Урок на тему: Умножение и деление рациональных чисел


РАЦИОНАЛ БӨЛШЕКТЕРДІ КӨБЕЙТУ, БӨЛУ.
Садақбаева Нұргүл Досбергенқызы
Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшектерді көбейту, бөлу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу. Рационал, яғни алгебралық бөлшектерді көбейту, бөлу алгоритмін қолдана білуге, қасиеттерді білуге үйрету.
ә) Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін кеңейту. Рационал бөлшектерді көбейту мен бөлу кезінде алған теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, жүйелі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне сенімділікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың типі: Меңгерген білімдерін практикада қолдануға бағытталған дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-көрсетілімді
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, бағалау парағы, үлестірмелі қағаздар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II . Үй жұмысын тексеру.
III. Жаңа сабақты түсіндүру.
IV. Оқулықпен жұмыс.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасын беру.
VII. Бағалау.
І. Оқушыларды түгелдеп, сабақты бастау.
ІІ.Үй жұмысын тексеру: 1) «Сәйкестік тап»
1. a2-b2= 1. а3-3a2b+3ab2-b3
2. (a-b)2= 2. (a-b)(a+b)
3. (a+b)2= 3. (a-b)(a2+ab+b2)
4. (a-b)3= 4. а2-2ab+b2
5. (a+b)3= 5. а3+3a2b+3ab2+b3
6. a3-b3= 6. а2+2ab+b2
7. a3+b= 7. (a+b)(a2-ab+b2)
2) «Математикалық диктант»
(а+7)²=
16-х²=
(а+2)(а-2)=

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқушыларға оқулықтан бүгінгі тақырыпты оқуға уақыт беріледі. Сонан соң интербелсенді тақтадан бүгінгі тақырыпқа байланысты видео көрсетіледі. Мұғалім түсіндіріп болғаннан кейін тақтадағы формулаларды пайдаланып, оқулықта берілген есептерді оқушылар орындайды.
№546,548,550,551 есептер.
V. Сабақты қорытындылау.
«Венн диограммасы» бойынша сабақты қорытындылау үшін оқушылар тақтада көрсетілген сызбамен жұмыс жасайды.
Жай бөлшек Рационал бөлшек
VI. Үй тапсырмасын беру.
§3. №547,549,552 есептер.
VII. Бағалау.
Сабақ барысында жиналған стикерлер арқылы оқушылардың білімін мұғалім бағалайды.