?деби-саз кеші ?лемге танымал классик композиторлары


Әлемге танымал классик композиторлары.
Мақсаты: «Біздің алдымызға қойған мақсатымыз – классицизм дәуірінің райын беріп, ұлы композиторлардың музыкасы арқылы сол бір өткен ғасырға сапар шектіру.
Мазмұны: 1. 17 -18 ғасырлардағы музыка өнері (Классицизм)
2.Өмірбаяндары
3. Шығармашылық мұрасы
4. Дерек көздер
1. 17- 18 ғасырлар- маңызды қоғамдық -саяси , тарихи және идеологиялық оқиғалар кезеңі. Жаңа өмір, жаңа өнерді талап етті. Ағарту дәуірі қоғаммен өнердің жаңа идеяларын алға қойды. 17 ғасырда концерт жанры туа бастады. Итальян тілінен аударғанда жарысу, сайысу дегенді білдіреді. Скрипкалық және опералық музыкамен қатароргандық және клавирдік өнер гүлдену шегіне жете бастады. Жалпы 17-18 ғасырдағы өнерде – классика, рококо, барокко, реализм бағыттары дамыды. Соның бірі классицизм яғни классика – бұл 17 -18 ғасырлардағы Еуропа өнеріндегі бағыт. Музыкада «Вена классицизімі» ең көп тарады, оның өкілдері: Йозеф Гайдн, Вольфганг Амадей Моцарт, Людвиг Ван Бетховен. Музыкада Йозеф Гайднның, Вольфганг Амадей Моцарттың, Людвиг Ван Бетховеннің керемет шығармалары және симфония, соната, концерт, камералық ансамбль сынды жаңа жанрлар пайда бола бастады. 17 – 18 ғасырлар аралығында симфония және соната жанрлары, ұлы классиктер Йозеф Гайднның, Вольфганг Амадей Моцарттың, Людвиг ван Бетховеннің шығармаларында қалыптасты. Вен классиктері Йозеф Гайдн, Вольфганг Амадей және Людвиг ван Бетховеннің шығармаларында соната жанры жоғары гулдену шегіне жетті. Соната – итальян тілінен аударғанда үн шығу- көбінесе төрт бөлімнен тұратын, бір немесе екі аспапқа арналған циклдік музыкалық шығарма. Тәртіп бойынша бірінші бөлімі сонаталық аллегроның формасындай яғни пішініндей. Бірнеше сонатаны сонатиналар деп атайды. Ал Симфония – грек тілінен – үндестік – оркестр үшін жазылған үлкен музыкалық шығарма. 18 ғасырдың екінші жартысында пайда болған төрт бөлімді цикл. Енді ұлы классиктердің өміріне , шығармашылығына жеке тоқталатын болсақ .
Балалық шағы.  Йозеф Гайдн (Франц атымен композитор өзін ешқашан атамаған) 1732 жылдың 31 наурызында туған граф Гарраховтардың иелігінде карета шебері Маттиас Гайдн (1699—1763) отбасында дүниеге келген. Әке шешесі вокалмен айналысқан, музыканы жақсы көрген. Олар баланың бойындағы дарынды ертерек байқап, оны 1737 жылы туыстарына Хайнбург-на-Дунай қаласына жібереді, онда Йозеф хорлық ән айту мен музыканы үйрене бастайды. Венадағы қасиетті Стефан соборындағы қызмет. 1740 жылы Йозефті Веналық құдіретті Стефан атты собордың капелласының директоры Георг фон Рейттер байқап, дарынды баланы өзінің капелласына алады. Онда он жыл ішінде (1740 - 1749) Венадағы құдіретті Стефан соборында хорда ән айтып, аспаптарда ойнап үйренеді.Кішкентай Гайдн үшін капелла жалғыз мектеп болатын. Оның дарынының дамуы мөлшері бойынша оған күрделі партиялар бере бастады. Гайдн бұл хормен мерекелік іс-шараларға, тойларға, жерлеу рәсімдеріне, қалалық мерекелерге де қатысты. Осындай шаралардың бірі 1741 жылы Антонио Вивальдимен қоштасу болды. Гайдн өз балалық шағы өткен ауылдағы жағдай келешекте композитордың шығармашылығына негіз болады. Барлық шығармаларында австрияның ұлттық шығармашылығымен байланыс сақталады.
берді.Гайднның шығармашылығына едәуір әсер еткен Венаның музыкалық өмірі: өзіндік ерекше фольклор, итальяндық опера және аспаптық музыка.Соборда соңғы жыл жұмыс істегенде (1745 жыл), сол мектепке інісі- Михаэль Гайдн келеді. Ол келешекте дарынды композитор, оқытушы және  Вебердің мұғалімі болады. Йозеф өздігінен оқыған  композиторлық теорияны інісіне үйретеді. Екеуі де әдемі және күшті дауыстарға ие болып, собордың хорында жеке орындаушылар болатын.Ұл балалардың дауыстары сына бастаған кезде, оларды аяусыз қуып жіберетін. Гайдн да осы ауыртпалылыққа тап болды.Қызметтен босатылу. Бірнеше түн бойы Гайдн далада түнеп жүрді. Жолдасын кездестіріп, шатырдың ең астында орналасқан бөлме тауып алады. Бөлмеде ескі, сынған клавикорд болады. Ақша табу үшін ол шіркеулерге барып органшы болып орналасуына үміттенеді. Бірақ бұның барлығы босқа болады. Табыс үшін ол тиын- тебенге жеке сабақтар беретін.Ф. Э. Бахтың шығармаларымен танысу. Суық және ылғалды бөлмеде тұрып, ол клавикорд пен скрипкада ойнайды, музыка теориясы туралы еңбектерді оқып, әртүрлі композиторлдардың шығармаларын зерттеп, өз шығармаларын жазады. Филипп Эммануил Бахтың клавирлық сонаталары оған үлкен әсер етеді. Сөйтіп, ол Гайднның сүйікті композиторына айналады. Ф. Э. Бахтың әсері Гайднның ерте шығармашылығында байқалады.Алғашқы зингшпиль.  1751 жылы Гайдн түнгі серенадаға қатысып жатқанда, оны комедиялық әртіс Курц естиді. Ол Гайднға «Асмодей, или Новый хромой бес» атты музыкалық комедияны жазуға ұсыныс береді. Бұл 19 жасар Гайднның алғашқы сахналық шығармасы. Оның музыкасы сақталған жоқ.Никколо Порпора. Өзінің шығармаларында композиторлық техника жетіспейтінін сезген Гайднның оқығысы келеді. Оқуға қаражаты болмағандықтан, Венада өмір сүрген итальяндық композитор, әнші және мұғалім Никколо Попораның класына сүйемелдеуші болып орналасады. Ол белгілі композитордан композиторлық шығармашылық облысында ақыл сұрайтын. Порпорамен қатынасудан Гайдн пайда шығарып алады: ол контрапункт пен генерал- бас өнеріндегі білімін ретке келтіреді.
Граф М. Морцианда қызметте. Фюрнбергтің кеңесімен 1759 жылы Гайдн Максимилиан Морцианның сарайына капельмейстер ретінде алынды. Морцианның Лукавец имениясында он екі музыканттан тұратын  капелла бар болатын. Бұл капелла үшін ол көңіл көтеретін дивертисменттер жазды. 1759 жылы осы жерде ол алғашқы симфонияларын жазды.
Эстергазида қызметте. Морцианда  екі жыл жұмыс істеп, 1761 жылы венгр князі Павел Антон Эстергазидің капелласына жұмысқа тұрады. Онда ол 30 жыл жұмыс істейді.
Эстергазидің капелласы Эйзенштадтағы резиденциясында болатын. Музыканттардың алғашқы саны 14 болатын.
Қызметтік және әкімшілік қызметтері. Гайднда , Эстергазимен келісім- шарт жасағанда, көп міндет болатын. Елісім- шарт бойынша өзінің қожайынының бұйрығы бойынша белгілі күнге симфония, квартете немесе месса шығаруы; капелламен жаңа шығармаларды жаттап, оларды белгілі күні орындау; жұмысқа тиісті киім- алтынмен тігілген қамзол, ақ шұлық пен бұрымға өрілген парикпен келу; күнделікті түскі асқа дейін және астан кейін қожайынынан күндік жарлық алу; капелладағы тәртіпке жауап беріп, кешіккендерді айыптық кітапқа жазу; музыкалық нота және аспаптардың күйін байқау; әншілерге сабақ беру, т. б.
ӨЗінің көптеген әкімшілік міндеттеріне қарамастан, ол көп шығарма жазды. 1761 жылы жазылған үш симфония: «Утро», «Полдень», «Вечер» ерекше орын алады. «Прощальная симфония». 1772 жылы жазлған «Прощальная симфония» Гайднның  ерте шақта жазылған шығармалардан ерекшеленеді. Бұл шығарма Гайднның симфониялық шығармашылығында ерекше орын алады. Дәстүрлі 4 бөлімнің орнына, бұл симфонияда 5 бөлім. Ертеректе жазылған симфониялардан бөлек, бұнда көтеріңкі, драмалық кейіптер басым.Шығармашылық жетілудің басы. «Парижские» симфониялары.  Сексенінші жылдары Гайднның шығармашылығы жетіліп, шеберлікке жетеді. Композиторлық стилі орнайды. .  Сексенінші жылдары жазылған шығармалардың ең үздіктері 6 «Париждік» симфония (1786). Олар алғаш Госсектің жетекшілігімен Парижде орандалды. 1788 жылы ол ішекші аспаптар оркестріне және балалар аспаптарының жиынтығына арнап «Балалар симфониясын» жазады. Сол онжылдықта ол Моцартпен танысады. Австрияның композиторы Гайднның музыкаға сіңірген еңбегі расында орасан зор. Моцарт, Бетховендермен бірге вендік классицизм стилін дамытып, бір арнаға түсіруде аянбай тер төккен адам. Бұл стиль өз бастауын барокко кезеңінен алып, соңы романтизм кезеңімен аяқталады. Гайдн өзінің 50 жылдық еңбегінде Бах пен Бетховеннің арасындағы стилистикалық үңгірді толтырып, екі кезең арасына көпір сала білді. Қарайпым тілмен айтқанда, музыкантты жаңа музыка стилінің негізін салушы деп айтуға да болады.  Ол - 104 симфония, 83 ішекті аспаптар квартеті, фортепианоға арналған 52 соната, 30-дан астам опера, 3 оратория және тағы басқа шығармалардың авторы. Йозеф Гайднды "Симфония мен квартеттің атасы" деп атайды. Камералық ансамбльдерге көптеген концерттер жазған. Композитор Йозеф Гайдн өзінің шығармаларын былай атады: di me giuseppe Haydn, италиян тілінде: «менімен, Йозеф Гайднмен». Баритон үшін 126 трио, увертюралар, марштар, билер, оркестр мен түрлі аспаптарға арналған дивертисменты, клавир мен басқа аспаптарға арналған концерттер, ораториялар, клавир үшін түрлі пьесала, өлеңдер, канондар, шотландия, ирландия, валлия өлеңдерінің фортепиано үшін өңделген түрлері (скрипка немесе виолончельге өз қалауымен) жазған. Шығармаларының ішінде 3 оратория («Әлемнің пайда болуы», «Жыл мезгілдері» және «Кресттегі құтқарушының жеті сөзі»), 14 месса және басқа да рухани шығармалар жазған.
• Скрипка мен фортепианоға арналған 12 соната (солардың ішінде ми минор сонатасы, Ре мажор сонатасы бар)
• Екі скрипка, альт және виолончель үшін 83 ішектік квартет
• Скрипка мен альт үшін 7 дуэт
• Фортепиано, скрипка (немесе флейта) және виолончель үшін 40 трио
• 2 скрипка және виолончель үшін 21 трио
• Баритон, альт (скрипка) және виолончель үшін 126 трио
• Араласқан үрлегіш және ішектік аспаптар үшін 11 трио Концерттері
Оркестрмен бір немесе бірнеше аспаптар үшін дайындалған 35 концерті: • Оркестрлік скрипкаға арналған төрт концерт
• Оркестрлік виолончельге арналған екі концерт
• Оркестрлік волторнаға атналған екі концерт
• Оркестрлік фортепианоға арналған 11 концерт
• 6 органдық концерт
• Екі дөңгелекті лирге арналған 5 концерт
• Оркестрлік баритонға арналған 4 концерт
• Оркестрлік контрабасқа арналған концерт
• Оркестрлік флейтаға арналған концерт
• Оркестрлік трубаға арналған концерт
• Клавишаға арналған 13 дивертисмент
• Вокальдық шығармалар
Тыңдау : «Балалар симфониясы» видео
Волфганг Амадей Моцарт

Моцарт 1780 жыл шамасында, Johann Nepomuk della Croce салған.
Вена классикалық мектебінің көрнекті өкілі — Вольфганг Амадей Моцарт. Өзінің көркем шығармаларымен әлемге танылған аса талантты дарын иесі барлық жанрларда еңбек етіп, артында мол музыкалық мұра қалдырған. Моцарт алты жасынан Еуропаны аралап, Италия, Франция, Германия елдерінде концерт қояды. Оның шығармаларынан дәуір тынысы көрініп, олар өзара бірлікте танылады. Жаңашыл Моцарт өзіне дейінгі музыка мәдениетін дамыта отырып, Гайдн ізімен оны классикалық деңгейге көтере білді. Өз замандастарынан озып, Л. Бетховен шығармашылығы мен XIX ғасырдағы романтизм ағымының тууына ықпал етті. Вольфганг Амадей Моцарт 1756 жылдың 27 қаңтарында Австрияның Зальцбург қаласында дүниеге келді. Шіркеу қызметкерлерінің оған қойған аты Иоганн Хризостом Вольфганг Теофил еді.
Моцарттың туған қаласы Зальцбург. Австрия
Әкесі Леопольд композитор әрі капельмейстер болғандықтан бастапқы музыкалық білімді өз әкесінен алады.Музыкаға деген қабілеттер үш жасынан ақ көріне бастаған. Әкесі Леопольд алдыңғы қатарлы еуропалық педагогтардың бірі болған. Әкесінің «Versuch einer gründlichen Violinschule» (Скрипкада ойнау негіздері жайлы шығарма) атты кітабы 1756  ж Моцарт туған жылы жарыққа шықты. Талай басылымнан өткен бұл кітап талай тілдерге аударылған. Вольфгангқа әкесі клавесин, скрипка мен органда ойнауды үйреткен.
Барлық жерде Моцарт халықты өзінің қабілетімен таңырқатады: музыкамен танысы бар, бейтаныс бар адамдар арасындағы қиын жарыстардың жеңімпазы атанады.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/1763" \o "1763" 1763 жылы Парижде Моцарттың клавесина мен скрипкаға арналған алғашқы сонаталары шығады.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/1766" \o "1766" 1766-1769 жылдары Моцарт Гендел, Страделла, Кариссими, Дуранте және т.б. мықты шеберлерді оқып зерттейді. 1769 жылы оның "Жалған қарапайымдылық" атты алғашқы пьесасы қойылды. Моцарт құдды аспаннан түскен періште секілді еді. Жастайынан-ақ белгілі болған дарыны оны халық арасында кеңінен танымал қылды. Осылайша 1770 жылы Италияда өнер көрсетті. Бұл жолы да өнерімен халықты сүйсіндіре алды.
Бірақ оның дулы өмірі бұлай жалғаса берген жоқ. 17 жасқа келгенде жергілікті архиепископтың бұйрығымен оған туған қаласы Зальцбургтен шығуға тиым салынды. Бұдан былай ол тек шіркеуге арналған музыка жазуға міндеттелді. Дегенмен, 1781 жылы оған Мюнхенге барып-келуге рұқсат берілді. Моцарт сол жақта "Идоменей, Критский патша" операсын қоюға міндетті болды. Операның премьерасы 1781 жылдың 29 қаңтарында болды. Сәтті қойылымнан соң, композитор Вена қаласына жол тартып, Вебер ханымның үйіне қонақ болады. Ақыры не керек, Вебердің қызы Констанцияны өзіне жар қылып тынады. Венада өткізген күндері Моцарт үшін қарымды жылдар болды. Неге десеңіздер, дәл осы кезеңдерде ол операдан бөлек симфония, квартет, инструменталдық концерт, хор жанрларында қабілетін сынап көрді. 1782 жылдың 16 шілдесінде оның "Сералден алып қашу" атты операсы көпшілікке жол тартты. Бұл оның неміс тілінде жазған алғашқы операсы еді.
Тыңдау:  "Серальден алып қашу". Увертюра
17 жасынан аса бастағанда, оның шығармалары арасында ұсақ композицияларды айтпағанда төрт опера, бірнеше рухани өлеңдер, 13 симфониялар, 24 сонаттар болған.

1780 жыл шамасындағы жанұясы суреті, салған Johann Nepomuk della Croce: Наннел, Волфгаң, Леопольд. Керегеде 1778 ж. қайтқан Моцарт анасы суреті.
1783 — 85 жж. Йозеф Гайднға арнап Моцарт алты атақты пернелік квартеттерді жазады, осы саланың шебері Йозеф ұлы құрметпен қабылдайды. Оның «Davide penitente» (Өкінген Давид) ораториясы осы уақытқа жатады.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/1786" \o "1786" 1786 жылдан бастап Моцарттың оның денсаулығының сыр бере бастау себебі болатын әдеттегіден тыс жемісті, әрі шаршаусыз іскерлік өмірі басталады. Таңғаларлық жылдам құрыстырылған шығарма үлгісі ретінде алты апта ішінде 1786 жылы жазылған «Фигаро үйлену тойы» операсын айтуға болады, тез жазылса да бұл опера өзінің әуендік сипаттамасының кіршіксіздігімен, шексіз сүйсінулігімен ерекшеленеді.1786 жылдың 1 мамырында "Фигароның үйлену тойы" операсының премьерасы болды. Бұл жолғы операның сәтті болғаны соншалық, ол халық арасына кеңінен тарап, түптің түбінде халықтық опера атанды.Композитор 1787 жылы Прагадағы опера театрына арнап "Дон Жуан" операсын жазып шықты. «Дон-Жуаннан» кейін Моцарт 1788 жылы бір жарым айда үш ең танымал симфонияларын жазады: № 39 ми-бемоль мажор (KV 543), № 40 соль минор (KV 550) және № 41 до мажор (KV 551).Моцарттың еңбектері халыққа кеңінен тарап, көпшіліктің мойындауына ие болса да, материалдық тұрғыда жағдайын жөндей алмай-ақ қойды. Соның себебінен қосымша сабақ беріп, түрлі гастрольдерге шығып, жан бағуға тура келді.1791 жылдың 30 қыркүйегінде оның "Сиқырлы флейта" операсының премьерасы өтті. Осыдан соң, Моцарттың денсаулығы сыр беріп, төсек тартып қалды. Осы күйінде әлемге танымал хорға арналған "Реквиемін" жазуға әлі жетті.Ұлы композитор 1791 жылдың 5 желтоқсанында дүние салды. Естелік ретінде композитор өлімінен тоғыз күннен кейін Прагада жиналған қалың жұрт алдында 120 музыкант Антонио Розеттидің "Реквиемін" орындайды..Қазір оның жатқан жері халыққа белгісіз болса да, артына қалдырған музыкалары мәңгілік ел жүрегін шаттыққа бөлейтіні сөзсіз.
Тыңдау: Моцарт «Реквием» видео
 
Людвиг ван Бетховен (нем. Ludwig van Beethoven, 16 желтоқсан, 1770 жыл, Бонн, Алмания — 26 наурыз, 1827 жыл, Вена,Аустрия) — немістің ұлы композиторы, дирижері және пианисі, үш Вена классиктерінің бірі.
Людвиг ван Бетховен өнердің мақсатын, мәнін барлық қауымға өзінің кеудесіндегі ыстық жалынымен күйдіріп бара жатқан пендеге және бостандыққа деген махаббатын жеткізуде көрген. Бірақ оның өнерінің бүкіл адамзатқа қызмет етуі, ақиқатта зиялы қауымдағы жеке адамдар шеңберіне қызметке айналды. Бұл Бетховен өміріне азапты әсер етті.Людвиг ван Бетховен 1770 жылдың желтоқсанында Германияның Бонн қаласында дүниге келді.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%98%D0%BE%D0%B3%D0%B0%D0%BD%D0%BD_%D0%B2%D0%B0%D0%BD_%D0%91%D0%B5%D1%82%D1%85%D0%BE%D0%B2%D0%B5%D0%BD&action=edit&redlink=1" \o "Иоганн ван Бетховен (мұндай бет жоқ)" Иоганн ван Бетховен – Людвигтің әкесі – капеллада қызмет етті. Әнші, скрипкашы, клавесинист, ол қабілетті музыкант болғанымен алкогольға құмарлық Людвигтің өміріне ауыр зиян келтірді. Бетховенның ерте көрінген музыкалық дарынына әкесі жаңа табыс көзіне секілді қарады. Людвиг 12 жасында клавесинде, скрипкада, органда еркін ойнады және парақтан жеңілдікпен ноталық мәтіндерді оқи алған.
Христиан Готлоб Нефе Бонндық капелланың жаңа директоры болып келді. Көптеген зингшпильдер және опералар, өз заманының сергек музыканты, көкірегі ашық, дана, алдыңғы қатарлы адам, Нефе Бетховенның ұстазына айналды. Ол жас Бетховенді гармония, контрапунктпен таныстырды. Нефеның арқасында 1782 жылы Бетховенның алғашқы туындылары: Дресслер маршы тақырыбына вариациялар, үш фортепианолық соната, басылып шықты. 13 жастан бастап ол жанұясын қаржыландырушыға айналады. Сол кезде Бетховен қала интеллигенциясымен араласып атаққа ие болады. Бірақ провинциялық өмірден жалығып ол 1787 жылы Венаға аттанады. Онда Бетховен Моцартпен кездесіп «Свадьба Фигароның» авторын өзінің импровизациясымен таң қалдырады. Кенеттен шешесі ауырып қалып Бетховен туған қаласына оралуға мәжбүр болады. Анасының өмірден өткенінен кейін әкесі рухани әлсіреп, төмендеген Бетховен кіші інілеріне қамқоршы болады. 1792 жылы Йозеф Гайдн Боннға келгенде, жас композитордың (50 шақты шығарма: фортепианоға арналған кішігірім пьесалар, үш соната, түрлі құрамдық ансамбльдер, екі кантата, кішігірім балет) шығармаларына сүйсініп Бетховенды Венаға шақырады. 1792 жылдың күзінде Бетховен жастықпен қоштасып Венаға бет алады. Бетховен пианист және импровизатор ретінде Венаның өнерпаздары арасында көзге түсті.
1795 жылы басылған оркестрлік 1. фортепианолық трио Бетховенге композитор ретінде көпшілік назарын аударды.
1795-1802 жж. аралығындағы он шақты шығарманың ішінде 12 фортепианолық соната, 3 фортепиано мен оркестрге арналған концерт,екі симфония, 6 ішектік квартет оркестр 18, фортепианолық және ішекті аспаптық трио, және т. б. жазады.
Қиын өзінің өнерінің мәдениет әлемінде орын іздеу жылдары Бетховен үлкен қасіретке душар болып қалады, ол естімейді. Музыкант қайғысына адам қиыншылығы қосылады, ол жас, зиялы қауымның қызы Джульетта Гвиччардиді сүйді.
1800-1803 жж. шығармаларында композитордың бастан кешіргенінің барлығы айқын көрінеді: Үшінші до-минорлық фортепианолық концерт, ор. 37 (1800ж.), жерлеу маршы бар Ля бемоль мажорлық соната,ор. 26 және «Лунная» сонатасы (1801), скрипка мен фортепианолық «Крейцерлік» сонатасы (1803), және т. б. шығармалар.
Бірақ адам қасіреті музыкант сәттілігіне әкелді. Қаһармандық симфонияда жеке тұлғалық қиыншылықтарды өмірге деген құштарлық, өнерге деген терең, ыстық махаббат жеңіп шығады.
1803-1808 жж. орталық шығармалар. Бетховен түсінігінде өмір – қаһармандық күрес болды, композитор үшін бүкіл адамзатқа бақыт пен шаттық сыйлау және адамдарға үлкен махаббат міндет болғандай.
Бұл жылдары Бетховен бесінші симфонияның және «Аппасионата» сонатасының жобасы жасалды, «Қаһаямандық» симфониясын және «Аврораны» аяқтап жатқанда «Фиделио» операсымен жұмыс жасайды, кейінірек төртінші симфоияны жаза бастайды. Сөйтіп керемет жігерлі шығармашылық ізденістерде болады. Осы өмір кезеңінде скрипкаға арналған концертін жазады,алтыншы симфония, «Кориолан» увертюрасы, фортепиано, хор, және оркестрге арналған фантазия жарыққа келеді. Үшінші симфония Наолеонға арналған еді, бірақ ол өзін император деп жариялаған соң Бетховенның көзінде түсіп, өзінің туындысын композитор «Eroica», яғни Қаһармандық деп атады. Идеясының бұрын болып көрмеген батылдығына, формалар мен музыкалық мәнерлеу әдістеріне қарай бұл симфония шынымен де революциялық акт болды. Осы шығарма алдағы симфонизмге кең өріс ашты, бұл туындыдан бастап әлем симфонизмінде жаңа эра басталды. Үшінші симфониядан кейін композитор «Фиделио» операсын жазуға кірісіп кетеді.
«Фиделио» - Бетховенның жалғыз операсы. Сахналық жанрларда, және опералық формаларда Бетховен симфонияларда ұрандаған тираниямен күресу және еркіндікке құштарлық идеяларын ашады. Бұл операға француз драматургы Буйидың либреттосын алды. Онда идеалды махаббат пен отбасы беріктігі басты құндылықтар болып табылады.«Фиделионы» жазу жұмысы 1803 жылдық соңына жатады, ал 1805 жылдың күзінде опера «Фиделио» веналық театрдың сахнасында қойылды. Қоғамдағы жағдай операның сәтсіз қойылуына ықпал етеді. Тек 1814 жылда Венада қайта қойылған «Фиделио» ыстық ықыласқа бөленді. Сәл уақыттан кейін опера Прагада және Берлинде орындалды.
Тыңдау: «Фиделио» операсы
Өмірі мен шығармашылығының соңғы кезеңі.

Бетховеннің мазары, Вена.
Шығармашылық кризис. Зиялы қауымның еркелеткеніне қарамастан шығармашылық өмірде жаңалықтар азайды. Бетховен 1813-1818жж. ақырын және аз шығарады. Бетховенның «кейінгі стилі» фортепианоға арналған ми минорлы ор. 90 сонатасында, виолончельге арналған сонаталарында, халық әндерінің өңдеулерінде көрінеді.
«Сурок»,«К далекой возлюбленной» әндер циклы, 1816-1822 жж. Арасында фортепианолық сонаталар, квартеттері шығады. Композициясы және музыкалық тілі жағынан күрделі болып келеді. Бетховен класикалық сонатаға сипатты форма құрау заңдылықтарының шегінен шығып, полифониялық бөлімдер қосады, тематизмде орын аустыру жаңа даму әдістеріне әкелді. Композитордыңөмірінің соңғы жылдары өте қиын және қайғылы болды. Оны сол уақыттағы саяси жағдай шаршатып, өзін жалғыз сезінді. Ұлы композитор ештеңе естімеді.Бетховенның материалдық жағдайы бұрынғыдай нашар болып қала береді.
Бетховенның бөлесі композитордың қамқорында еді. Оны тірбиелеуге енді үлкен қиыншылықпен табылатын қаржының барлығы кетіп отырады. Ұлы композитор 1827 жылдың 26 науырызында бірнеше ай ауырған соң өмірден өтті.
Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том