Поурочный план по самопознанию на тему Салауатты ?мір салты (10 класс)


Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Чапаев жалпы орта білім беретін мектебі.
Күні:25.11.2016№: 12
Тақырыбы: Салауатты өмір салты.
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттері: құмарлықты тыя білу, зиянды заттардан аулақ болу, дұрыс тамақтану.
Мұғалім: Ерзакова Акмарал Беляловна Сыныбы: 10Оқушылар саны: 6
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстаудың туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақтың міндеттері:
1.Оқушыларға дұрыс тамақтану түсінік беру;
2. Құмарлықты тыя білу қасиеттерін арттыру ;
3. Зиянды заттардан аулақ болуға тәрбиелеу. Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтағы жағымды күйге келу.
5Т ережесін еске түсіру. Тыныштық сәті "Нұрға бөлену". (Хрустальная грусть мелодиясы). Сабақ барысын талқылау:
2. Үй тапсырмасын тексеру. 3. Жағымды ой-пікір (Дәйексөз).
«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» Т. Карлейль 1. Денсаулық, салауаттылық дегенді қалай түсінесіздер?2. Осы екі ұғымның арасында қандай байланыс бар?3. Өзіңіз салауатты өмір сүру үшін қандай іс - әрекеттер жасайсыз?4. Салауаттылық - өмір негізі деген көзқарасқа қалай қарайсыз?
Дәптерге жазып алу. 4. Оқиға айту (әңгіме).
«ӨМІР СҮРУДІҢ ЕҢ ЖАҚСЫ ЖОЛЫ» Ф.Тайтелиев
Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Американың түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды.
Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:
- Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің арттағы дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін. Осы долларға бір нәрселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.
Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:
- Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым – деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Екінші баласы:
- Дүкенге барып екі жастық алдым – деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Үшінші ұлы:
- Долларды ұсақтап, 50 центін мешітке бердім, 20 центін қайырымдылық қорға бердім, 20 центін да садақа ретінде тараттым. Қалған 10 центке екі нәрсе алдым – деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.
Әке баласына риза болып:
- Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы – айналаңа жарық тарату!
Сұрақтар:
1. Әкесі қандай мақсатпен балаларына ақша берді?
2. Үшінші баласының бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?
3. Егер сендерге осындай шартпен бір доллар ақша берсе, не істер едіңдер? infourok.ru
5. Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.
Оқушылардың екі топқа бөлу. Топқа ат қою, мағынасын түсіндіру(мақал немесе нақыл сөзден ). «Салауатты өмір» жобасын жасау, ортада жариялау(ұран жазу)Сұрақтарға жауап беру (әр топқа 4 сұрақтан беру)1. Денсаулықты сақтаудың қандай шарттары бар?2. Дұрыс тамақтанбау қандай ауруларға шалдықтырады?3. Зиянды әрекеттерге нелер жатады?4. Темекі шегу қандай ауруларға шалдықтырады?5. Ең көп таралған ауру?6. Ішімдіктің адам ағзасына келтіретін зияны?7. Нашақорлық зардаптары?8. Жұқпалы аурулар жайлы не білесің? 6. Топпен ән айту.
Өміріңе немқұрайлы қарама әні: Сәкен Дәрібаев сөзі : Серік Сейітман Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.
Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Шақша басың айналса да бақыттан.
Қайырмасы:
Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,
Өміріңе немқұрайлы қарама 
Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,
Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.
Сын сағатта сақтау үшін өз басын
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.
Өмірңе немқұрайлы қарама
Айдын көлге айналса да көз жасың. 7. Үй тапсырмасы. 52-беттегі, №13 сабақтың С.Ақатайдың мәтінін оқып келу. 8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныштық сәті.
Баяу музыка қосылады. Балалар, бүгінгі сабақтан алған білімдерінді, құмарлықты тыя білу, зиянды заттардан аулақ болу, дұрыс тамақтану қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Сау болыңыздар! Денсаулықты сақтаудың қандай шарттары бар?
Дұрыс тамақтанбау қандай ауруларға шалдықтырады?
Зиянды әрекеттерге нелер жатады?
Темекі шегу қандай ауруларға шалдықтырады?
Ішімдіктің адам ағзасына келтіретін зияны?
Нашақорлық зардаптары?