Математика Алыстау жылдамды?ына берілген есептер.



Ашық сабақтың тақырыбы: Алыстау жылдамдығына берілген есептер. Сабақтың мақсаты: 1. Алыстау жылдамдығына берілген есептер жайлы білімдерін тиянақтап пысықтау. Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру.2.Оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру ,шығармашылыққа, математикалық тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.3. Оқушылардың қатесіз ,дұрыс шығаруға,тапқырлыққа, шапшаңдыққа,ұқыптылыққа ,топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу..Әдіс - тәсілдері: топпен жұмыс, ой қозғау, сұрақ – жауап,логикалық ойлау.
Көрнекілігі: Оқулық, қима қағаздар, интерактифті тақта, слайд, семантикалық картамен жұмыс,кесте. Сабақтың барысы:1. Психологиялық дайындық.а) оқушылармен амандасу,түгендеу.ә) сабаққа қажетті құрал жабдықтарын алғызу.б) сабаққа назарын аудару.ІІ.Қызығушылығын ояту. Үлкенге де, сізКішіге де, сізСәлем бердік бәріңізге,Құрметпенен біз!-.деп бүгінгі математика сабағын бастаймыз.Қима қағаздар арқылы оқушыларды, топқа бөлемін.1-топ: жылдамдық
2-топ: уақыт
3-топ: қашықтық
4-топ: сандарІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
96-бет №8 4 –топтан бір оқушыдан сұралады.
Ой қозғау.
1.Жылдамдық тобына.Жылдамдықты табу үшін не істейміз?2.Уақыт тобына.
Уақытты табу ұшін не істейміз?
3.Қашықтық тобына.
Қашықтықты қалай табамыз?4.Сандар тобына
Уақыттың,қашықтықтың,жылдамдықтың белгіленуін көрсет.Жаңа тақырып.Олай болса, біз бүгін сабағымызды білім теңізінде кемемен жүзе отырып «Математика» еліне саяхат жасаймыз. «Математика» деген ғажайып елге жету үшін білімімізді ортаға салайық.«Математика» еліндегі үлкен олжаға жету үшін білімімізді ортаға салайық
Ал балалар «Математика» еліне саяхатқа шығуға дайынбыз ба?
Бәріміз бірге ұранымызды айтайық.Біз ақылды баламыз,Есеп, жұмбақ ойынныңЖауабын тез табамызТуын ұстап білімніңСаяхатқа шығамыз1. Саяхатымыз «Математикалық оқулық» аялдамасы.Оқулықпен жұмыс .№1 Кесте бойынша сұраққа ауызша жауап беруКестені топқа таратып беремін,топпен орындайды.
Қозғалыстағы дене Жылдамдық Уақыт Қашықтық
Піл 900м/мин 2мин ?м
Керік 800м/мин ?мин 160м
Тасбақа ? м/мин 2мин 12м
Арыстан 1200м/мин 2мин ?м
№2
Алдыңғы тапсырмадағы кестенің мәліметтерін пайдаланып :
1-топ:а) (900+800)х2 немесе 900х2+800х2 өрнегіне сәйкес есеп құрастыр және шығар.
2-топ: ә)(1200 +6)х2 немесе 1200х2+6х2 өрнегіне сәйкес есеп құрастыр және шығар.
3-топ: б)Бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалыстағы алыстау жылдамдығын есептеп тап: піл мен керіктің.
4-топ:б)Бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалыстағы алыстау жылдамдығын есептеп тап:тасбақа мен арыстанның.
№3 «Кім тапқыр?» ойыны арқылы 4-топ өз орындарынан ауызша шығарады,араларынан бір оқушы шығып айтады.
2костюм-9200 ңге
Пальто-?,2есе қымбат
3пальто-? Теңге
9200:2=4600
4600х2=9200
9200х3=27600
Жауабы: 3пальто 27600теңге тұрады.
Дәптермен жұмыс.
№4«Кім жылдам?» ойыны арқылы топтар өз орындарынан шығарады қай топ бірінші болады ,сол топ бірінші шығады.
Бірінші күні-220 000теңге.
Екінші күні-?,2есе кем 420 000теңге
Үшінші күні-?теңге
Шешуі: 220 000:2=110 000
220 000+110 000=330 000
420 000-330 000=90000
Жауабы: үшінші күні 90 000теңгеге тауар сатылды.
Сергіту сәті.
№5 «Кім шапшаң?»ойыны
а)Бөлуді орында және көбейтумен тексер:
1-топ: 1896:8=237 2-топ: 7524:6=1254
3-топ: 15780:5=3156 4-топ: 956:4=239
Ә)Көбейтуді орында және бөлумен тексер:
1-топ: 846х8= 6768 2-топ: 615х5=3075
3-топ: 6004х2 =12008 4-топ: 1983х9=17847
№7 Өзіңді тексер! Теңдеулерді шеш:
4-топтан бір оқушыдан шығып шығарады.
Х-1509=2356
Х+3020=5827
Х* 8=7208
30030:Х=6
№6 Топпен жұмыс орындарынан орындайды.Ауызша орындау.
Амалдарды орында :
5т 508 кг х 3
4 х 5км 623м
1сағ 20мин х 5
5сағ 28мин х 3
Бекіту: Семантикалық картамен жұмыс.
Қозғалыстағы дене Жылдамдық Уақыт Қашықтық
80км/сағ 90км 3сағ 30км/сағ 2сағ 20км Үйге тапсырма: 98 бет №.8,9Бағалау:Өз жұмысыңды бағала!
Өте жақсы! жақсы! орташа!

Қандыағаш қалалық №1 орта мектеп

Ашық сабақтың тақырыбы:
Қайталау.Алыстау жылдамдығына берілген есептер.

Пәні: математика
Класс: 4« Б»
Класс жетекшісі: Алиманова Г.Е.
2015-2016 оқу жылы