Ашы? саба?: Мені? сыныптас достарым. Ы дыбысы мен ?рпі ?аза? тілі


Оқу ісінің меңгерушісі:
Күні:16.11.16
Сынып: 1 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Менің сыныптас достарым. Ы дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.
Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Ы дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут Тез тұрамыз шеңберге,
Қол ұстасып бәріміз.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру,
Қандай жақсы дос болу, -деп бір –біріміздің қолымыздан ұстау арқылы бір-бірімізге достық жылу сыйлаймыз.
-Кеше біздер қандай дыбыспен танысып едік?
-Ы дыбысы қандай дыбыс, кеше оны қандай үйге орналастырдық?
-
-Мен кеше сіздерге шешуінде ы дыбысы болатын жұмбақ жаттап келуге тапсырма бергенмін, қане кім дайын?
- /
Енді сендерге мен жұмбақ жасырайын, сендер шеше қойыңдар. /суреттері ілінеді/
Жұмбақ шешу:
1.Толып келіп,
Бос кетер. /қасық/
2.Ұрлап ішіп,
Үйде сүтті қоймайды,
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды. /мысық/
Мен тақтаға осы жұмбақтардың шешуі болатын суреттерді іліп қойдым, енді 3 топтан 3 оқушы шығып осы сөздерге дыбыстық талдау жасай қояйық. Шаттық шебері
Суреттер
Сабақтың ортасы
8 минут
№1 Тыңдалым.
-Мәтін не туралы болды?
-Үйде қандай ыдыстар бар екен?
-Ыдыспен не істейміз?
-Тамақ ішіп болған соң не істеу керек ыдыстарды?
2-3 оқушы мәтін мазмұнын әңгімелейді.
Үйде өздері аналарына ыдыс жууға көмектесе ме?
Кесе қасық шанышқы сөздерін 3 тілде үйрету
Пиала ложка вилка
Cup spoon fork
№2 Оқылым.
Ыдыс ыдыстар сату сатушы ырыс ы рысты сыр сыр ды са ры тары.
Хормен оқу, жекелеген оқушылар оқу.
Мәтін оқылады. Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті
1 минут «Апам үшін» әніне қимылдар жасау
Апам үшін күнде де
Отынға ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де,
Дүкенге де барамын.
Жұбатамын бөпемді,
Жуам аяқ-табақты.
Апам бірақ мен үшін,
Оқымайды сабақты.
Сергіту сәтіне арналған жинақ
Қызықты тапсырма
8 минут
Аяқталуы
16 минут №3 Суреттерге қараңдар. Қай оқушы өзін үзілісте жақсы ұстады. Қай оқушы өз тәртібін жөндеуі керек, топта талқылайды.
Дәптермен жұмыс.
Оқулық, дәптерлер.
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау «Бас бармақ» тәсілімен өздерінің сабақтан алған әсерін көрсетеді.
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Сөздерді суреттермен байланыстыр

нан ыдыс раушан анар допСөздерге дыбыстық талдау жаса.
Тары сатушы

1. Сөздерді оқып, оларды суреттермен байланыстыра алады.
2. Сөздерге дыбыстық талдау жасай алады.
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.