Таным саласы, ?арапайым математикалы? ??ымдарды ?алыптастыру б?лімі, 3 саны


 Тақырыбы: 3 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты: Балаларды 3 санының жазылу жолдарымен, құрамымен таныстыру. Олардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. 0 ден 3 санына дейінгі сандарды ауызша тура және кері санауға үйрету.Типі: Жаңа сабақты меңгертуТүрі: Аралас сабақ.Әдіс - тәсіл: Сұрақ - жауап.Көрнекілігі: Бағдаршам суреті, таяқшалар, суреттер, ермексаз, геометриялық пішіндер.Пәнаралық байланыс: Сурет, мүсіндеу, жапсыру.
Сабақтың барысы.I. Ұйымдастыру кезеңіII. Психологиялық дайындық. Бір - біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуы арқылы бір - бірімізге жылы лебіз айтайық, жақсы тілек тілейікIII. Негізгі бөлім.- Ой қозғау- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Күз.- Күз мезгілі неше айдан тұрады?- Үш айдан- Қазір қай ай?- Казан айы1. Жұмбақ шешейік.Үш көзі бар қаз - қатарКезек - кезек ашадыҮшеуінен байқасымҮш түсті нұр шашадыБұл не?- Бағдаршам.- Балалар бағдаршамды көргендерің бар ма? Бар- Ол қайда орналасқан?- Қалада жолдың бойында орналасқан.- Бағдаршамның неше көзі бар?- Үш көзі бар. Міне, мынау бағдаршам ендеше санайық 1, 2, 3.1 - ші көзінің түсі қызыл2 - ші көзінің түсі сары3 - ші көзінің түсі жасыл. Осы үш көздің атқарып тұратын қызметі бар.Олар қызыл көзін ашқандаСынық сүйем баспа алғаСары көзін ашқандаҚарап қалма аспанғаЖасыл көзін ашқандаӨте бергін, жасқанба.Бағдаршам жол бойында жүргіншілерге, жүргізушілерге бағыт бағдар беріп тұратын электр құралы. Кәне санайық 1, 2, 3.Балалар, біз бүгін 3 санымен таныстық, міне мынау 3 санының цифрі. Сандық қатар 1 - ден басталады 0, 1, 2, 3. Бағдаршамның көздері қандай пішіндерге ұқсас.- Дөңгелекке.- Қане бәріміз ауада дөңгелек пішінді салайық. Осы бағдаршамның көздерінің артында тапсырмалары бар екен. Орындауға дайынбыз ба.1. 1 - ші қызыл көздің тапсырмасы.Сандардың оң және сол жақ көршісін тап. 0, 1, 2.2. 2 - ші сары көздің тапсырмасы.Сымда 1 торғай отыр оған 1 торғай келіп қосылды, барлығы қанша болды?3. 3 жасыл көздің тапсырмасы.Күз мезгілі неше айдан тұрады?Атап айтып шық.IV. Сергіту сәті
1, 2, 3Бойға жинап күшҚолға қалам аламын,Әдемі сурет саламын.4."Фигураларда қанша бұрыш бар" ойыны алдарыңдағы фигуралардың бұрышын санап шығындар. Бағдаршамның тағыда тапсырмасын орындайық.1 - қатар. Бағдаршамның үш көзін ретімен орналастыру.2 - қатар. Ермексаздан дөңгелек пішіндерді мүсіндеу.3 - қатар. Дөңгелек пішіндерді түстерін келтіріп бояу.V. Бекіту:"Қандай сан жоғалды?"VI. Сабақты қорытындылау: Балалар бүгінгі сабаққа барлығыңда жақсы қатысып, қиындықтан қорықпай жолдан өтерде бағдаршамға бағынатындарыңды, әдепті, тәртіпті екендеріңді көрсеттіңдер. Әрқашанда жол ережесін сақтап, аман - есен жүрейік.