5-6 сыныптар арасында ?ыздар с?лу к?рінер ?нерімен атты сайыс


5-6 сыныптар арасында «Қыздар сұлу көрінер өнерімен» атты сайыс.
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін,эстетикалық талғамын шеберлігін дамыту, игі салт, озық дәстүрді білу, әдептілік инабаттылық өнер секілді асыл қасиеттерді бойға сіңіру.
Ұйымдастыру бөлімі:
Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Шешеннің тілі ортақ, шебердің қолы ортақ» дегендей, біздің қыздарымыздың өмірдегі,өнердегі шеберлігін шыңдауға ортаға шақырамыз.
Бұл сайысқа 5-6 сыныптардан «Өнерлі қыздар» және «Сымбат» тобы өз өнерлерін көрсетуге келіп отыр.
Сайыс: 5 бөлімнен тұрады.
Бөлім Жұмбақ қыздар
Бөлім Ақылды қыздар
Бөлім Арманшыл қыздар
Бөлім Аспазшы қыздар
Бөлім Өнерлі қыздар
Сайыс бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1.
2.
3.
Сонымен 1 бөлім- Жұмбақ қыздар
Ерте, ерте, ертеде
Әйтеуір бір шет елде,
Ғұмыр кешкен шал болыпты,
Етік тігіп күн көріпті.
Байлығы мен қуанышы сол болыпты,
Бес қызы қолғанаты.
Өздерімен таныстырар кез де келді.
Сайыстың мақсатына жеткізер,
Кезегімен алдымызға келіп енді.
Жұмбақ қыздар өздерін таныстырады.
Әр бөлімде әділқазылар бағаларын айтып отырады.
2 бөлім –Ақылды қыздар
Білімге құштар саналы,
Ақылымен дария.
Біліктілік азықпен
Дайын болар қашанда.
Сұрақ –жауап
1-топ «Өнерлі қыздар» 2 топ- Сымбат
Ұлттық киім /шапан/ Еңбек құралы/ қайшы/
Жіп иіру /ұршық/ Мата қандай талшық /табиғи/
Зергерлік бұйым /шолпы/ бір немесе бірнеше көкіністерден
Төрт түліктің малдардың түрі /қозы/ тұратын салқын тамақ / салат/
Киім тігу үшін алдымен не қажет/ сән үлгісі/
3 бөлім - «Арманшыл қыздар»
Екі топтағы оқушылар өздерінің сән үлгілерін көрсетеді. Жылдың төрт мезгілдеріне қарай киінеді.
Арманы көп әркімнің аңсайтұғы,
Жарасымды тәрбиелік ата –салтым.
Лайықты арманшыл қыз,аты шын
Арманшыл қыздардың сән үлгісін көрсетеді.
Асылдығы бір-біріне өтеді:
Бірі-көз,бірі-ақыл,бірі-көңіл үйлесімі.
Әр елдің өз сұлуы өзінше,-дей отырып,
Ағаш көркі –жапырақ,
Адам көркі –шүберек,- деп сән үлгісін көрсетеді.
4 бөлім - «Аспазшы қыздар»
Көрсетті өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.
Дәмді,әрі тез ғып салат жасасын,
Сайыскерлер осы арада жарысып.
Сайыскерлер жасаған салаттарына ат қойып,жасалу жолдарын айтып кету і керек.
5 бөлім – «Өнерлі қыздар»
Бұл бөлімде әр сайыскерлер өз өнерлерін ортаға салады.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ол біреуді ән салыпты.
Осы би сайыстардан бәйге алуға,
Барлығы аянбай-ақ жан салыпты.
Міне, бүгін сайыста мектебімізде көп өнерлі оқушыларымыздың бар екенің көріп тамашаладық.
Сөз әділқазы алқасына беріледі топтың есебі сұралады.
Қыздар, бүгін сендер «Қыздар сұлу көрінер өнерімен» атты сайысымызда өз білімдеріңді ортаға салып жан-жақты тамаша өнер көрсеттіңіздер, сайысқа қатысқан барлық балаларға «Өнерліге өріс кең»- дегендей өнердің кемесімен өрге жүзе беріңіздер демекпіз.