Т?рбие са?аты ?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тәрбие сағаты
«Қазақ хандығының 550 жылдығы»

Атырау 2015 ж
Білімділігі: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.
Тәрбиелілігі: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына , адал ұлдарына құрмет сезімін қалыптастыру.
1.Жүргізуші
Сәлембердік кешіміздің көрермені. Қазақтың ол аныққой өнер кені. Тарихи кешімізге қош келдіңіз алдарында болашақтың өрендері.
2.Жүргізуші
Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.
1.Жүргізуші
Еуразияның қақ ортасында орналасып,талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған,тарихы солармен тағдырлас қазақ даласы, Қазақ жері,Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңізші.
2. Жүргізуші
Назрларыңызға Мұхит Жақсылықұлының өлең жолдары. «Қазақ мемлекетіне 550жыл».
1.Оқушы.Ұлы боп көк тәңірдің саналатын
Орындап сол тәңірдің аманатын
Мәңгілік ел болуды мұрат етіп
Бумын құрған Түріктің қағанатын
Жауларын айбарымен алжастырған
Бумын ісін істемес жалғастырған
Тоз тоз болған халықтың басын қосып
Ұлы түрік қағанатын заңдастырған
2.Оқушы.
Армандап Түрік елін бай болсын деп
Төрт түлігі әмәнда сай болсын деп
Халқының киімі көк қарыны тоқ
Елі бейбіт қөңілі жай болсын деп
Сол үшін ұзақ түндер ұйқтамаған
Қара бастың қалын еш құнттамаған
Батыр бабам Күлтегін Тоныркөктер
Жорықтарда тамшы су ұрттамаған.
3.Оқушы.
Кезінде жарты әлемді билеп тұрған
Бірлігіне басқалар құлдық ұрған
Ыдырап Ұлы түрік қағанаты
Ру тайпа өзінше хандық құрған
Айрылып айбынды түр келбетінеде
Бөрі жеп бөлінгенді әр шетінен
Жойылды Шыңғыс ханның жорығында
Қалалар Отырардай жер бетінен
4.Окушы.
Түріктің бір бұтағы қазақ еді
Қайсар мінез өр еді ғажап еді.
Жәнібек Керей хандар басын қосып
Өмірге келген еді Қазақ елі
Алтай мен Атыраудың арасында
Жетісу Жеті өзенінің сағасында
Бірігіп Ұлы,Орта Кіші Жүз боп
Хандық құрды қазақ өз даласында
1.Жүргізуші
Біз мал баққан елміз
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз
Елімізден құт береке қашпасын деп
Еліміздің шетін жау баспасын деп
Найзаға үкі таққан елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз
2.Жүргізуші
Әр адамзаттың қасиеті мен мәдениеті өз халқын.Өзінің ата мекенін қалай білуімен өлшенбек.ананың ақ сүтіне уызына жарыған адам қатаңда отаншыл ұлтжанды болмақ.
1.Жүргізуші
«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деп президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.
2.Жүргізуші 2015жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.
<<<Көрініс>>>
1.Жүргізуші
Алыстан «Алаш» десе аттанамын, Қазақты «Қазақ» десе мақтанамын. Мен – қазақ, әкем – қазақ, шешем – қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын!
2.Жүргізуші
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жергөгімде таныстым мұң тіліммен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.Уәзір: Алдияр тақсыр, сізге Әбілқайыр хандығынан Керей мен Жәнібек сұлтандар келіп тұр.Есен-бұға: Кірсін!Керей мен Жәнібек: Ассалаумағалейкум! – деп бастарын иіп амандасады.Есен-бұға: Келген шаруаларыңды айтыңдар!Керей: Ойраттардан жеңілген Әбілқайыр хан ашу-ызасын қоластындағы халықтардан алып, жазалай бастады.Жәнібек: Салықты көбейтіп, тайпамыздың берекесін алуда.Керей: Сондықтан да біз, бауырымыз Жәнібек екеуіміз, сізге бұйымтаймен келіп отырмыз.Есен-бұға: Бұйымтайың болса айт!Керей: Бір аймағыңыздан бізге жер бөліп берсеңіз, сол жерде өзіміздің тайпамызбен қоныстанып, өсіп-өнсек деген ойдамыз.Есен-бұға: Керей, Жәнібек, мен өзімнің ақсақал, сұлтандарыммен ақылдасайын. Сендер барып демалыңдар!(Керей мен Жәнібек шығып кетеді)Есен-бұға: Қандай ойда болып отырсыңдар?1 Ақсақал: Жер халықтың байлығы, оны ешкімге беруге болмайды.2 Ақсақал: Осы жолы ығысып Керей мен Жәнібекке орын берсек, ертелі-кеш сол жақсылығымыз өзімізге қайтып келер.3 Ақсақал: Әбілқайырдан өш алар кез келді! Шекарамыздың батыс аумағын қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек, мұндай ұсынысты біз өз пайдамызға пайдалануға болады.
Есен-бұға:Әбілқайыр менің жауым. Яғни менің жауымның жауы – менің досым. Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбасы жері солардың қоныстары болсын деп ұйғардым. Шақырыңдар, Керей мен Жәнібекті!Уәзір: Керей, Жәнібек сұлтандар, кіріңіздер!Есен-бұға: Ойлана, ақылдаса келе былай шештік: Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбас аумағы сендердің мекендерің болсын!Керей: Алдияр, біз бұл жерді құт мекенге айналдырамыз.(Есен-бұға, ақсақалдар мен нөкерлері шығып кетеді)Жәнібек: Уа, Сүйінші, халқым! Көптен күткен арманымыз орындалды. Бір ту астына жиналар күн туды!(Сахнада халық мәре-сәре болып бірін-бірін құттықтап жатады)Керей: «Жаңбырменен жер көгерер,Батаменен ел көгерер» демекші, ақсақал, бата беріңіз.Ақсақал: Түндеріміз тыныш болсын,Үйлерімізге ырыс толсын!Ұлдарымыз сесті болсын.Қыздарымыз есті болсын,Балаларымыз қуаныш әкелсін,Немерелеріміз жұбаныш әкелсін.Орындарымыз төр болсын,Дастархандарымыз мол болсын.Қатарларымыз көп болсын,Уәйім- қайғымыз жоқ болсын.Жастардың қазасын көрмейік,Зұлымдардың жаласын көрмейік!Елімізде бірлік болсын,Жарасты тірлік болсын!Әумин.1 – жүргізуші:
1465-1466ж. Қазақ хандығының құрылуы ішкі феодалдық талас-тартысты тоқтатты. Ел ішінде тыныштық орнады, мамыржай заман келіп, Қазақ хандығының іргесі бекіп күш-қуаты мен беделі артты.2.Жүргізуші
Мен қазақпын биікпін байтақ елмін, Қайта тудым өмірге қайта келдім. Мен – мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім.1.Жүргізуші
Біз қазақпыз есігі – ашық, төрі – кең, жылап өттік жылдар өмір өзегінен. Жетер енді желпінейік қарайық, Мына өмірге иелердің көзімен.