Поурочный план по казахскому языку на тему Ахмет Байт?рсын?лыны? “Балаларды о?у?а ша?ыру” ?ле?і


Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлының “Балаларды оқуға шақыру” өлеңі. 5 сынып.Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру. Ақынның “Балаларды оқуға шақыру” өлеңінің мазмұнымен, идеясымен таныстыру. Мәнерлеп оқу дағдысын, оқушылардың тілін дамыту, сөз байлықтарын толықтыру. Ақынға, тілге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, оқу, білім алуға деген оқушылар ынтасын қолдау.Сабақтың түрі: жаңа сабақӘдіс - тәсілдері: мәнерлеп оқу, талдау, баяндау, кестемен жұмыс, көрнекілікті қолдануКөрнекілік: ақын портреті, шығармалары, қосымша материалдарПәнаралық байланыс: қазақ тіліСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңіІІ. Сабақтың мақсат - міндетін түсіндіруІІІ. Жаңа сабақ:1. А. Байтұрсынұлы туралы оқулық материалымен танысу.2. Сөздік жұмысын өткізу:Тіл білімі - языкознаниеНамысшыл - честолюбивыйАйып - обвинениеАтылды - был расстрелянБеделді - авторитетныйАғартушылық жол - просветительский путьТіл білімнің атасы - родоначальник языкознанияМысалшы - баснописецСөздікте берілген сөздердің қолдану аясын анықтау. Мысалы: Тіл білімі – қазақ тіл білімі, орыс тіл білімі. Тіл білімі тіл заңдарын зерттейді. Қазақ тіл білімінің атасы – А. БайтұрсынұлыА. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кесте толтырып, оны жауаптарында пайдалану:Маңызды оқиғалар | Жылдар | Шығармалары |Ақын туралы берілген мәтіннен “Қандай?” деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жазу. Олармен сөз тіркесін, сөйлем құрастыру. Кім сауатты оқушы екенін анықтау.Қандай? | Сөз тіркесі | Сөйлем“Балаларды оқуға шақыру” өлеңімен жұмыс:а) Өлеңді мәнерлеп оқу.ә) Өлеңге берілген сөздікпен жұмыс:Жатпа қарап - не бездельничайШақырды тауық - петух прокричалҚоңыз - жукКүн ашық - ясный деньЫң - жың орман - лес шумитТоқылдақ - дятелАу - невод“Аллалап”- с именем АллахаШапшаңырақ - побыстрееМана әлдеқашан - уже давноАралар - пчелыТоғайлар шат - пер.: лес веселЖан - мақлұқ - живое существоБалықшы - рыбакОрақ даусы - звон серпаҚұлдарын құдай сүймес жалқау болған - и бог не любит своих ленивых рабовб) Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру:Ақын өлеңі кімдерге арналған?Ахмет ағаларың балаларды қандай болуға шақырады?“Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да...” деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?В) Өлең түйіні берілген жолдарды табу, мағынасын ашуға тырысу.ІV. Сабақты бекітуАқын өлеңін хрестоматияда берілген Ыбырай атаның “Кел, балалар, оқулық!” өлеңімен салыстыру. Қандай ұқсастық тапқандарын көрсету.
“Балаларды оқуға шақыру” | “Кел, балалар, оқылық!” ҰқсастықтарыV. Сабақты қорытындылау, оқушылар білімін бағалауБілімнің, оқудың пайдасы туралы парталасымен сұхбат құру.VІ. Үй тапсырмасы1. Өлеңді жаттау.2. Өнер - білім, оқу туралы мақалдарды дәптерлеріне жазып келу, естеріне сақтау.