Творческий вечер,посвященный творчеству Мукагали Макатаева


1 жүргізуші: «Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге ,
Абай болып түңілем бір кісіден»,
- деп жырлап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев тірі болса биыл 79 жасқа толар еді. Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздардай сәулесін шашып, ұрпақтан- ұрпаққа таралып, өз оқырмандарының ыстық ықыласына бөленуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық- бақытты халық.
Құрметті оқырмандар!
Бүгінгі мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» тақырыбында өткелі отырған 1-8 сынып оқушылары арасындағы мәнерлеп оқу шарасына қош келдіңіздер!
2 жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып, өлең- жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Ақынның өмір жолына шолу жасау үшін мектеп кітапханашысын ортаға шақырамыз.
(Кітапханашы сөзі).
1 жүргізуші: Мұқағали -ғажайып, өршіл ақын. Оның жыр шумақтары мектеп табалдырығын аттаған әрбір оқушыға таныс. Олар дейтініміз- Мұқағали балалар шығармашылығына да біраз қалам тартып, кішкентай оқырмандарына да мол мұра қалдырған ақын.
2 жүргізуші: Өлең дейді шіркін- ау өлең дейді,
Кейде өлең байқаусызда елеңдейді.
Жаныңа дауа болып жадыратар,
Өлеңсіз өмір гүлге бөленбейді.
Келесі кезекті Мұқағали жырларына берейік. Ақынның «Ей, өлең» өлеңі.
1 жүргізуші: Ақынның еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі өте зор еді. Осы сезімдерін «Отан», «Отан туралы», «Қазақстан», «Елім барда», «Қазақ жері» деген өлеңдерінде жырлайды. Келесі оқылатын өлеңі- «Қазақстан».
2 жүргізуші: Келесі кітапхананың кішкентай оқырманы «Отан» өлеңін оқиды.
1 жүргізуші: Қазақтың кең- байтақ жерін жырлаған Мұқағалидың «Қазақ жері » өлеңі.
2 жүргізуші: Тағы да бір қазақ жерінің кең де, бай өлкесін Мұқағали өзінің «Саржайлау» өлеңінде жырлайды. «Саржайлау» әнін тамашалаңыздар.
1 жүргізуші: Қадірлім, қасиеттім, Ордам менің
Отаным арқа сүйер қорған белім.
Заңғар көгім, сая- бақ, орман- көлім,
Жем жеген алақаннан ақ кептерім-
Боз құсым иығыма қонған менің!
Келесі оқылатын өлең – «Туған жерге».
2 жүргізуші:Ақынның отансүйгіштік пен патриоттық тәрбиеге баулитын «Отан туралы» өлеңін тыңдаңыздар.
1 жүргізуші: Мұқағали балаларға арнап өлең жазып, балалар әдебиетіне үлкен үлес қосқанын жоғарыда айтып кеттік. Осы өлеңдерге әндер жазылып, жас жеткіншектердің ән қорына бірнеше әндер қосылуда. «Көгершіндер әнін» тыңдаңыздар.
2 жүргізуші Келесі өлені «Таудағы көктем»
1 жүргізуші: Келесі қыстың соңғы айының мазасыз, салмағын сала бұрқасындата өтетінін «Ақпан» өлеңінде керемет көрініспен бейнелейді.
2 жүргізуші «Үш бақытым» өлеңі оқылады.
1 жүргізуші: «Мектебіме» әні.
2 жүргізуші Анаға деген сый құрмет, қуаныш, бақыт тілейтін «Қуанышыңмен» әні.
1 жүргізуші: Құрметті оқырмандар! Мұқағалидың біраз өлеңдерін тыңдап, таныстық. Мұқағали туралы әлде де тереңірек танысу үшін «Мұқағали шыңы» тақырыбы