Саба? жоспар СЫЗЫ?ТЫ? ФУНКЦИЯ Ж?НЕ ОНЫ? ГРАФИГІ (7 сынып)


Тақырыбы: СЫЗЫҚТЫҚ ФУНКЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ГРАФИГІ. Мақсат:
Білім • Сызықтық функция және оның графигін таниды.
Түсінік • Сызықтық функцияның графигін салуды түсінеді.
Қолданым әрекеті • Кесте құру арқылы сызықты функцияның графигін салады.
Талдау әрекеті • Сызықты функцияның графигі қандай сызық болатынын талдайды.
Шығармашылық әрекет • Формуламен берілген сызықты функцияның мәнін табады.
Бағамдау әрекеті • Математика пәнінен сызықтық функция және оның графигін білу маңызды деп бағалайды.
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (5 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту ( 3 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (25 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.).
V. Бағамдау - бағалау (5 мин.).
Сабақ типі:
•Жаңа тақырып меңгеру.
Оқыту әдісі:
• Репродуктивті, ішінара ізденушілік
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
• Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
• Сызықты функция, график
Оқушыда дағды қалыптастыру:
• өзін-өзі дамыту дағдылары - өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; ұжымда жұмыс істеу дағдылары – ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, объективті бағалай алуы, оны сынып алдында қорғай алуы.
Ақпарат көздері:
1. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2-басылым/А.Е. Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.А Жұмағұлова Алматы, Мектеп,2011
2. А.Е. Әбілқасымова Математика. Дидактикалық құрал. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған.- Алматы, Мектеп, 2011ж.
3.А.Е. Әбілқасымова Математика 6-сыныбына арналған оқу-әдістемелік құрал / Алматы, Мектеп, 2011.
4. Т.А. Алдамұратова Координаталық түзуде, В.И. Тупаева. Математика. Дидактикалық құрал. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған.
5. Алдамұратова Т.А Математика. 6-сыныбына арналған оқу-әдістемелік құрал. Алматы,Атамұра, 2011.
Оқушы жетістігін бағалау:
• Оқушының оқу іс-әрекеті ол АБ, ҚҚ блогындағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады. Сонымен бірге оқушыға ШӘ блогындағы тапсырманы орындағаны үшін қосымша бонус балл қойылады.
САБАҚ БЛОКТАРЫ
і. АҚПАРАТ АЛМАСУ. ТАҚЫРЫП ЖОСПАРЫ:
Сызықты функция
График бойынша функцияны формуламен жазуды үйренейік.
1- слайд 1- тақырыпша Сызықты функция
2- слайд
у = kx + b формуласымен (мұндағы х—тәуелсіз айнымалы, k және b — кандай бір сандар) беруге болатын функцияны сызықтық функция деп атайды.
3- слайд
Мысалы: у = -2х + 3,4; у = 7; у = 12х; у = 0 — сызықтық функциялар.
4- слайд
у = kx + b (мұндағы k және b — тұрақты сандар) сызықтық функциясының графигі түзу болады.

5- слайд
Түбірлері бірдей теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады.
Мысалы, 4(х-3)=0 теңдеуі мен 4х-12=0 теңдеуі мәндес теңдеулер, себебі
4(х-3)=0 теңдеуінің де түбірі 3-ке тең, 4х-12=0 теңдеуінің де түбірі 3-ке тең.
Ескеретін жағдай: кейде теңдеудің түбірі болмайды.
Түбірлері болмайтын теңдеулер де мәндес теңдеулер болып саналады.
6 -слайд
Тендеулерді түрлендіріп, ах=b түріне келтіру үшін теңдеулердің мынадай қасиеттері пайдаланылады.
1-қасиет:
Тендеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде тендеу мәндес тендеуге түрленеді.
Тендеуді мұндай түрлендіруді енгізген IX ғасырдағы Орта Азия ибн Мұхаммед Мұса әл-Хорезми.
2-қасиет:
4434840-753110 Тендеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
7 -слайд
1-мысал.4х+3=х+5,1,1-қасиет бойынша: 4х-x=5,1-3,
3х=2,1,2-қасиет бойынша: х=2,1 : 3,
х=0,7.0,7 - теңдеудің түбірі.
Тендеудің шешімінің дұрыстығын тексерейік: 4 • 0,7+3=0,7+5,1,

іІ. алғашқы бекіту Сызықтық функция Мысал келтір.
Қорытынды____________________________________________________________

IІІ. ҚҰзырлылық ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Деңгейлік тапсырмалар:
I деңгей тапсырмалары
1.№1196. Берілген функциялар сызықты бола ма?
______________________________________________________________________
2.№1197. Сызықтық функциясы берілген. y-ті табыңыз
______________________________________________________________________
3.№1198. Сызықтық функциясы берілген. y-ті табыңыз
______________________________________________________________________
4. .№1199. Сызықтық функциясы берілген. y-ті табыңыз
______________________________________________________________________
II деңгей тапсырмалары
5.№1201. Функцияның графигін салыңдар.
______________________________________________________________________
6.№1202. Функцияның графигін салыңдар.
III деңгей тапсырмалары
7.№1209. Функцияның графигінің координаталар осьтерімен қиылысу нүктелерінің координаталарын тауып, графигін салыңдар. ______________________________________________________________________
IV. Шығармашылық ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Топтық жұмыс
Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлініп келесі тапсырманы орындайды.
I топ
Сызықтық функция формуласымен берілген. Егер:
1) 3)
2) 4) болса, k-ның мәнін табыңдар.
Шешуі:

II топ
Сызықтық функция формуласымен берілген. Егер:
1) 3)
2) 4) болса, l-дің мәнін табыңдар.
Шешуі:

V. Бағалау-бағамдау Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
VІ. Үй жұмысы Оқулықтағы №1200; 1203; 1204;1205
Топтық жұмыс есептерін толықтырып шығару.