Коучинг на тему 7 модульді саба?та ?алай ?олданамын?


Береке орта мектебі МДШО мкм
Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың Талдықорған қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығындағы деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған физика пәнінің мұғалімі Нұрханова Ләззат Сүйеубайқызы
Тақырыбы: «7 модульды сабақта қалай қолданамын?»
Мақсаты: Мектеп ұжымын педагогикалық жаңашылдыққа үйрету. Сабақ құрылымын зерттеп игерту, әдістемелік көмек көрсету арқылы педагогтардің кәсіби құзыреттіліктерін дамуына әрекеттену
Оқытудың нәтижелері: 1.Пән мұғалімдері жаңа әдіс-тәсілдермен танысады
2.Әдістемелік көмек алады
3. Сабақ құрылымын жоспарлауды өзгертеді
4.Сабақ жоспарын құруда 7 модульды ықпалдастыра қолданады
5.Оқытудың әдіс-тәсілдерінің маңызын бағалайды
Негізгі идея: Біліктілікті арттырудың деңгейлік бағдарламасының негізгі мазмұнындағы модульдермен таныстыру, сабақта 7 модульдің аясында шығармашылық тұрғыда жұмыс жасауға әрекеттену.
Ресурстар: Слайд-презентация, видеожазба, маркерлер,флипчарт, стикерлер, түрлі-түсті қаламдар, таратпа материалдар , І деңгей нұсқаулығы
Сілтеме Әдістемелік нұсқаулық, І деңгей
Коучинг-сессиясының жүру барысы
Өткізу кезеңдері Уақыты Коучтің іс-әрекеті Қатысушылардың іс-әрекеті
Сәлемдесу
Топқа бөлу
Сабақтың тақырыбын айқындау және мақсатын ашу3 минут
7 минут 1.Қатысушылармен сәлемдеседі(Шекелерін түйістіру арқылы)
2.Аудиторияда психологиялық жағымды көңіл-күй орнатады «Адамдар мен үйшіктер»
(Үй ішінде 7 адам т.с.с бірнеше рет қайталап ойнау)
3. «Адамдар мен үйшіктер» әдісін пайдаланып топтасу әрекеттерін құрады
4. Керекті ресурстармен қамтамасыз етеді. (Флипчарт, маркер,түрлі-түсті қаламдар, кеспе қағаздар: нұсқаулықтан үзінді )
Әріп қиындыларын «Домино»әдісінің көмегімен құрастыру арқылы сабақ тақырыбын ашуға бағыттайды. Тұсаукесер ұсынып, бағдарламаның негізгі идеяларымен таныстырады.(СТО) Коучинг-сессиясына қатысушылар бір-бірімен шекелерін түйістіру арқылы амандасады«Адамдар мен үйшіктер»әдісінің шарты бойынша коучтың нұсқауын орындайдыОсы әдіс арқылы топтасады да жұмыс орындарына орналасадыЖұмыс столына қажетті материалдарын аладыҚатысушылар «Домино»ойыны көмегімен сыни тұрғыда ойлауға бағытталады,
сабақ тақырыбын құрастырады,
интерактивті тақтадағы тұсаукесерге назар салады«Уақыт шеңбері» стратегиясын қолданып топтық жұмыс ұйымдастыру 7 минут Видеоролик көрсетеді,СТО қалыптастырады.
Кеспе қағаздарға сұрақтар жазып таратады. Ойларын тыңдау.
Берілген бірнеше сұрақтарға жауап ретінде сурет салу арқылы немесе блок-схемалық түрінде әр топ постер қорғайды.
Теориялық түсінік 7минут Коуч 7 модульді өз сабағында қалай қолданғаны туралы жеке тәжірибесімен бөлісіп, тұсаукесер ұсынады Қатысушылар әр модуль бойынша сұрақтар қойып, біліктіліктерін дамытады,тәжірибе жинақтайды
Сергіту сәті 2 минут Интерактивті тақтада көрсетілген би мәнерін өзімен бірге салуға шақырады Мұғалімдер бәрі бірге орындарынан 2 қатарға тұрып,би мәнерін орындайдыПрактикалық бөлім
Шығармашылық жұмыс 5 минут Қатысушыларға 7 модульды кіріктіріп сабақ жоспарын 2 мұғалімнен бірігіп жоспарлауды тапсырады.
(Өз пәніңіз бойынша сабақ жоспарына өзгерістер енгізу барысында Бағдарламадағы жеті модуль идеяларын ескере отырып, жаңаша жоспар құрыңыз) Қатысушылар жаңа әдіс-тәсіл идеяларын пайдалананып , дәстүрлі сабақтан өзгеше сабақ жоспарларын құрады
«Ең маңызды сабақ» 3 минут Сабақ құрылымы ең маңызды болған сабақты слайд арқылы таныстыруды ұсынады Ең маңызды деп танылған сабақ жоспарын көпшілікке таныстырадыКәсіби көмек 3 минут Коуч мұғалімнің өз сабағын талдауға қойылатын талаптармен таныстырады, нұсқаулық таратадыПән мұғалімдері қойын дәптерлеріне инсерт әдісін қолданып түртіп алады, нұсқаулықты әдістемелік қоржынына саладыБағалау 2 минут «Күн шеңбері»әдісін ұсынады, түрлі-түсті бағыттаушы парақшаларды таратадыҚатысушылар бағыттаушы парақшаларды күн шеңберінің айналасындағы өзіне қажет деп есептеген тұсына жапсырадыРефлексия
2 минут «Шульманның 3 көмекшісі» кестесі әр қатысушыға пікірін қалдыру үшін таратыладыМұғалімдер кестеге өз ой-пікірлерін қажет тұстарына жазадыҚорытынды
Релаксация(видеоролик) 1 минут
5 минут Коучтың түйінді сөзі:
Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім.Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық! Пайдаланған әдебиеттер:1. Мұғалімге арналған нұсқаулық /І - деңгей/2. Выготский Л. С УЧЕНИЕ ОБ ЭМОЦИЯХ3. Мерсейтова С. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын ойлауын дамыту нысандары мен әдістері2. 12 жылдық білім беру. Республикалық ғылыми - әдістемелік және ақпараттық талдамалық журнал3. Білімдегі жаңалықтар. Ақпаратты - әдістемелік журнал4. Физика және математика. Ғылыми - әдістемелік журнал.
4.6. . «7 модульді сабаққа қалай қолданамыз?»коучингіндегі фотосуреттер



Өзінің қызметін SWOT анализ бойынша саралау (жұмысындағы күшті және әлсіз жақтарының ұйғарымы).
SWOT-талдау барысында төмендегі нәтижелер анықталды:
Жағымды жақтары (Strengths):
-өткізілген іс-шараның қуатты жақтарын екі тұрғыдан қарауға болады:
жауапты шебер-мұғалім тұрғысынан:
- мақсатқа сай жинақталған материал өзектілігі, көлемділігі;
-таңдалған СТО стратегияларының орындылығы мен топтық жұмыстың ұйымдастырылуы;
-дайындалған ресурстардың эстетикалық тұрғыдан көрнекілігі;
-сыни тұрғыдан ойлануға сай тапсырма дайындауға бағыттайтын іс-әрекеттің жоспарланып, жүзеге асуы.

Жағымсыз жақтары (Weaknesses):
-кейбір мұғалімдердің топтық жұмыста өктемдік көрсетіп, өзгелердің пікірімен санасқысы келмеуі ;
-уақыттың тапшылығы
Мүмкіндіктері (Opportunities):
Сыни тұрғыдағы тапсырмалардың ойлау туралы ойланып талдау жасауға, пікірін білдіруге жетелейтіндей дайындалғанын мұғалімдердің түсінуі,
- пікір алысу, тәжірибе бөлісу арқылы шығармашылық деңгейінің жоғарылайтынына сенімділігі;
- табысты еңбек ету үшін үздіксіз білім алу қажеттігін ұғынуы.
Қатерлері (Threats):
- қатысушы мұғалімдердің өз әріптестерімен коучингте біліп, үйренгендерімен бөліспей қалуы;
- ұсынылған интернет ресурстардан ақпарат іздеп, өз бетінше білім алуға талпынбауы;
-ұсынылған тапсырмаларды мұғалімдердің өздерінің орындай алмауы.