К?рсеткіш те?деулер мен оларды? ж?йелері


Көрсеткіштік теңдеулер мен олардың жүйелеріСабақ тақырыбы: Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелеріСабақтың мақсаты:Білімділік:Оқушыларға көрсеткіштік теңдеу ұғымын және оны шешу тәсілдерін үйрету, көрсеткіштік теңдеулер мен есептер шешу дағдыларын қалыптастыруДамытышулық:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,таным белсенділігін арттыру, оқушы практикамен ұштастыруға тез шешім қабылдай білу мақсатында өз білімін нақты көрсете алуға дағдыландыру.Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойын айта білуге, ұжымдық ауызбіршілікке баулып, өзбетімен еңбектенуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Жаңа білім беруСабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, слайдтар,оқулық,карточкалар.Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру. Сабақты іс-әрекет туралы аңыздан бастайын.(аңызды айту)Қалай ойлайсындар, жігітке не істеу керек еді? Сол затты алу. Міне, сендерге де бүгін сабақта білім алып, оны практикада қолдану керек.Алдарында нұсқаулар жатыр.1. сабақ мақсаты2. саб.қорытындылау3. бағалау парағы. (толтыру қажет)II.Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап, III.Жаңа сабақты түсіндіру.Сабақтың тақырыбы: көрсеткіштік теңдеулерЭпиграфы: Теңдеу-барлық математикалық сезамдарды ашатын алтын кілт.Поляк математигі: Станислав КовальЕнді біраз ойланып, тақырыпқа қарап, қандай сұрақтарға жауап алғыларын келетінін айтындар,№1 нұсқау.:Еске түсірейік:1. Теңдеу деген не?2. Теңдеуді шешу?3. Теңдеу түбірі деп нені айтады?4. Теңдеудің қандай түрлерін білесіндер?Тақтада теңдеу түрлері.Осы теңдеулердің қайсыларын білесіндер?Ал мына теңдеулердің айнымалысы қай жерде орналасқан (дәреже көрсеткішінде)Қорыта айтқанда, осы теңдеулер-көрсеткіштік теңдеулерДәптерлеріне тақырып жазайық, және көрсеткіштік теңдеулерге анықтама беріп көріндер. (оқушы)Анықтаманы дәптерге жазуКөрсеткіштік теңдеулерді шешу тәсілдері: Теңдеу шешімдерімен беріледі. Анықтау керек, қандай тәсілмен оларды шешкен.2^(х+2)=64, 2^6=64, онда2^(x+2)=2^6,x+2=6,x=6-2,x=4.Тексеру: 2^(4+2)=64,64=64.Жауабы: х=49^х-4∙3^х-45=0 ,9^х=(3^2 )^х=3^2х=(3^х )^2 (дәреженің қасиеті)онда,келесі теңдеу түрінде жазамыз(3^2 )^х- 4∙3^х-45=0,Енді 3^х=t ,t>0 ,t^2-4t-45=0,t1= 9, t2= -5 ( бөгде түбір, өйткені t > 0),3^х=9,3^х=3^2,х=2.Тексеру: 9^2-〖4∙3〗^2-45=0,0=0. Жауабы: х =2.3^(х+1)-〖2∙3〗^х=9,3^х∙3-〖2∙3〗^х=9, (дәреженің қасиеті)3^х∙(3-2)=9, 3^х∙1=9,3^х=9, 3^х=3^2, х=2.Тексеру: 3^(2+1)-〖2∙3〗^2=9,9=9.Жауабы: х =2.Бір негізге келтіру тәсіліЖаңа айнымалы еңгізуОртақ көбейткішті жақша сыртына шығаруЕжелгі грек ақыны Нивей-математиканы көрші адамның шығарып отырғанына қарап, білуге болмайды деген.Онда сендерге мынадай жұмыс: шешу тәсілдері бойынша теңдеулерді топтастыру.Жұбымен ауыстырып тексеру.Тақырыпты бекіту: Топпен жұмыс: Теңдеудің шешу тәсілдерін анықтап, теңдеулерді шешу.Теңдеудің түбірлері: 3,16,11,4Келесі слайдта адамның физиологиялық жағынан уақытты қалай жоспарлау керегі туралы нұсқауКүнделікті өмірде шаманың өзгеру жылдамдығы шаманың өзіне пропорционал болатыны бізге мәлім. Осы процестерді формуламен көрсетуге болады. Бұл бізге физика курсынан белгілі.Көрсетк. функцияның өмірде кездесу жағдайлары туралы мәліметті тындайық.( оқушы)ҰБТ тапсырмаларынан есептер қарастыруҮй жұмысы: оқулықтан№200, №205 (көрсеткіштік теңдеулердің өмірде қолдану туралы мәлімет)Сабақтың қорытындысы: №2 нұсқау бойынша.Мен бүгін сабақта...Сабақты аяқтау алдында эпиграфқа қайта оралсақ. Мен сендерге, әр қайсыларын осы өмірде кез-келген есікті ашатын өз алтын кілттерінді табуындарына тілектеспін.