: «Қазақшаңыз қалай?» интеллектуалдық ойыныМақсаты:1. Оқушыларды қазақ тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.2. Басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, теледидарда жүргізілетін қазақша хабарға қызығушылықтарын арттыру.3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, қазақ тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру.Көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар. «Мемлекеттік тілі – рухани даму негізі» кітап көрмесі, ұпай беретін қағаздар, мадақтау қағаздары, Құрметті әріптестер, оқушылар!Бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл шарада 4 сынып оқушылары сайысқа түседі. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз – басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, теледидарда жүргізілетін қазақша хабарға қызығушылықтарын арттыру.Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің 4 сынып оқушылары арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты интеллектуалдық ойын сабағымызды бастаймыз. Сайыстың жалпы турлары:І тур. «Сәлем – сөздің бастауы» танысу диалогты түрде жүредіІІ тур. «Дода» – сұраққа жауап беру.ІІІ тур. «Кім жылдам?» шашыраңқы сөздерден сөйлем құру.ІV тур. «Әріптер сайысы» – тиісті әріптерден сөздер құрап,ажыратып оқу.Қорытындылау – үй жұмысы. Марапаттау.Қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп сайыстар кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған оқушылар «Қазақ тілі елінің құрметті азаматы» атағын жеңіп алады. Әр сайысқа ең жоғары ұпай 10, ең төмен ұпай 2.
Төселген жазушы емес менің затымКөркемді жұмыс емес жазған хатым«Сергек ой – ер серігі» дейді қазақ,Салмақтап ел танысын ерлер атын –деп, І сайысымызды бастаймыз:І - кезең. «Сәлем – сөздің бастауы».Танысу екі топ бір-бірімен диалогты түрде жүргізеді.
1. Аты-жөнің кім?
2. Жасың нешеде?
3.Сен нешінші сыныпта оқисың?
4.Сен қайда тұрасың?
5.Өзіңнің Отбасың туралы айт.
6. Әкеңнің аты кім?
7.Ол қандай адам?
8.Анаңның аты кім?
9 .Ол қандай адам?
10. Сенің әпкең бар ма?
11. Сен үйде не істейсің?
12. Сен үйде анаңа көмектесесің бе?
13. Сенің бөлмең қандай?
14.Сенің сүйікті ісің қандай?
15.Сен отбасы туралы мақал білесің бе?
16.Сен қандай баласың?ІІ - кезең. «Дода»Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап беру керек.
І-топ1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?2. ҚР Мемлекеттік тілі?3. Қыста не жауады?4. Бір жылда неше мезгіл бар?5. Күздің бірінші айы?6. Қазақстанның астанасы қай қала?7. Қазақта тағам түрлері нешеге бөлінеді?8. Бір тәулікте неше сағат бар?9. Наурызда пісірілетін басты тағам?10. Қазақстан туының түсі қандай?
ІІ-топ1. Буын нешеге бөлінеді? Түрлерін ата.
2. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?3. Қыс айларын ата:4. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?5. Көктем айларын ата:6. Тышқаннан қорқатын аң?7. Тамақты бұзбайтын салқын жәшік?8. Бір жылда неше күн бар?9.Сөздер неден құралады?10. Сөйлем неден құралады?ІІІ - кезең. «Кім жылдам?»Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау керек.1. Елтаңба, рәміздері, әнұран, ту, Қазақстан.(Қазақстан рәміздері: әнұран, елтаңба, ту.)2. Тілі, қазақ, тіл, мемлекеттік .(Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.)ІҮ- кезең. «Әріптер сайысы» Берілген әріптерден сөздер құрап,ажыратып оқу.
1.ОНЖИЫРМАОТЫЗҚЫРЫҚЕЛУАЛПЫСЖЕТПІСЕКСЕНТОҚСАНЖҮЗ2.ӘДЕМІКҮШТІМЕЙІРІМДІСҮЙКІМДІАҚЫЛДЫКӨҢІЛДІ
ІІІ. Қорытындылау.Құрметті ұстаздар мен оқушылар.
Тіл – әр ұлттың қайталанбас байлығы.
Тіл бар жерде ұят та, ел де, жер де болмақ.
Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік.Кіршіксіз қардай сақтаңдар,Қазақтың тілін ғаламат.Қазақ тілі – арым, иманым,Аманат, саған, аманат. М. Әлімбаев.Міне, осындай өлең шумақтарымен «»Тілдер мерекесінің» он күндігіне арналған «Қазақшаңыз қалай?» атты интеллектуалдық ойынымызды аяқтаймыз. Келіп, көріп, баға беріп, ат салысқандарыңызға көп рахмет!!! Сау болыңыздар!!!
№32 орта мектеп
Сыныптан тыс іс – шара
Қазақ тілі пәні

Тақырыбы: «Қазақшаңыз қалай?»
интеллектуалдық ойыны

Пән мұғалімі: К.Ж.Беркинбаева



2016-2017 оқу жылы