Т?рбие са?аты Кітап — білім кілті







Кітап – білім кілті
Мақсаты: оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, оны таза ұстауға үйрету, кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру.
Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер.
Барысы.
Кіріспе сөз. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.
Топтастыру. Кітап туралы оқушы білімін жинақтау. (Оқушылар «Кі-тап деген не?» деген сұраққа өз жауаптарын береді).
Негізгі бөлім. Кітап арабтың «жазу» деген сөзінен шыққан. Ол тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы болып табылады. «Оқымасаң ой тоқырай-ды» деген сөз кітап оқымағанның ойы таяз, санасы төмен, өмірі қараң-ғы болатынын дәлелдейді. Біздің елімізде көптеген дәстүрлі мерекелер бар. Олар біздің салт-дәстүрімізді, тарихымызды жаңғыртып отырады. Ал кітап дүние жүзі көлемінде аталып өтетін маңызы өте жоғары руха-ни байлық болып табылады. 2-сәуір – «Халықаралық балалар кітабы күні» және 23-сәуір – «Дүниежүзілік кітап күні» болып табылады.
Кітаптың құрылымымен таныстыру.
Мұқабасы
Беттері
Кітаптың не туралы екендігін түсіндіретін аннотациялық анықтама
Баспаның аты, шыққан жылы және авторлары
Мазмұны
Кітаптар көрмесімен таныстыру /оқулықтар, көркем әдебиеттер, сөз-діктер, энциклопедиялар, түрлі тақырыптағы иллюстративті кітаптар, бро-шюралар, т.б. қысқаша таныстыру/
Кітап туралы мақалдар.
Оқушылар кітап туралы өздері білетін мақалдарын айтады.
Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы.
Кітап – ақыл-ойдың айдыны.
Кітапсыз үй – терезесіз бөлме.
Кітап жинай берген мұрат емес, оқыған мұрат.
Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі.
Кітап туралы қанатты сөздер.
Оқушылар қанатты сөздерді оқып, оларға қысқаша түсініктеме береді.
Кітаппен дос бол, оның жомарт беттері көзіңді ашар, адал дос одан жоқ тегі.
(Расул Ғамзатов)
Талап қыл артық білуге, артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге.
(Абай)
Әрбір адамның ең жақсы досы, өмірлік досы кітап болуы тиіс.
(Мұхтар Әуезов)
Мен өз бойымдағы барлық жақсылық үшін алдымен кітапқа борыш-тымын.
(Максим Горький)
Кітап – өмір ұстазы. Кітап – рухани құндылық. Кітап біздің досымыз ға-на емес, мәңгілік тұрақты серігіміз. Кітап ел мен жерді сүюге, талапты, кіші-пейіл болуға, төзімділікке баулиды.
(Мұзафар Әлімбаев)
Кітаптың шығу тарихы. Алғашқы кітап осыдан әлденеше жыл бұрын пайда болған. Ол біздің қолымыздағы кітапқа еш ұқсамайтын. Алғаш рет кі-тап жұмсақ балшықтан жасалды. Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жа-зып, оны кептіріп, сосын күйдірген. Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған. Бамбук деп аталатын өсімдіктен таяқшалар әзірленіп, соған да жазған. Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған. Кейіннен жануарлардың терісінен пер-гамент деп аталған материал жасалып, кітап соған жазылған. Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз ХІІІ ғасырда пайда болған. Кітаптың шы-ғу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған екен.
Кітап қалай жазылады? (Оқушылар мұғалімнің жетекші сұрақтары-ның көмегімен сұраққа жауап береді).
Қағаздың негізгі материалы – ағаш. Ағаш орманнан кесіледі, жүргізуші-лер жүк машиналарына тиеп фабрикаларға жеткізеді, фабрика жұмысшылары ағашты өңдеп, одан қағаз жасайды. Дайын қағаз кітап шығарылатын баспаха-наларға жеткізіледі. Жазушылар, ғалымдар кітаптың мәтінін құрастырады, оны әріп терушілер кітап бетіне түсіреді, суретшілер мәтіннің мазмұнына сәйкес суреттермен безендіреді. Осылайша кітап сауда орындарына және бі-лім мекемелеріне таратылады. Оқушылар кітап шығару ісінде мыңдаған адамдардың маңдай тері бар екенін және көп көлемде қаржы бөлінгенін үне-мі есінде сақтау керек. Сондықтан кітапқа үнемі құрметпен қарап, таза ұстау-ға дағдыланғаны жөн.
Кітап туралы толғау. Кітап туралы сөз қозғағанда әдеби кітаптарды көп оқитын оқырманның ойына әдемі ойлар мен мазмұнды сөйлемдер келеді. Ен-деше осы толғауларға назар аударайық.
1-оқушы: Біздің ата-бабамыз «Кітап – ғажап дос», «Кітап – білім бұла-ғы» деп бекер айтпаған. Біз барлық білімді кітаптан аламыз, ол бізді қайы-рымдылыққа, әділеттілікке, зұлымдықпен күресе білуге үйретеді.
2-оқушы: Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз, жақсысынан тағылым аламыз, оны қымбат мұра ретінде бағалаймыз. Араб жазушысы Әл-Жиһаз кі-тап туралы «Мен одан артық қайырымды көршіні, одан әділ досты, одан ас-қан елгезек жолсерікті, одан артық көнбіс ұстазды, одан асқан дарынды ақылшыны білмеймін» деген екен.
3-оқушы: Кітап қай заманда да өзінің құндылығын жоғалтпаған. Ол – өлмейтін дүние. Кітаптан асқан қазына жоқ. Ешқандай байлық, ешқандай дү-ние оның орнын баса алмайды. Пайдасы жоқ кітап болмайды. Кітап біткеннің бәрі ерте заманнан бері адамзат баласының тек пайдасына ғана жарап келе жатыр.
Жағдаятты шешу. Сонымен біз кітап туралы өзіміздің ойларымызбен таныстық. Жақсы ойлар мен пайдалы пікірлер айтылды. Әлемдегі қызықтың барлығын, табиғат ғажайыптарын, жаратылыс сырларын, тарих шежіресін біз кітаптан ғана табады екенбіз. Бірақ күнделікті өмірде біздің кітап туралы ойымыз бен ісіміз өзара үйлесім тауып жата ма? Осы сұрақ туралы бір сәт ойлансақ, бұл сұраққа «Жоқ» деген жауап аламыз.
Алдымызда екі кітап жатыр: жақсы ұсталған және лас ұсталған оқулық. Қай оқулыққа жаның ашиды? Неге? Оқулықтың қай жері ауырады? Бұл оқу-лықты қандай оқушы ұстаған? Ол оқушыға ризасың ба?
Тапсырма. Оқушы лас ұсталған кітаптың рөліне еніп жағдайын баян-дайды.
Енді осы кітапты ұстаған оқушыға қандай жаза қолдануға болады? (Оқу-шылар өз ойларын ортаға салады).
Келесі жылы ол оқушыға ескі оқулық берілсін.
Мектеп кітапханасына жаңа оқулық алып берсін.
Бұл оқушының ата-анасына ескерту беру керек т.б.
Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбас үшін әр оқушы мына ереже-лерді есте сақтау керек.
Кітап ұстаудың ережелері.
Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал.
Кітап беттерін жыртпа, оған сурет салма, суреттерді бояма.
Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.
Кітапты күн көзіне қойма, беттері сарғайып кетеді.
Кітаптың арасына қалам, қарындаш салма.
Кітап оқығанда арнайы қыстырма қағазды қолдану керек.
Викториналық сұрақтар.
Кітаптар тұрағы қалай аталады? (Кітапхана)
Кітаптармен жұмыс істейтін маман қалай аталады? (Кітапханашы)
Кітапханаға үнемі барып кітап оқитын адам қалай аталады? (Оқырман)
Балаларға арналған қандай газет-журналдарды білесіңдер? («Ұлан», «Мөлдір бұлақ», «Балдырған», «Бала би», «Ақ желкен» т.б.)
Кітап басып шығаратын жер қалай аталады? (Баспахана)
Мектеп оқулықтары қандай баспалардан шығады? («Атамұра», «Мек-теп»)
Кітапты жазған адамды қалай атайды? (Автор)
Халықаралық балалар кітабы күні қай күн? (2-сәуір)
Дүниежүзілік кітап күні қай күн? (23-сәуір)
ІV. Қорытынды. Кітап – шебер ұстаз. Ол – тілсіз мұғалім. Сонымен бү-гінгі сабағымыздың кейіпкері – кітап. Ол – бүкіл адамзаттың ұстазы. Бүгінгі сабағымыз мынадай өлең жолдарымен аяқталады.
Оқы талмай, түй санаңа, жас ұлан,
Сыр құямын, жыр құямын санаңа.
Білім – қару, білім керек адамға,
Ал білімді мен құямын санаңа.