жігіттер сайысы т?рбие жоспары


Сабақтың тақырыбы: «Жас ұландар» сайысСабақтың мақсаты: Спортық ойындарды ойнай отырып спортқа қызығушылығын арттыру. Ер балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін қадірлеу, ұлтжанды, отансүйгіш, патроттық сезімдерге баулу, тәрбиелеу.Шапшаңдыққа, ептілікке баулу.Көрнекілігі: Шарлар,газеттер, тақпақтар, грамоталар.Керек құралдар: Кішкене шарлар, доптар, шеңберлер, кедергілер, үлкен доптар, скакалкаларӨтілетін орын: Спорт залБарысы:I Ұйымдастыру кезеңіЖеңімпаз болу оңай ма?Арман болған талайға.Болмасаңда ұқсап бақ,Жарысқа түсіп қалайда.Әуенмен спортшыларымызды қарсы алу. «Алға,Қазақ жігіттері» қыздардың орындауындаII .Негізгі бөлімҚұрметті қонақтар және ата-аналар,әріптестер бүгінгі «Жас ұландар»сайысымызға хош келдіңіздер!Ал құрметті халайық!Жарысты енді көріңдерӘділ қазы алқасыӘділ баға беріңдер
Сайысымызды бастамас бұрын сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.------------------------------Шарты:
1-тапсырма«Таныстыру»
2-ші тур «Сурет құрау»
3-ші «Сөзжұмбақ»
4-ші тур «Мақал-мәтел үш тілде»
5-ші тур «Логикалық тапсырма»
6-ші тур «Жұмбақ шешу»
«Тұлпар» тобы:
Ұраны: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
«Барыс» тобы:
Ұраны: Болашақтың ұл-қызымыз
Көркейтеміз елді біз.
«Сұңқар» тобы:
Ұраны: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
2-тапсырма.Доппен секіріп келіп Сурет құрастыру
3- тапасырма гимнастикалық шеңбер арқылы топ басшысы кедергілер арқылы жүгіріп екінші ойыншыны шеңбер ішіне кіргізіп алады.Белгіленген орынға екеуі бірге келіп бірінші оқушы қалады екінші оқушы шеңбермен ойынды ары қарай жалғастырады.Белгіленген орынға топ жиналып сөз жұмбақты шешеді.
4-тапсырма Әр команда мүшесі скакалкамен кедергілерден өтіп секіру.Соңғы команда мүшесі топқа тапсырма алып қайтады.Мақал-мәтел үш тілде айту.Нәтижесі ойын шартын бұзбау және уақыт.
3 топқа 3 сұрақтан. (Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай, 5 минут уақыт беріледі.)
1 топ1.     Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – ……Cөз – слово- word2.     Тамшы тас жарады, тас жармаса ……Бас- голова-  head3.     Өнер алды – қызыл ………Тіл – язык – tongue
2 топ4.     Жақсы байқап сөйлер, ………. шайқап сөйлер.Жаман – плохой- bad5.     …………. жылатып айтарДұшпан күлдіртіп айтарДос- друг-friend6.     Көп сөз күміс, аз сөз …….Алтын– золото– gold
3 топ7.     Мектеп – кеме, білім -  …….Теңіз – море – sea8.     Денсаулық – зор ……..Байлық -  богатство – rihes9.     Білім сандығы – ………Кітап –книга – book10.                       Асық ойнаған азады,….. ойнаған тозадыДоп- мяч- bal
«Логикалық тапсырмалар» айналымы. Гимнастикалық үрленген үлкен шармен топ мүшелерін тасиды.1-ші бала кедергілер арқылы үлкен шарды көтеріп жүгіріп барап келеді, одан екі бала бірге шарды көтеріп жүгіріп барады 1-ші бала қалып қалады, екінші бала жалғыз қайтып 3-ші баланы ертіп келеді топ мүшелері барлығы жиналған сәтте логикалық тапсырма орындалады.
Бұл айналымда әр топқа 5 логикалық тапсырма беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.
1. Бөлменің 4 бұрышында бір мысықтан отыр, әр мысыққа қарап үш мысық отыр. Бөлмеде неше мысық бар? (4)
2.Үстел беті төртбұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ неше бұрыш қалады? (5 бұрыш) 3.1кг мақта ауыр ма, әлде1кг темір ауыр ма? (тең) 4. 2 бала шахмат ойынын 2 сағат ойнады. Әр бала неше сағат ойнайды? (2сағаттан)
5. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады? (жауабы: 12 жұмыртқа)
6-тапсырма Кедергі арасымен жүгіру, барьерден секіру, алдыға домалап айналып кері қайтады, ең соңғы ойыншы жұмбақ жасырылған конвертті топқа алып келіп топ болып шешеді,қай топ бірінші болса сол топ жауап береді.
Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
1-жұмбақ: Аяғы біреу, қолы жоқ, Шиыр - шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам-...)
1-мақал: ...-асқар тау,
Ана -бауырындағы бұлақ, Бала-жағасындағы құрақ (ата-...)
2-жұмбақ: Әттең, даусым, тілім жоқ, Құшағымда білім көп. (кітап – ...)
2-мақал: ..., баланың ісі шала (бала-...)
3-жұмбақ: Көкпеңбек еді көктемде,Қызарды күзге жеткенде. (Алма-...)
3-мақал: ...сы бардың- жағасы бар,
Інісі бардың –тынысы бар.(аға-...)
III Қорытынды:
Сайысымызжың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті.Сайысымыздың бағасы шыққанша «Көктем» биін қабыл алыңыздар
Олай болса құттықтау сөз әділқазылар алқасына беріледі.Жеңімпаздарды марапаттау.
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!Өмірде бақыттысың денің сау да.Денсаулық терең бақыт денген сөзді,Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекшіСайысымызда өз мәресіне келіп жетті Құрметті қонақтар мен бүгінгі сайыскерлер алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.Бүгінгі жеңістеріңізбен құттықтаймын. Баршаларыңызға денсаулық тілеймін.Осымен сайысымыз аяқталды. Келесі кездескеше сау болыңыздар!