?осу ж?не азайту – ?зара кері амалдар. ?осуды тексеру Есептер шы?ару.


2 сынып
Математика
Мұғалім: Майкоржунова Р.Ж.
Сабақтың тақырыбы:Қосу және азайту – өзара кері амалдар. Қосуды тексеру Есептер шығару. (14 бет)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Қосу мен азайту амалдарының өзара кері амалдар екенін тағайындау және и осы амалдардың өзара байланысын білдіретін қорытынды жасау, оқуға, жазуға машықтандыру; айырмалық салыстыруға берілгкен, яғни қанша артық, қанша кем сұрақтарына жауап беру керек болатын есептерді шығарғанда негізге алынатын жалпы ережені тұжырымдау.
Дамытушылық: Геометриялық фигураларды бір-бірінен ажыратуға машықтандыру, екі таңбалы санды оқу, жазу, салыстыру дағдыларын, қосу мен азайтуды және сәйкес ондықтарды қосу мен азайту дағдыларын , білімін, шапшаң ойлау әрекеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың түрі: Дамытушылық
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру.
Көрнекілік: Ұзындық және ұзындық бірліктері, артық-кем таңбалары, геометриялық фигуралар.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру:
Жаңа сабақ.
Түсіндірме жұмыс.
Тақтада жалпы сыныппен жұмыс.
Сол жақ сөреге 3 қызыл, оң жақ сөреге 2 көк дөңгелек қойып, жақындату. Яғни біріктіру. Демек 3+2=5.
3,2 – қосылғыштар, ал 5- қосынды. Енді кері әрекет орындау. 5 дөңгелектен 2 көк дөңгелекті алып кету. Сонда, 5-2=3. Сәйкес қорытынды жасау.
«Қосылғыштан қосындылардың бірін азайтқанда, екінші қосылғыш шығады» Қосуды азайтумен тексеруге болады. Демек, азайту амалы қосуға кері амал.

1- тапсырма.
Түсіндірме мәтінмен жұмыс.
6+2=8
8-2=6
8-6=2, жазулары қалай шыққаны түсіндіріліп, сәйкес қорытынды шығарылады.
Қосымша тапсырма беру.
40+30=70
------------
------------
2 -тапсырма..Түсіндірме мәтінмен жұмыс. Теңдіктер арқылы қосу, азайту амалдарының өзара кері амал екені тұжырымдалады.
5+3=8 8−5=3 3+5=8 8−3=5
Қосу амалы азайтуға кері амал болады

3-тапсырма жазбаша орындау.
20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29
Ең кішісі – 20
Ең үлкені – 29
Ең кіші сан – 2 онд.0 бірл.
Ең үлкен сан – 2 онд.9 бірл.
4-тапсырма танымдық тапсырмаларды еркін талқылау.
5-тапсырманы орындауға дайындық. Бір амалмен шығарылатын есептердің түрін қарастыру. Артық-кем ұғымдарын пысықтау.
Үш есепті де шығару. Шешуін тақтаға жазу.
30+10=40 40-10=30 40-30=10
Есептердің шартын, сұрағын, шешуін салыстыру. Не байқадың?
-Бұлар кері есеп болып табыла ма?
- неліктен?
6-тапсырма. Екі бағаны ауызша, 3,4 бағандары жазбаша орындалады.
Шығ. тапсырма.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: 6-тапсырманың 4, 5,6 бағаны
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.