О?т?стік Американы? жер бедері мен пайдалы ?азбалары


Сыныбы: 7-класс
Тақырыбы: Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары
Оқытудың мақсаты: Оңтүстік Американың географиялық орнына, зерттелу тарихына сипаттама бере отырып, оның жағалауындағы мұхиттар мен теңіздердің материк табиғаты үшін маңызын түсіндіру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар Оңтүстік Америка материгімен танысады, материктің басқа материктерден ерекшеліктерін біледі
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, миға шабуыл, полиглот, сана аллеясы, кубизм әдістері
Көрнекіліктері: атлас, карта, оқулық, суреттер, үлестірмелі карталар, плакаттар, Дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта
Сабақтың кезеңдері:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
Сабақты қорытындылау кезеңі
Бағалау кезеңі
Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1.
Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық ахуалды жақсарту Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
(15 мин)
1-тапсырма. Миға шабуыл
Материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар ата?
Материктің солтүстігін Атлант мұхитының қай теңізі шайып жатыр?
Материк табиғатына қай мұхиттың әсері күшті?
Материк жағалауларына алғашқылардың бірі болып келген саяхатшы кім?
Х.Колумб Америкаға қанша рет саяхат жасады?
Х.Колумб алғашқы екі саяхатында қай жерлерді ашқан еді?
2-тапсырма. Кубизм әдісі
1-Х.Колумбтан кейін материкке қадам басқан саяхатшы.
2. Рио-де- Жанейро испанша қандай мағынаны білдіреді?
3. Оңтүстік Америка ұзақ уақыт бойы қай мемлекеттің отарында болды?
4. Х.Колумб Американың байырғы халқын кімдер деп атады?
5. Оңтүстік Америка қай жарты шарда жатыр?
6. Жер шарын айнала жүзген саяхатшы.
3-тапсырма. Полиглот әдісі
1.Амазонка - дүние жүзіндегі ең суы мол **** (өзен, река, river)
2.Анд - дүние жүзіндегі ең ұзын **** (тау, гора, mountain)
3.Оңтүстік Америка материгін Атлант және Тынық **** шайып жатыр. (мұхит, океан, ocean)
4.Отты жер – материктің ең ірі **** (арал, остров, island)
5.Таудағы ең биік ****-Титикака (көл, озеро, lake) Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру.
3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.
(10 мин) Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары.
Анд тауы
Жазықтар
Жер шарындағы аса ірі ойпаттардың бірі- Амазонка ойпаты
Ла –Плата жазығы
Ориноко жазықтары Гвиана таулы үстірті
Бразилия таулы үстірті Патогония үстірті
Анд тауына қарай биіктейтін ішкі жазықтарға: Пантанал, Маморе, Гран-Чако жатады.
Оңтүстік американың ең күрделі жер бедері- Анд тау жүйесі.
Тау жүйесі бір –бірінен бірде алшақтап, бірде түйісіп, тау түйіндерін құрайтын бірнеше жоталар тізбегінен тұрады.
Аконкагуа шыңының биіктігі 6960 м. Тау шыңдары сүйір болып келеді, олардың басын мәңгі қар мен мұздықтар алып жатыр.
Екі литосфералық плитаның түйісу аймағында орналасқан жас қатпарлы тау
Оңтүстік Америка жері пайдалы қазбаларға өте бай:
Шығыс бөлігіндегі үстірттер- Темір марганец уран никель алмас алтын боксит
Ойпаттарда- мұнай мен табиғи газ, тас көмір.
Анд тауында- Мыс, Қалайы, Қорғасын, Мырыш, Күміс, Асыл тастар Оқушылар дәптерлерін, оқулықты ашып, жаңа сабақты жазады.
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі (10) 1. «Мен не білдім» әдісі арқылы слайдта көрсетілген объектіні табу.
2. Кескін картаға материктің жер бедері мен пайдалы қазбаларын түсіру. Бүгінгі өткен тақырыпты бекіту, суреттерді талқылау, ортаға салу, түсіндіру.
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
(5 мин) Сабақты бүгінгі тақырыптар бойынша фронтальді немесе жеке сұрақтар қою арқылы қорытындылау:
«Сана аллеясы» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, бүгінгі өткен тақырыпты қорытындылайды. Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
6. Бағалау кезеңі
мин Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды
Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
(1мин) Тақырыпты оқу
тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру;
кескін картаны аяқтап келу Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.