Ерте?гілік Біріншіге барамын



Жүргізуші 1. Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар, ата- аналар, мейрамның қонақтары. Міне көптен күткен күн басты мейрам келді! Менінше, мейрамға барлық түгел жиналды ма? Қәне тексерейік!
Жүргізуші 2. Мейрімді ұстаздар бар ма?  
Мұғалімдер: Иә
Жүргізуші 1: Әдемі қыздар бар ма?
   Қыздар:Иә!
  Жүргізуші 2. Білімді ұлдар бар ма?
   Ер балалар. Иә!
  Жүргізуші 1. Қамқоршы аналар бар ма?
   Аналар. Иә!
Жүргізуші 2: Қадірлі әжелер бар ма?
   Әжелер: Бар!
Мұғалім: Жақсы болды. Мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер. Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Тойымызға қош келдіңіздер! Күні кеше ғана мектеп есігін ашқан бүлдіршіндеріңіздің қадамдарының сәттілігін тілей отырып, алғашқы айлардағы өнерлерін тамашалауға шақырамыз. Балаларыңыздың осы қара шаңыраққа аттаған қадамдары құтты болсын! Тойларыңыз тойға ұлассын!
І бастаушы: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады, міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.
ІІ бастаушы: Қош келдіңдер, балдырғандар,
Қадамдарың құтты болсын!
Мектеп мынау есік ашық,
Тек әдебің мықты болсын!
І бастаушы: «Той», - деп бүгін көңіл шіркін тасады,
Ән менен күй көңіл сырын ашады.
«Той» - деп келген қонақтарға мың рахмет,
Ақ жаулықты аналар – той шашуын шашады.

ІІ бастаушы: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Бүлдіршінің ортада,
Тілашарын алайық.
Сөз бүлдіршінділерге беріледі.
«Мектебім» әнін орындайды
Дияр: Қыркүйек келіп, күз келіп,
Мектепке бет түзедік.
Оқуды да бастадық,
Рахмет саған, Алтын күз!
Гүлназ: Елдің атын жазамын, Жердің атын жазамын, Туған тілге тазамын. Батаңды бер, қазағым... Мен мектепке барамын.
Жалғас: Мен оқушы боламын,
Болам жігіт зор әлі,
Қазақстан жалауын,
Көтеремін жоғары.
Аружан: Ертеңгі елдің тірегі –
Бүгінгі жас ұландар.
Күндей аппақ жүрегі,
Келеді өсіп қырандар.
Ернар: Пайдаң тиіп Отанға,
Риза болсын халқымыз.
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Гүлназ: Қолыма алып әліппе,
Үңілдім тұңғыш әріпке.
Қоңырау үні сыңғырлап,
Тұрғандай маған,
Тұрғандай маған қол бұлғап,
Мектеп, мектеп!
Фархат: Алақай –ау, алақай!
Алақай –ау, алақай!
Бұдан былай мен енді
Емеспін жай «балақай».
Осыдан да көлемді
Оқи алам өлеңді.
Бардым бүгін мектепке,
Оқушымын мен енді
Ділназ: Қуантуға елімді, Қуантуға жерімді, Білім жиып өсемін. Төгіп адал терімді. Мен мектепке барамын.
Жанель: Барлық бала таң қалып,
Әліппені ашады.
Сөз құраған әр әріп,
Білім нұрын шашады.
Арыстан: Асыл сөзін тілімнің,
Бойға құйған Әліппе.
Нақ бастауы білімнің,
Қырық екі әріпте.
«Әліппе» әнін орындайды
І бастаушы: Балалар, оқу, білім туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?
1) Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
2) Оқу – инемен құдық қазғандай.
3) Оқу – білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
4) Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
5) Оқу түбі – тоқу.
6) Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
7) Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
ІІ бастаушы: Балалар, ендігі кезекті жұмбаққа берейік.
Оқушылар жұмбақ шешеді.
І бастаушы: Қайсы күйші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер дерек, кім тақыл,
Таланттарын табайық.
Би «Ха-фа-на-на»
Сыныпқа бірлік,екілік,үштік бағалар кіреді
Мұғалім:Балалар бұл кімдер? Сендер кімсіңдер?
Екілік:Сабақты мен оқымаймын
Таңертең мен көп ұйықтаймын
Екілік деген бағамын мен
Демалуды жақсы көремін мен
Бірлік:Мен бір деген бағамын
Менен артық ешкім жоқ
Сабақты да босатамын
Мектеп тәртібін де бұзамын
Үштік: Үштің бәрі күш
Жұлдыздардың мен бірімін
Алғыр болып,алда жүргеннен
Ортада жүруді жақсы көремін
Мұғалім: А бұл сендерсіндер ме бағалар?
Бағалар: Иә ол біз бағалармыз! А мына кімдер? Біз оларды ешқашан көрген емеспіз?
Жүргізуші: Дұрыстап қараңдар – бұл біздің бірінші сынып оқушылары!
Екілік:Оқушылар ма?Олар оқушыларға ұқсамайды ғой!
Первоклассники: Жоқ, біз бірінші сыныппыз!
Единица: Қазір біз сендерді тексереміз,бірінші сыныпқа лайықсындар ма,әлде жоқ па!?
Екілік: Қалай біз тексереміз?
Единица: Мен өзім білмей тұрмын!
Үштік: Мен білемін! Қазіргі кезде көп оқушылар мектепке дайын боп келеді. Олар оқи алады да санай біледі. Қазір көреміз, білімдерін тексереміз.Мен оларға есептер дайындап келдім.
Бірлік: Міне, табылған ақыл! Мұқият болыңдар!
Үштік: Сыныпта Әділден бойы ұзын үш ер бала және бойы кіші екі ер бала бар. Сыныпта барлығы неше ер балалар бар?
Оқушылар: Бес!
Бірлік: брр! Мен осы бағаны жақсы көрмеймін!
Үштік:Дұрыс емес! Ха-ха! Барлықтарымыз бірге санайық: үш бойлы ұл бала және екеуінің бойы аласа – барлығы бес. Бірақ Әділ туралы ұмытқалдыңдар . Сонда неше болады?
Оқушылар: Алты
Екілік: Бірінші сабақта он қыз және он ұл бала болды. Сыныпта қанша бала бар?
Зрители:Жиырма!
Екілік: Ха-ха! Дұрыс емес! Жиырма бір болды, өйткені Марат деген бала ұйықтап қалып екінші сабаққа келді!
Бірлік: Екілік, қарашы бұл балаларға ,олар бізге ұқсайды екен! Келесі есеп.
Дене шынықтыру сабағында матрастың үстінде төрт қыз бала және бір ер бала отырды. Қанша бала матраста отырды?
Оқушылар: Бес!
Бірлік: Бес, бес тағы да 25! Дұрыс емес! Матраста төрт бала отырды , бір қыздың отырғысы келмей волейбол ойнауға кетті! Ха-ха! Міне солай!
Мыналарды бірінші сынып оқушылары деп кім айтады?
Екілік: Ха-ха!Міне математика! Есептеріміз сендерге ұнады ма?
Оқушылар: Жоқ!
Екілік: Міне қандай сендерден оқушылар шығады, сендер есепті де шығаруды ұнатпайсыңдар! Мен де де тағы бір ойым бар
Единица: Сен де? Өтірік айтпашы!
Екілік:Мен екілікпін ғой мен сенен артық білемін
Үштік:Жетер енді!Кәне екілік өз ойынды білдір.
Екілік: Мен сендерге сұрақ қойып отырамын, ал сендер тек қана «Мен» деп жауап бересіңдер
Оқушылар: Иә!
Екілік: Бастадық! Кім мейрімді және ақылды?
Оқушылар: Мен!
Екілік: Әдемі,әдепті,шыншыл?
Оқушылар: Мен!
Екілік: Кім санайды және оқиды?
Оқушылар: Мен!
Екілік: Кішілерге қамқор болады?
Оқушылар: Мен!
Екілік: Үлкендерді құрмекттейді?
Оқушылар: Мен!
Екілік: А А кім екіге оқиды? (Кейбіреулері қолдарын көтереді)
Екілік: Ага!Маған ұқсайтын балалар бар ғой! Кім дсалауатты өмір сүреді?
Оқушылар: Мен!
Екілік: Кім ертегілерді тыңдауды жақсы көреді?
Оқушылар: Мен!
Екілік: Кім кір қожалақ болады? ((Кейбіреулері қолдарын көтереді)
Екілік: О, міне кірқожалақтар отыр ғой! . Кім ата-аналарға көмектеседі?
Оқушылар: Мен!
Екілік: Кім бет-қолын таңертең жуады?
Оқушылар: Мен!
Екілік: Кім төбелеседі? (Кейбіреулері қолдарын көтереді)
Үштік: Міне! Математиканы білмейді! Құлақтарын жұмайды! Бұларды бірінші сынып оқушылар деп кім айтады?
Төрт пен бес кіреді
Бес: Не болып жатыр өзі?
Үштік: Бұл балаларды мектептен қуу керек! Олар ешнәрсе білмейді.
Төрт: Кімдерді?!
Екілік Міне мыналарды! Оларды шақырғандай келіп тұр ғой!
Бес: Бұл бірінші сынып оқушылары ғой! Сендер мектепке не үшін келдіңдер!
Оқушылар: Оқуға
Бірлік: Ха! Оқуға! Олар ешнәрсе білмейді!
Төрт: Олар өз жасына сай барлығын біледі, сендер оларды шатыстырып бастарын айналдырып қойдындар. Олар мектепке білім алуға келді ғой.
Екілік: Біз оларды шатыстырған жоқпыз!
Төрт: Менің бір тілегім бар! Сендер енді мектептен шығып, оқушылардың қастарына жоламаңдар.
Бес: Мен ойлаймын әрбір оқушы сендермен кездескісі келмейді!
Екілік: Керегі жоқ! Сендер өздерін сосын біздерді шақырасыңдар!
Бес:Жоқ шақырмаймыз! Солай ғой балалар?
Зрители:Дұрыс!
(Бірлік,екілік,үштік кетеді.)
Төрт: Балалар сендер бірінші сынып оқушылары болғындарын келе ме?
Оқушылар: Иә!
Төрт: Қазір ант бересіңдер!
Бес: Мен мәтінді оқимын ал сендер : "Ант етеміз» сөзін айтасыңдар
Ауырмауға!Сабақты босатпауға!АНТ ЕТЕМІЗЖазу мен оқуды жақсы меңгеріп«4» пен «5» оқуға АНТ ЕТЕМІЗЖақсы дос болуғаДостармен араздаспауғаАНТ ЕТЕМІЗМектепте жүгірмеугеТәртіпті оқушы болуғаАНТ ЕТЕМІЗ
Мұғалім:Ал балалар барлықтарымыз Білім –қаласын салайық. Мұғалімнің сол жерде оқушыларын қолдауы керек. Мұғалім бірінші кірпішін қояды. Содан оқушылар.
Мұғалім: Міне, ғажайып білім қаламыз салынды. Білім алу үшін биылғы бесінші сыныпқа рәсімді өткізуге рұқсат беріңіздер.
Барабан соғылады.
Әр біреуін кім 2014-2015 оқу жылының бірінші қыркүйекте мектеп табалдырығын аттаған баланы бірінші сыныптың оқушысы деп санаймыз. (Барабан соғылады)
Әр біреуін кім төрт жылы бойы білім алуға, мұғалімді тындап қуантуға, үздік оқушы болуға, ата-аналарды тыңдауға қаласа мына ғажайып судан ішіңдер.
Әр біреуін кім сыныпта өз парта мен орындықты ұмытпау үшін мына бальзамды қолына жағайық. Ал енді барлықтарымыз қолымызбен шапалақтайық. Кім қатты шапалақтасса сол жақсы оқиды.
Ата –аналармен рәсім өткізу
1*. –Кім 2014 жылдың бірінші қыркүйекте мектеп табалдырығына әкелген оқушыны, әр біреуін сол оқушының ата-анасы деп санаймыз.
2*. – Ата-аналар төрт жыл бойы өз балаларына демеу болып, көмек көрсету керек. Ата –аналарға жауапкершілік шыдамдылық, шығармашылық тілейміз! (барабан)
Мұғалім: Міне, құрметті бүлдіршіндер, енді сендер нақты оқушылар болдыңыздар. Сендерге денсаулық тілеймін ,оқуда алғыр, тәртіпті болуды сұраймын. Келешекте еліміздің үлкен азаматтары боласыңдар деп ойлаймын. Сендердің бүкіл армандарын орындалсын деп тілеймін!
2 Жүргізуші: Бірінші сынып оқушыларын тамашалайық
Гүлназ:
Өмірімнің көктемін,Сенде өткізем деп келдім,Алтын ұям – мектебім!Фархат:Армандарым көп менің,Атқарамын деп келдім,Асыл анам – мектебім!Дияр:Оқып ғылым тектерін,Ой аламын деп келдім,Оттан ыстық мектебім!Жалғас:Өнерпазың көп сенің:Өнер табам деп келдім,Өз бесігім – мектебім!Жанель:Өсіп ой мен санамыз,Өмірге жол саламыз.Білім қуған баламыз,Біз – оқушы баламыз! 1- жүргізуші:
Жер бетінде адам өмір өткізер
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
2-жүргізуші:
Құрметті қонақтар, біздің мерекеміз мәреге жетті.Қош сау болыңыздар.
1) Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
2) Оқу – инемен құдық қазғандай.
3) Оқу – білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
4) Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
5) Оқу түбі – тоқу.
6) Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
7) Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.