Презентация по самопознание на тему Салауатты ?мір салты ( 8 класс)


Салауаттылық- өмір салты8 - сынып Өзін –өзі тану пәні мұғалімі: Аймағанбетова К. Д Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін түсіндіру.Дамытушылық: салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.Тәрбиелік: Жағымсыз іс-әрекеттер- ден аулақ болуға тәрбиелеу. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте жарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену Үй тапсырмасын тексеру25-сабақ оқуДәптермен жұмыс жасау“Салауатты өмір сүру үшін .... ” өз ойларын сурет арқылы жеткізу. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиялық даму бағдарламасында “Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесі- мен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымыз- ға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған, ” -делінген. Дәйексөз“Өмірді әрқашан қуанышты сезіммен қабылда, ол сенің даналығыңды көрсетеді.” М.Монтень – француздың ағартушы- ғалымы,саясаттанушы. Салауатты өмір сүру дегеніміз не?Адам өміріне зиянды заттарға нелерді жатқызар едің?Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?Зиянды әдеттерге адам неліктен үйір болады? Дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануТамақтану, еңбек, демалу гигиенасы Салауатты өмір салтыҚоршаған орта, табиғатты қорғауӨзара қарым-қатынастар, гигиенасының негізгі талаптарын орындауЗиянды әдеттердің алдын алу ӘңгімелеуАңыз әңгімеӨзгелерге зиянды заттарды ұсынатын адамдар үнемі шындықты айта ма?2. Кейбір адамдар неліктен темекіге, ішімдікке әуес болады?3. нәрселеЗиянды рден қалай бас тартуға болады? Зиянды заттарАрақ. ГероинКөкнарАпиынАнашаБірлестірілген есірткілер



Темекінің ағзаға әсеріТемекінің адам ағзасына тигізетін әсеріӨкпесі ауырады Қан тамырларын тырыстырадыЖазылмайтын жара пайда боладыАдам өмірі қысқарады Тыныс алу мүшелеріне зиян



Арақтың адам ағзасына тигізетін әсері Алкогольдің ағзаға тигізетін әсеріДененің жылуы төмендейдіЖүйкеге әсер етедіЖүректің соғысы әлсірейдіТыныс алуы баяулайды Ағзаның іс-қимылы өзгереді



“Мені жалғастыр...” ойыныШығармашылық жұмыс1. Зиянды заттардан ертең емес бүгін ... 2. Арақ - ...3. ... – зор байлық.4. ... саудың – жаны сау.5. ...- бар байлықтан қымбат.6. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын …. ізде.7. Демі бардың ... бар.8. ... тартқан сабазын, көрер талай азабын. Жағдаяттарды талдау1 жағдаят: Бір күні сені жан досың бір отырысқа ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстінен түстің. Сен бейтаныс адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырады. Досың да солар жағында. Бұған дейін досыңның мұндай әдеттерін байқамап- сың. Осы жағдайда сен не істер едің, қандай да бір шұғыл шешім қабылдайсың ба? Өз шешіміңмен бөліс. 2 жағдаят: Сыныпқа жаңадан оқушы келді. Барлық сынып оқушылары онымен жақын араласып кетті. Сіз онымен дос та болып алдыңыз. Кейін сіз оның жұқпалы аурумен ауратының білдіңіз. Бұл жағдайдағы сіздің іс - әрекетіңіз қандай? 3 жағдаят: Сенің өте жақсы көретін ағаңның аузынан ептеп сыраның иісі шығатынын бір – екі рет байқадың. Ағаңды қалай құтқарар едің? 4 жағдаят: Саған 11 - сынып оқушысы: «Маған күнде бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе......» деп жұдырығын көрсетіп, шарт қойды. Не істейсің? « Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсау- лығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі » С.Назарбаева Салауаттылық- өмірдің жетістігі Топпен ән айту1) Балдаурен көктем асығып жеткен, шағала күндер,Базарлы маусым шырқалған даусың тамсанып асем.Балауса балғын, көк майса шалгын барады күнде,Терберліп билеп, жайқалып билеп ән салып әсем.Қайырмасы:Балдәурен бақытты ән дәуренКеледі қанатым самғауменКөңілдің ұшырып аққуынБалауса бал бұлақ балдәурен Балдәурен әні — А.Бексұлтан , сөзі — Б.Ауданбаев 2) Жаныңа жылы жүрекке ыстық көңілге сұлуТойа ма көзім балдәурен кезім бақыт-ау, бақыт.Даламдай дархан тауымдай биік өмірге сұлуТойа ма көзім айтшы сен өзің уақыт-ау, уақыт.Қайырмасы:Балдәурен бақытты ән дәуренКеледі қанатым самғауменКөңілдің ұшырып аққуынБалауса бал бұлақ балдәурен Үйге тапсырма1. 26- сабақ оқулықтан оқып келу.2. 25- сабақ бойынша дәптермен жұмыс жасау.3. “Денсаулық ” сөзіне сөзжұмбақ құрастыру. Соңғы тыныштық сәтіТыныштық , Тыныштық ,Тыныштық бар жерде,Тыныштық ,Тыныштық ,Тыныштық бүкіл әлемде.

Сау саламатта болыңыздар!