Саба? жоспары ?дебиеттік о?у Т.Молда?алиев Г?лдер 4сынып


Күні: 13.02.2016ж
Пәні: Әдебиеттік оқу Мұғалімі: Қайыршақова НміМұғалімі: Қайыршақова Нұргүл
 
Сілтеме: Алматы «Атамұра» 2015ж. Т.Әбдікәрімова, С.Рахметова, Б. Қабатай  
Сабақтың тақырыбы: Тұманбай Молдағалиев. Гүлдер
Сабақтың мақсаты: «Гүлдер» өлеңімен таныса отырып,мазмұнының негізгі идеясын ашу.Тұманбай Молдағалиев жайында мағұлмат беру.Табиғаттағы гүлдердің әсемдігі,сұлулығы,қажеттілігін түсіндіру.Шығармашылықпен жұмыс істей отырып,оқушылардың ой -өрісін дүние танымын кеңейту,тіл байлығын арттырып,сөздік қорын молайту.
Оқу нәтижелері: Автор туралы түсініктері қалыптасады.Оқушылар өз ойын еркін айтуға, топтық жұмыс жасай отырып пәнге қызығушылығы артады
Түйінді идеялар: Оқушыларды топқа бөлу арқылы ынтымақтастық атмосферасын, тапсырмаларды орындау кезінде өз бетімен жұмыс жасап формативті бағаланады. 
Ресурстар немесе құрал-жабдықтар: Әдебиеттік оқу оқулығы, слайдтар, флибчарт, маркерлер, бейнефильмдер,бағалау парағы
Тапсырмалар немесе жаттығулар
Білу 1.Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
-Оқушыларды үшбұрыш етіп тұрғызып гүл сыйлау арқылы бір –бірлеріне тілектерін айтады
2.Топқа бөлу
Есімдері арқылы топқа бөліп алу
3.Өткен материалмен жұмыс «Конверт сұрақ»
1. Мұны естіген Әскебек безілдеп отырып, ауыл шетіндегі ең жақын досы Амангелдіге барды?-бұл қай мәтіннен үзінді?
2. Көксерек бейнефильмінен үзінді
3. Табиғат құбылысын жандандырып, адам сияқты күлдіріп, билетіп, жылатып, қуантып т.б кейіпте суреттуді не деп атаймыз?
4. «Мен таңдайтын мамандық» өлеңінде қандай мамандықтар туралы айтылған?
5. Адам табиғаттағы жан-жануарларға, табиғат құбылыстарына қарап, қандай өнерлер үйреніпті?
6. Үлек деген не?
Сабаққа қатысқан оқушыларды гүл арқылы марапаттау
Түсіну Бейнежазба көрсету

4. Жаңа сабақ
Тұманбай Молдағалиев — сыршыл лиризмді дамытқан ақын,Қазақстанның Халық жазушысы. 20.03.35ж Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Жарсу” ауылында дүниеге келді. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды. 1959-1970 жылдар аралығында“Пионер” журналында қызмет атқарады. 1970-1973 жылдар аралығында “Балдырған” журналының жауапты хатшысы болды.1973 жылдан “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен “Жалын” журналының бас редакторы қызметін атқарды.Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40-тан астам 187960-1035050жинақ болып басылып шықты.
-Гүл деген өсімдіктің қандай мүшесі?
-Гүлдің адамға пайдасы барма?
Қолдану
Талдау
5.Оқулықпен жұмыс
1.Өлеңді іштей оқу
2. «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы арқылы өлеңді мәнерлеп оқыту
3. Сұрақ-жауап
-Өлең не туралы?
-Өлеңде қандай гүлдер берілген?
-От пен гүлдің айырмашылығы барма?
6. Топтық жұмыс
1-топ. «Ойлан-топтас-талқыла»
Өлеңге қатысты сөздер Өлеңге қатысты емес сөздер
Қызыл, көк, тербеледі,жайқалады, өседі, сыйлайды Өрт, от, сәби
2-топ. «Егер мен ақын болсам...»
___________ __________гүлдер
___________ _________гүлдер
___________ __________ балаға
___________ __________далаға
__________ __________біреуін
__________ ___________анама
3-топ. Суреттер сөйлейді


Сергіту сәті.
Роза Рымбаеваның «Шақырады көктем» әнін орындату
7.Шығармашылық жұмыс
1-топ. «Кезбе тілші» ойыны арқылы сабақтан алған ойын айтады
2-топ. Бөлме гүлі беріліп соны сипаттап береді
3-топ. Ситуациялық сұрақ
Екі достың ренжісуі нәтижесінде сыйластықты қалай қалпына келтіруге болады?
Жинақтау

Бағалау 8. Қорытынды
«Ойланудың алты қалпағы»

9. Үйге тапсырма беру
Өлеңді жаттап келу
10.Бағалау
Топ басшылары топтарын бағалайды
Бағалау парақшасы
Р/с Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы Ой қозғау Топтық жұмыс Шығармашылық
жұмыс Қорытынды «Алты қалпақ» Ұпай Баға
0 балл – тапсырманы орындауға мүлдем қатыспаса
1 балл – берілген тапсырмаға аз да болса өз үлесін қосса
2 балл – жұмысты орындауда белсенділік көрсетіп, бірақ мазмұндай алмаса
3 балл – белсенді қатысып, толық ашып айта алса
«5» – 10-12 ұпай
«4» – 7-9 ұпай
«3» – 3-6 ұпай
«2» – 0-3 ұпай
Рефлексия «Ойланудың бес гүлі»