ЭлТа?ырып: Электронды? кестелер. Кестелік процессорды? терезе интерфейсі. Электронды? кестелерді? негізгі ??ымдары.


Күні:
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары.
Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Оқушыларды Microsoft Excel кестелік процессорының толық мүмкіндіктерін таныстыру, программаны іске қосу және жұмыс кестесінің элементтері туралы түсінік беру.Тәрбиелігі: Жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, оқушыларды шапшаңдыққа, ептілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.Дамытушылығы: Оқушылардың білімділік, іскерлік дағдыларын арттыра отырып, олардың ой - өрісін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, оқулық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырып
IV.Сабақты бекіту
V.Үй тапсырмасын беру
VI.Бағалау
Жаңа тақырып
Microsoft Excel кестелік процессоры деректермен әр - түрлі операциялар орындауға мүмкіндік береді.1. Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіге сақтауды.2. Сақталған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауды.3. Кестеден жол, баған немесе ұяшық қосуды.4. Кестеден жол, баған немесе ұяшықтарды алып тастауды.5. Жол, баған немесе ұяшықтар ішіндегін көшіруді немесе орын ауыстыруды.6. Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауды.7. Пайдаланушының өзі құрастырған формулалар бойынша немесе кестелік процессорда бар дайын формулаларды есептеп жүргізуді.8. Кесте деректері бойынша диаграмма құруға және оларды кестеге кірістіруді.9. Кестеге графикалық объектілерді, яғни стандартты суреттер қорынан суреттер кірістіруді.10. Кестелерді баспаға, яғни принтерге шығаруды.Microsoft Excel - ді іске қосу және жұмыс кестесінің элементтері.Microsoft Excel - ді іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындаңдар:Пуск – Все Программы- Microsoft ExcelMicrosoft Excel іске қосылғаннан кейін экранда оған ақпарат енгізілетін жұмыс кестесі түріндегі терезе ашылады.Жұмыс кестесінің элементтері:1. Айналдыру жолағы.2. Бөлудің кішкене белгісі.3. Жол нөмірі.4. Баған тақырыбы.5. Кестелік меңзер.6. таңбалар.7. Стандартты аспаптар панелі.8. Пішімдеу панелі.9. Формулалар жолы.10. Қалып - күй жолы.11. Айналдыру батырмасыExcel жұмыс кітабы үнсіз келісім бойынша 3 жұмыс бетінен тұратын дискіде 1 файл сияқты сақталады. Жұмыс бетінің санын бір кітапта 255 бетке дейін көбейтуге болады. Жұмыс кестесі жол мен баған түрінде ұйымдастырылған. Әрбір бет 256 бағаннан және 65,536 жолдан тұруы мүмкін. Бағандар латынның А, В, С, Д әріптерімен белгіленеді. Жолдар нөмірленеді.Кестенің жұмыс бетінің ауыстырылуы.Кестенің қажетті бетін экранға шақыру үшін беттерді ауыстырудың екі әдісі бар.1. Терезенің төменгі жағындағы қажетті кестенің таңбасын шертеміз. Терезенің төменгі сол жақ бұрышына беттерін таңбаларын айналдыруға мүмкіндік беретін айналдыру батырмасы бар.2. F5 пернесін басамыз. Переход диалогтік терезесіндегі Ссылка өрісіне таңбаның атын, леп белгісін және ауысу қажет болатын ұяшықтың координаталарын енгізіп, ОК батырмасын шертеміз.Кестеге жұмыс беттерін қосу үшін, Вставка Лист командасын орындап немесе таңбаны маустың оң жақ батырмасынан шертеміз және Довавить лист белгісінде маусты екі рет шертеміз.Кестенің бетінің таңбасы мен атын өзгерту.Таңбаның атын өзгерту үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз:1. Қандай да бір таңбада маустың оң жақ батырмасын шертіңдер.2. Переименовать командасын таңдаймыз. Сонда таңба қара түспен ерекшеленеді3. Жаңа атауын енгіземіз.4. Кестенің кез - келген ұяшығына шертіңдер.Microsoft Excel - дегі деректермен жұмыс істеу.Деректерді Excel - де енгізу.IV. Практикалық жұмыс1 - тапсырмаЖұмыс бетінің таңбаларының атын өзгертіңдер. Мыс: Табл1, План сведения (1 - кесте, Жоспар, мәлімет)2 - тапсырма1. Пуск/Программы/ Microsoft Excel командасын орындаңдар.2. А1, В1, С1, Д1 ұяшықтарына баған аттарын, яғни мәтін енгізіңдер.3. А1 ұяшықтан А8 ұяшығын қоса жол аттарын, яғни мәтін енгізіңдер.4. А, В және Д бағандарының енін маус көмегімен өзгертіңдер.3 - тапсырмаКітаптарыңа пароль қойыңдар..
IV.Бекіту сұрақтары:
1. Microsoft Excel кестелік процессоры деректермен қандай операция орындауға мүмкіндік береді?2. Жұмыс кестесінің негізгі элементтерін атаңдар3. Жұмыс кітабы немесе жұмыс беті дегеніміз не?4. Бағанның ені мен жолдың биіктігін қалай өзгертуге болады?5. Microsoft Excel кестелік процессорын қалай іске қосамыз?
V. Үйге тапсырмаMicrosoft Excel кестелік процессоры.Excel – дегі деректермен жұмыс істеу тақырыбын оқып келу.VI. Бағалау.