Тренинг Жас келсе иске!


"Жас келсе –іске!"
Тақырыбы: Жас келсе –іске (дөңгелек үстел) Мақсаты: Қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерге сай білім беру саласында ұстаздардың алатын орнын нақтылау. Міндеттері: -жас ұстаздардың жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа, үздіксіз білім алуға ұмтылдыру, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, еңбектенуге деген көзқарастарын қалыптастыру; -жас ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттырып, құлшынысын ояту. Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, видеороликтер, үлестірмелі парақтар, стикерлер Дөңгелек үстел барысы: 
Алғашқы ынтымақтастық атмосферасын құру:1. «Өзіңді тереңірек тани біл!»  Түстер арқылы топқа бөліну. Түстерде жазылған сөздерді құраймыз. Енді осы түстердің сіздің өміріңізге маңызы қандай екенін білейік.
Қызыл түс – өмірлік энергия түсі. Адамның өмірге деген  талпынысын күшейтеді, адам ағзасындағы қан айналым жүйесін жақсартады. Табиғатта адамдар қызыл түсті қарама-қарсы жыныс өкілдерін өздеріне көңіл аударту үшін қолданады /ер адамдар әйелдерді, әйелдер ерлерді/. Бұл түсті таңдайтын адамдар күшті, қайсар болып келеді. Кей жағдайда кек қайтаруы да мүмкін.  Әдетте, бұл түс  ашық мінезді адамдарға тән.
Сары түс– адамның ойлау, тез қабылдау қабілетін жақсартады. Өз өзіне сенімсіз, ұялшақ адамдарға оң әсерін тигізеді. Адамға күлкі, қуаныш әкеледі.Әдетте, бұл  түс  қуаты мол, көп сөйлейтін, әртістік өнерге, шығармашылыққа жақын адамдарға тән.   Сары түсті киім адамға сарғыш түс сияқты әсер етеді.
 Жасыл түс – нағыз гармониялық түс. Адамның нерв жүйесін тыныштандырады. Бұл түс біреудің қуаныш, ренішіне ортақтаса білетін,  достары көп адамдарға тән. Бұл түсті ұнататын адамдар тұрақты, сенімді болып келеді.   Бұл түсті кез келген жерде қолдана беруге болады. Жасыл түсті киім кисеңіз, сіз кез келген ортада  тек жақсы жақтан ғана көзге түсесіз.
2. «Жаңашыл ұстаз моделі» тақырыбында постер қорғау. Әр топқа тапсырмалар беріледі. Және сол тапсырмалар бойынша постер қорғайды. Дайындалуға 5 минут, қорғауға 2 минут уақыт беріледі. 1-топ. «Жаңашыл ұстаз моделі» мұғалімдер көзімен. 2-топ. «Жаңашыл ұстаз моделі» оқушылар көзімен. 3-топ. «Жаңашыл ұстаз моделі» ата-аналар көзімен. (Әр топтың жұмысы тыңдалады. Бірін-бірі формативті бағалайды.) 
Қорытынды ой: Білімді, сауатты адамдар –XXI ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Бұл туралы Абай атамыз: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі бекер», -деген өсиетін ұстанып еңбек етуіміз қажет. Сергіту сәті.
3. Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары. Р.Б.Акашева. Таныстырылым.
4. Тапсырма: Жаңаша қмж жоспарын құру. Қорытынды жасау.
5. Тренинг. Психолог Ешмухамбетова Г.Н.
Жалпы қорытынды: Әрбір жас мұғалімнің жаңаша жұмыс істеп, үнемі ізденісте болуы бүгінгі күннің талабы болса мектептегі басты тұлға – мұғалім. Ы.Алтынсарин сөзімен айтсақ, «Мұғалім- мектептің жүрегі». Жаңа формация мұғалімі – білімнің өзіндік құндылығын түсінетін, жүрегі жаңалық деп соғып тұратын, рефлексияға қабілетті, кәсіби дағдылары дамыған педагогикалық дарын иесі болуы тиіс. Ұстаз – шәкірт үшін өз уақытын аямайтын, тіпті өзін ұмытып, «ұстаз» деген ұғымды биік қоятын тұлға. Дөңгелек үстелдің түйінін жасау үшін «Бәрі де өз қолдарыңызда» атты видеоролик көрсетіледі.Рефлексия. 
Кері байланыс парығын ұсыну.
Кері байланыс парағы
Аты – жөнің_____________________________________________________________
Дөңгелек үстелдің тақырыбы__________________________________________________________ Дөңгелек үстелдің өзектілігі__________________________________________________________
Не үйрендің__________________________________________________________________________
Пікірің______________________________________________________________________________
Ұсынысың ________________________________________________________________