Урок по физический культуре на тему То?ыз??мала? ойыныны? ал?ы шарттары



Алматы облысы, Іле ауданы ауданы, Т.Бокин атындағы №41 орта мектебі.
Мұрта Табиев, дене шынықтыру пәні мұғалімі
Сабақ тақырыбы: Тоғызқұмалақ ойынының алғы шарттары
Мақсаты:
Тоғызқұмалақ ойынын үйрету, білімін тереңдету. Қосымша тапсырмалар беру.
Ойнау дағды біліктілігін жетілдіру, өткен ұғымдарды жаңғырту.
Ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді құрметтейтін, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес. Еркін формада.
Әдіс-тәсілдері: Теориялық білімді эмпирикалық тұрғыдан жүзеге асыра отырып жүргізіледі.
Көрнекіліктер: Тоғызқұмалақ ойын тақталары.
Сабақ барысы: Жер ғаламшарындағы ең үздік логикалык 103-ойынның көшін бастаған, әлемдік мәдениеттің кез-келген үлгілерімен бой теңестіре алатын 4 мың жылдық тарихы бар зияткерлік ойын, ұлтымыздың озық рухани мұрасы, Қазақ халқының ілкі тектерінен бастап, сақтар, ғұндар, көктүріктердің қазіргі күнге дейін жалғасып келе жатқан ұрпақтар үндестігінің рухани көрінісі болған Тоғызқұмалақ ойыны еліміздің ең басты – интелектуалдық қазынасы. Көшпелілер алгебрасы атанған осы ойынға деген әлем халықтарының қызығушылығы күннен-күнге артып келе жатқаны айқын байқалады. Осыған дейін екі әлем чемпионаты, үш азия чемпионатының өтуі осының айқын дәлелі іспетті.
Ойын маңызы: Көшпелілер алгебрасы атанған бұл ойын оқушының ой өрісін кеңейтеді. Логикалық ойлау тереңдігін жетілдіреді. Тез уақытта ойын комбинациясына сәйкес стратегиялық шешімдер қабылдай білуге баулиды.
Математикалық амалдарды терең түрде игертеді.
Негізгі ұғымдар:Құмалақ,қазан, отау, жұп, тақ.Тоғызқұмалақ ойынының  негізгі ережелері:Тоғызқұмалақ ойынында барлығы 162 тас болады. Және сол тастар он сегіз отауға тиісінше орналасып отырады. Тағы бір ерекше ұғым ол қазан. Әр ойыншыда бір қазаннан болады. Сонда барлығы екі қазан. Сол қазанға сексен екі тасты жинай білген ойыншы тиісінше жеңіске жетіп отырады. Ойынның бас кезінде әр отауда тоғыз тастан болады. Сол тастарды өсу ретіне қарай жүріп отырады. Егерде соңғы түскен тас жұп болса ол отауды алып отырады. Сонда ойында әр жүрісті мұқият есептеп отыру шарт. Егерде тастар саны 81=81 болып тең болса онда ойын тең аяқталған болып саналады.
Отау атаулары. ( Ақшораев үлгісі бойынша)
1-отауды «Құйрық» не болмаса«Арт» дейді. СебебіОндай құмалақтар көпке дейін өзгермей, түгел қалып отырады.
2-отауды «Тек тұрмас»дейді, себебі жүріс көбінесе осыдан басталады.
3-отауды «Атөтпес»деген. Оның себебі қарсы жақтың аты бұған түспей кете алмайды.
4-отау-«Жаманүй»,өйткені қарсы жақтың адамы бұл жерден үнемі жеп отырады.
5-отауды «Бел» дейді. Бұл екі орталық аса қауіпті емес.
6-отауды «Сары дала»деп атаған, себебі бұл жүріске де, тұздық алуға да ыңғайлы.
7-отау-«Қосан жылаған». Бұрынғы заманда Қосан деген ойыншыны тағы бір ойыншы дәл осы 7-отауда әлденеше реет тұздық отырғызыпты, соғанызаболыпжылапты-мыс.
8-отауды «Көкмойын»дейді. Мұнда да көптен көп тұздық алынатын көрінеді және бұл жерге көп құмалақ жиналып қала береді.
9-отауды «Аққасқа»дейді. Себебі бұл шұңқырда құмалақ көп жиналады. Ойыншы бұл отаудан өз құмалағын шығарса-ақ қарсыжақтың отауына түседі, бірден ноғанаттап түсу ойыншыға пайдалы болмайды. Өзін жауып кетіп барып жүрсе, әрине, тиімді болады.
отаулар№9 №8 №7 №6 №5 №4 №3 №2 №1
9 9 9 9 9 9 9 9 9 Қостаушы қазаны (0)
9 9 9 9 9 9 9 9 9 Бастаушы қазаны (0)
отаулар№1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9 Білімді бекіту:
Тоғызқұмалақ ойынын не деп атаған?
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелері қандай?
Отау дегеніміз не?
Қазан дегеніміз не?
Бастаушы, қостаушы дегеніміз не?
Ойындағы отау атаулары қандай?
Үй тапсырмасы: Оқушыларды қосымша өз жетекшілігімдегі үйірмеге шақыру.