Гг дыбысы мен ?рпі та?ырыбында сауат ашудан ашы? саба?


Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылы
«Қ.Дамитов атындағы орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Конушпаева Булгын Толкумбаевна
Сабақтың тақырыбы: «Г» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Г дыбысы мен әрпін таныстыру, сөз ішіндегі Г дыбысының ерекшелігін меңгерту, сөзге дыбыстық талдау жасату арқылы Г дыбысының дауыссыз екендігін байқату.
Балалардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу.
Көрнекілігі: Электрондық оқулық, әріптер кассасы, суреттер, слайд
Әдіс – тәсілі: АКТ, түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау, жинақтау.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, математика
Сабақтың барысы:
1.Психологиялық сәт: Шаттық шеңбері
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір- біріне тілек айтып, сәттілік тілейді.
Қуан, шаттан! Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
2.Миға шабуыл: - Балалар , біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
Электрондық оқулық бойынша «Адасқан әріптер» ойынын ойнату
ІКҮ, ЙҮКЕР, КҮТІ, ҮКЛЕН.
3.Жаңа сабақ: (Электрондық оқулық бойынша)
Оқушыларға өлең тыңдату:
Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер
Тұра берші ырғалып,
Тұра берші нұрланып.
Балалар, өлең не туралы?
Әрине гүл туралы.
-Гүл сөзін айтайықшы. Гүл,Гүл
Сөздің басында қандай дыбыс естіледі? - Г дыбысы.
Г дыбысы туралы түсінік беру
Дауыссыз; шұғыл, кедергіге ұшырап айтылады; сөздің басында, ортасында кездеседі.
Тағы қандай сөздерде Г г дыбысы кездеседі?( өздеріне айтқызу, тақтадағы суреттерді атату)
Гүл, газет, галстук сөздерімен сөйлемдер құрату. Сызбасын тақтаға жазғызу.
Аталған сөздерге дыбыстық талдау жасатып, сызбамен белгілету.
5. Дәптермен жұмыс:
-Г әрпімен таныстырып, жазылуын талдау:
-Тақтаға жазып көрсету
-Ауада жазып көрсету
-Г әрпін жазу үлгісі бойынша жазғызу.
Сергіту сәті: Интербелсенді тақтадан қарап, би қимылдарын қайталау.
6.Оқулықпен жұмыс:
- Оқушыларға оқулықтағы сөздерді хормен оқыту, мағынасына түсінік беру.
- Слайдтағы сөздерді буынға бөліп, оқыту.
7.Мағынаны тану
- Балалар, көгершін қандай құс?
- оны көргендерің бар ма? Оқулықтағы «Ақ көгершін» өлеңін оқу. (2-3 оқушыға оқытамын, өзім оқып беремін), (слайд ашу).
8.Сабақты пысықтау:(электрондық оқулықты қосу)
«Вагондарға орналастыр» ойыны.
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды сәйкес вагондарға орналастыру.(ү, л, а, г, н, ы, д, о)
«Өз орныңды тап» ойыны
Сурет атауындағы сөзде г дыбысы басында кездессе бір сандыққа, ортасында кездессе екінші сандыққа апару керек.(гүл, жүгері, галстук, газет)
Тақтадағы суреттердің арасынан құрамында г дыбысы бар сөздерді тауып көрсету.(гүл, ине, глобус, тиін, гитара, күн)
9. Үйге тапсырма:
«Ақ көгершін » өлеңін жаттау.
10.Бағалау:
Сабаққа белсенді, өте жақсы қатысқан оқушыларға көңілді смайликтер,
жақсы қатысқандарға- басқадай смайликтерді беріп, мадақтап, сабақты аяқтау.
: