Тренинг Жас келсе іске


Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?, — деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау. Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, бланк, слайд Нақыл сөздер: «Жас келсе іске», «Жас маман! Әрбір бала - бір жұлдыз. Жарқырауына көмектес!»  Құрметті тәрбиешілер! Адамның өз қызметін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Бүгінгі мақсат, айналамыздағы адамдарымызбен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді — өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Мектеппен шағын орталықтың қоғамдық өмірінде де алатын орны, атқаратын рөлі өз мәніндегі жас мамандардың ауыз біршілігін тудыру, көппен жұмыс істей білудің маңыздылығын, ерекшелігін тағы да айқындай түсу болды. Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.  ЗЕЙІНДІ ЗЕРТТЕП ЗЕРДЕЛЕ «МЮНСТЕРБЕРГ» ӘДІСТЕМЕСІ  Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады. Жағымды әуен жәй дауыспен ойналып тұрады. Алдарына бланк таратылып беріледі, оның сыртына аты – жөндерін жазып, толтырады. Нұсқау: Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек. Жұмыс уақыты - 2 минут. Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны, қатеге байланысты бағаланады. Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептеліп хабарланады.( 4, 5, 6 ұпай) Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеобалаоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершввр……. 1.Тәрбиешілік қызметке қалай келдіңіз?а) жүрек қалауыменә) кездейсоқб) лажым жоқтықтан2. Сіз үшін тәрбиешінің жұмысы:а) керемет жұмысә) күнкөріс үшінб) бас қатыруБалалар сізді қандай деп ойлайдыа) өте сауатты деп есептейдіә) қанағаттанарлықб) олардың көзқарасында жұмысым жоқ4. Балалар арасында жарыс болатын болса:а) міндетті түрде менен көмек сұрайдыә) кейдеб) маңыма мүлде жоламайды5. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?а) тыс қызықты материалды жиі пайдаланамынә) сирек қолданамынб) белгілі айтылған тапсырмадан шыға алмаймын 6.  Балабақшадағы ережеден тыс жұмысты ұйымдастырудаа) балалар арасында жиі-жиі жарыстар ұйымдастырамынә) басшылар ескерткенде ғанаб) бас ауыртқым келмейді8. Балаға қол жұмсайсыз ба?а) мүлде қол жұмсамаймынә) анда-сандаб) «Аюға намаз үйреткен – таяқ» деп есептеймін9. Тәрбиеші болғаныңызғаа) ризасызә) сізге бәрібірб) өкінесіз10. Ұжым арасында беделіңіз:а) өте жоғарыә) жақсыб) орташа Әрбір «а» жауабына – 5 ұпай, «ә» жауабына – 3 ұпай, «б» жауабына – 1 ұпайесептеңіз.45-50 ұпай жинасаңыз: Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан-тәнімен берілген жансыз.30-21 ұпай жинасаңыз : Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.15-11 ұпай жинасаңыз: Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын тәрбиешіге босатқаныңыз жөн. Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру. Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнеленген суреттер. Уақыты: 7 - 10 минут Ұйымдастыру кезеңі: а) Мұғалімді жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау. ә) Табиғат көріністерін мұқият қарауын өтіну. б) Әуенді қосар алдында тәрбиешілер көзін жұмуы тиіс.  - Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз. - Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз. - Ал, бастаймыз. (музыка қосылады) - Соқпақ жолмен жүріп келесіз … - Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз … - Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді … - Алма бағы … - Қып – қызыл алмалар қол созым жерде … - Сіз үзіп алып жей бастадыңыз … - Дәмі керемет … - Жеген сайын жегіңіз келеді … - Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз … - Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда дорба. - Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді … - Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз … - Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты … - Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз … - Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма? Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза … - Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, тәрбиешілер көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.