Саба? жоспары: Еркіндігі елімні? — т?уелсіздік


Тақырыбы: «Еркіндігі елімнің- тәуелсіздік»
Мақсаты : Балалардңың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Халқымыздың салт- дәстүрін бойына сіңіріп, Отанын сүюге, ана сүтімен сіңген ана тілін қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Заттық даму ортасы: Рәміздер,суреттер.
Әдісі; Әңгімелеу, үйрету, көрсету, сұрақ- жауап
Билингвалдық компонент: Тәуелсіздік-Независимость
Сөздік жұмыс: егемен, тәуелсіздік,рәміздер.
Әрекет кезеңдері Оқу іс –әрекет мазмұны
Балалар әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастыру- ізденушілік
Рефлексивтік түзетушілік Шаттық шеңбері.
Армысың асыл күн.
Армысың асыл жер.
Армысың жан досым.
Армысың көк аспан. Ал, балалар, біз бір- бірімізге жылы жүзбен қарап, бойымыздағы жүрек жылуын силайық, осы алған күш қуатымызбен оқу іс- әрекетімізді бастайық.
1 бала:
Әнұраным жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі –бақи шырқалады,
Республика Әнұраны.
Қазақстан Республикасы Әнұраны орындалады.
Балалар кім тақпақ біледі сол тақпақтарын айтып берсін.
2 бала
Желбіреген көк туым,
Көтерілер шоқтығым.
Қазақты әлем таныды,
Егемен ел боп бүгін.
3 бала
Тілім менің ана тілім
Жырым менің ана тілім,
Көк жүзінде күлімдеген,
Нұрым менің ана тілім.
Жарайсыңдар балалар Еліміз егемендік алып, тіліміздің мемлекеттік тіл болуы еліміздің үлкен жетістігі. Еліміздің нағыз ұлт жанды, елін, Отанын сүйетін нағыз азаматтары сендерсіңдер. Балалар сендер білесіңдер тәуелсіз елімізде жаңа қалалар тұрғызылып , еліміз гүлдене түсті.
Ал мынау қай қала? Иә бұл Астана қаласы. Мынау Бәйтерек, Ханшатыр.Көптеген зәулім үйлер салынған.Астана туралы кім тақпақ айтады?
4 бала
Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның,
Мақтанышым –Астанам.
Балалар, Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендерсіңдер.
Ән: «Алға Қазақстан»
Болашағымызды нұрландырған тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Шеңберге тұру. Өлеңді әр түрлі қимыл қозғалыспен айту.
Тақпақты айтады.
Әнұранды қормен айтады.

Астана қаласы.
Өлеңді барлық балалар айтады
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Тәуелсіздік туралы түсінеді.
Игереді : Барлық сұрақтарға дұрыс жауаптар береді.
Меңгереді : Тақпақтар мен өлеңдерді айта біледі.