Ата-ана жиналысы презентация колледж білім алушылары ата-аналарына арнал?ан


Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керекӘл- Фараби Күн тәртібінде Баяндама. Сауалнама .Психологиялық кеңес.Әр түрлі мәселелер. Қорытынды. МАҚСАТЫ: Ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Абай. ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫОтбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да, отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. М. Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген сөзі отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді. Тәрбие басы «әдептілік» деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. .Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген. Сондықтан баланы өмірге бейімдеуде колледж, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Ата-ананың міндеті:1. Балаңыздың топ жетекшісімен тығыз байланыста болуы;2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;4. Балаңыздың сабағына қатысу. Ата-аналар кодексінде:-Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті;-Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана - өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру - ақыл айту емес;-Баланы жақсы көргендігіңізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз;-Колледждегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар.Ұлы ұстаз Макаренко: «Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз.Кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды» деген.       Ата-аналарға арналған этикалық кодекс1.Колледж білім ошағы екенін есте ұстаңыз.2. Ұстаздың қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.3.Бала тәрбиесі тек ұстаздың ісі емес, ортақ іс екенін ұмытпаңыз.4. Колледж – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз, өзіңізді де, сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.5. Колледждік және топтағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.6. Өз балаңыздың колледжден тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.7. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз, оған оқуға қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.8.Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапкершілікпен қараңыз. 9. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін, күнделігін, дәптерін қадағалап отырыңыз.10. Егер колледжге сабақ уақытында келсеңіз, топ жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.11. Өз мүмкіндігіңізге қарай колледжде өтілетін мерекелік шараларға, байқауларға қатысыңыз.12.Өз еріктерімен әрбір ата-ана колледжге ұйымдастырушылық ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады.13.Колледж ішінде, топта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз:1. Топ жетекшісі және топ шебері.2. Пән мұғалімі (қажет жағдайда);3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;4. Мектеп басшысы. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС 1. Таңертең сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. 2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да, болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз. 3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертең) ашқұрсақ жібермеңіз; 4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз; 5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз; 6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады; 7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз; Балаңызға еркіндік беріңізБалаңызды ренжітпеңізБалаңызды балағаттамаңыз Психологиялықтест Тест «Сіз қандай тәрбиешісіз?»1.Бала курстасымен төбелесіп қалды, сізді тез арада колледжге шақырып жатыр, не шара қолданасыз?а)ызалықпен жазалайсыз;ә)жөн сұрап, не себептен төбелес шыққанын, содан кейін шешім қабылдайсыз;б)ең алдымен топ жетекшісімен сөйлесесіз.2.Үйді жинап жатқанда, бала кездейсоқ вазаны сындырып алды сіздің әрекетіңіз.а) ең біріншіден, желкеден бір қоясыз;ә) ыза үстінде: «Жоғал! Сенің көмегіңсіз-ақ істеп аламын»;б) баланы жұбатасыз, ол әдейі істеген жоқ қой.3. Егер сіз баланы жазаладыныз, содан кейін сіз дұрыс істемегенізді сезіңесіз :а) өз беделінізді түсірмейсіз;ә) кешірім сұрайсыз;б) қатенізді түсініп, үлкендердің қателесетіндігін айтасыз.
Тест «Сіз қандай тәрбиешісіз?»4. Бала сізді сұрақпен жаудырып, сұрап жатыр сіз шаршап тұрсыз ...а) итеріңкіреп: «Бір сәт сенен демалайыншы»;ә) ойланбастан, амалсыздан жауап бересіз;б) шаршағаныңызды түсіндіресіз, бұл сұрақты басқа уақытқа қойып, уақытын белгілейсіз. 5. Бала сізден шығарма жазуға көмек сұрайды. Сіз оған не дейсіз?а) қатаң айтасыз: «Өзің жаз, сонда ғана үйренесің.»;ә) мазмұнына көмектесіп, әдебиетіне нұсқау беруге қол ұшын бересіз. Одан кейін өз бетімен жазады.6. Бала анасына – «Балық сатып алып, асырайықшы» - дейді. Сіз оған қалай жауап бересіз?а) бірден: «Ол сенің уақытынды алады», - дейсіз.ә) «Жарайды, сен соны қаласаң мен саған аквариумды ұстауға көмектесемін.»;б) «Егер сенің ынтаң терең болса, мен саған сатып алып берем, бірақ есіңде болсын, өзің қарайсың».
Тест «Сіз қандай тәрбиешісіз?» Тесттің кілтіЕгер сіз барлық 6 сұраққа да «б» әріпті белгілесеңіз, сіз жақсы тәрбиешісіз.Егер сіздің жауабыңыз «б» әріптің 3-еуіне ие болсаңыз, сіз өз әдет-жүрісіңізге назар аударыңыз артық емес. Егер аз жауап берсеңіз немесе жауапты ойланбай белгілесеңіз, өз психологиялық әдістеріңізге тереңірек ой салуыңызға тура келеді.
Әр түрлі мәселелер