Сызы?ты? функция ж?не оны? графигі 6 сынып


Пән: математика
Сынып: 6
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі
Білімділік: Сызықтық функцияның анықтамасы және графигімен таныстыру, сызықтық функцияға қатысты есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Теориялық білімдерін практикада оптимальды қолдана алуы
Тәрбиелік: Білімге талпыну, іздену, жұмыскерлік қабілеттерін тереңдету
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып
Сабақтың типі: Түсіндіру , практикалық
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру
II.Үй жұмысын пысықтау:
Үй тапсырмасының орындалуын тексеру
III.Жаңа тақырып / теориялық бөлім/
y = kx + l (мұндағы x -  тәуелсіз айнымалы, k мен l – нақты сандар) түріндегі формуламен берілетін фуннкцияны сызықтық функция деп атайды.
     у = kx + l  функциясының анықталу аймағы барлық нақты сандар жиыны.
    Егер у = kx + l сызықтық функциясындағы l = 0 болса, онда       у = kx түрінде жазылады. у = kx функциясы тура пропорционалдық деп аталады.
     Егер у = kx + l формуласындағы  k = 0 болса, у = 0x+l,                онда у = l; у = l функциясы тұрақты функция деп аталады. у = l тұрақты функциясы сызықтық функцияның дербес жағдайы.
 Сызықтық функцияның  графигі
у = 1,5x - 2 сызықтық функциясының графигін сызайық.
Ол үшін x пен y-тің сәйкес мәндерінің кестесін құрастыру керек.
 х -3 -2 -1 0 1 2 3
у -6,5 -5 -3,5 -2 -0,5 1 2,5
 
Координаталық жазықтықта координаталары кестеде көрсетілген нүктелерді белгілейік.
Белгіленген нүктелерді қоссақ, түзу сызылады. Осы түзу у = 1,5x - 2 сызықтық функциясының графигі болады. y = kx + l функциясының графигі түзу сызық
Жазықтықтағы екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізілетіндіктен, түзуді жүргізу үшін, оның екі нүктесінің координаталарын білу жеткілікті.
Y = kx + l сызықтық функциясының графигі болатын тузу ординаталар (Оу) осін (0;l) нүктесінде, ал абсциссалар (Ох) осін (к:0) нүктесінде қияды.
ІV.Практикалық бекіту.
Ауызша : №1327
V.Қорытындылау
Сызықтық функцияның графигі қандай сызық болады
y = kx + l функциясының графигі қалай салынады
VІ. Үйге тапсырма беру: §43, сұрақ 1-4 344 бет, №1333, №1334, №1335
VІІ. Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою