Саба? жоспары Мен ?аза?станда т?рамын (3 сынып)


Берілген уақыт 45 минут Пәні: Қазақ тілі Мерзімі: 7. 12.2015. Сыныбы:
3 «А»
Сабақтың тақырыбы: Мен Қазақстанда тұрамын.
Жалпы сабақтың мақсаты: Тұратын жері туралы айта білу;
Сөздерді дұрыс сөйлей білуге дағдыландыру;
Жаңа сөздерді дұрыс қолдану арқылы сұрақтарға жауап беру;
Сөзге жалғауларды дұрыс жалғай білуге үйрету;
Жіктік жалғауларын пысықтау;
Күтілетін оқу нәтижелері:
Тақырып бойынша оқушы сыни тұрғыдан ойлауға қалыптасады, сөйлеу тілі,сөздік қоры дамиды.;
- Оқушылар сұрақтарға жауап беруге машықтанады;
- Оқушылардың ойлау әркетіне орай әртүрлі тапсырмаларды орындайды;
- ұжымда, шағын топта, жұпта және жекелей жұмысқа дағдыланады;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Жаңа білімді зерделеу
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтастыру, тірек сөздер, сурет бойынша ой қозғау, сөйлемдер құрау «Текше» әдісі. «Ойлан, бірік» әдісі постер қорғау
Жұмыс түрлері: Ұжымдық, жеке жұмыс, топтық жұмыс,
сөздік жұмыс, кітаппен жұмыс, дәптермен жұмыс
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер: Интербелсенді тақта, слайд,оқулық, маркерлер, тірек сөздер, білім ағашының суреті.
І Қызығушылығын ояту кезеңі:
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
1.Сәлемдесу.
«Шаттық шеңберін» құрату Сәлемдеседі.
Шаттық шеңберінде тұрып бір- біріне жақсы тілектер айтады.
2.Ұжымдық жұмыс:
Кәмпит түрімен бөледі Оқушылар кәмпиттерді алып 2 топқа бөлінеді.
(сникерс, твикс)
3.Үй тапсырмасы
«Отан» тақпағын сұрау Тақпақты айтады.
ІІ Жаңа сабақ . Мен Қазақстанда тұрамын. Слайд
4. Жеке жұмыс. Слайд
Сөздікпен жұмыс
жер- земля
табиғат - природа

Оқушылар жаңа сөздерді тыңдап,
қайталайды, сөздік дәптерге жазады. Сөз тіркестері мен сөйлемдер
құрастырады.
«Бекітемін» «Келісемін»
№28 МЛ директоры «№28 МЛ оқу ісінің меңгерушісі
________ А.Т.Медетбекова С.Д.Қозыбоғарова___________
«___»__________2014 ж« __» ________2014 ж
5. Кітаппен жұмыс
Жұптық жұмыс.
Тапсырмалар орындату. Кітаптағы тапсырмаларды орындайды.
6. Сергіту сәті . Сергіту сәтінде қимылдарды қайталап, көңілдері көтеріледі.
6. Жеке жұмыс
«Текше» әдісі
Дәптермен жұмыс. Текшені лақтырғанда қандай сөз түссе,сол сөзбен сөйлем құрастырады.
Сөйлемдері дәптерге жазады.
7.Үйге тапсырма: 2, 4 – тапсырма. Жаңа сөздерді жаттау. 70-71 беттер. Күнделікке жазып алады.
ІІІ Ой толғаныс кезеңі:
8. Сабақты қорыту. Слайд
Топтық жұмыс:
«Ойлан, бірік»»әдісі
Тірек сөздерді интербелсенді тақтадан көрсетеді. Топпен тақырып бойынша сөйлемдер құрастырады.
9. Мұғалім баға қояды. Слайд.
Әр тапсырмада алған балдарын санай отырып, баға қойылады.
5б + 4б + 3б = 12
10. Кері байланыс «Білім ағашы»( Блоб ағашы)Бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгенін көрсетеді.
Мұғалім Кайыпова Гүлнұр Алпысбевна