?аза?станда ?ылым мен м?дениетті? дамуы


Сабақтың тақырып: Қазақстанда ғылым мен мәдениеттің дамуы
Сабақ мақсаты: Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы – қазақтың тұңғыш академигі, Қазақ Ғылым академиясының бірінші президенті жайлы
меңгеру.
Міндеттері: : -Танымдық сипаттағы тапсырмалар арқылы ой – өрісін арттыру,
- Қазақстанда ғылым мен мәдениеттің дамуы, қазақтың тұңғыш академигі,туралы ойларын кеңейтіп, тұжырымдауға жетелеу;
- Ғылыми жаңалықтарға қызығушылықтарын ояту;
- Қазақстанда ғылым мен білімнің дамуы тақырыбы бойынша жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушыларды диалогқа түсуге, ойларын
еркін жеткізуге дағдыландыру.

Табыс критерилері:
Сынып : 5
Мерзімі:
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: «Үш қадамды сұқбат», «Сұрақты ұстап ал», «Ыстық орындық», «Блум түймедағы», «Детальдарды қосу», «Бағдаршам»,
«Басбармақ», «Дәптер алмастыру».
Оқыту формасы: жұппен, топпен.
Көрнекілігі : Интербелсенді тақта,жұмыс парағы, бағалау парағы. интерактивтік тақта ,праектор, компьютер, фотоппарат, видео,А-3 , тақырыпқа сай
суреттер, маркелер, өшіргіш,қарындаш,
Сілтеме : ( стандарт, бағдарлама,нұсқау хат, оқулық авторымен жазуға болады. )
Күтілетін нәтиже : Қазақстанда ғылым мен мәдениеттің дамуы, қазақтың тұңғыш академигі Қ.И.Сәтбаев туралы біледі.
Ойлау деңгейі Сабақтың барысы Уақыты Оқып үйренудің мақсаты Мұғалімнің
Іс –әрекеті Оқушының
Іс – әрекеті
Білу Қызығушылықты ояту
Тақырыпқа шығу 4 м
Қазақстанда ғылым мен мәдениеттің даму туралы білімдерін қалыптастыру. Сергіту жаттығуын жасатамын.

Туған айлары бойынша сыныпты 4 топқа бөлемін.
Деректі фильм арқылы жаңа тақырыпқа шығамын.
Сынып екі топқа бөлінді.
Жаз, Күз, Қыс, Көктем айлары болып сынып төрт топқа бөлінді.
Түсіну 15 м Қазақстан ғылымы мен мәдениеті туралы түсінеді,өз сөзімен баяндайды және білімдерін кеңейтеді. Қарама – қарсы сұрақтар қояды. Тақырыпшаларды оқушыларға бөліп беремін.
1.Қ.И.Сәтбаев- тұңғыш қазақ акдемигі
2.Мәдениет пен өнер
3.Қазақ киносы
4.Әдебиет
Оқушылар берілген тақырыпшаларды оқиды,бір – бірлерімен сұрақ қою арқылы диалогқа түседі.
Ақпарат алмасады.
«Бағдаршам арқылы бағалау»
Талдау 7 м Саралайды, қорытынды жасайды.Оқығандары бойынша сұрақтарға жауап береді. «Ыстық орындық»
Бір оқушыны ортаға шығарамын, ал қалған оқушылыр тақырып бойынша сұрақтарын қояды. Бір оқушы ортаға шығады қалғандары сұрақтар қояды.
Жылдар :
1946 ж --------------------------------------------------
1998 ж ----------------------------------------------------
2000 ж -------------------------------------------------
1996 ж -------------------------------------------------------
2001 ж ----------------------------------------------------
1967 ж ------------------------------------------------------
1994 ж-------------------------------------------------------
«Қолпаштау»
Қолдану 5 м Оқығандары бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты ұстап ал !
Мен сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырамын. Оқушылар жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік беруге болады. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мен кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырамын. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар .
1.Қ.Сәтбаев туралы не білесің?
2.Олимпиада ойындарында чемпион атанған кімдер?
3.Қазақ жастарының «Шабыт» фестивалі қай жылдан өтіп тұрады?
4.Ш.Айманов кім?
5.Халықаралық жарыстарда мемлекетіміздің мәртебесін асқақтатқан спортшыларды ата.
Жинақтау 8 м Қазақстанда ғылым мен мәдениеттің даму туралы білімдерін жинақтайды. «Блум түймедағы» әдісі бойынша оқушыларға тапсырмалар бердім және ойларын жинақтаға бір минут уақыт бердім.
1.Қазақстан ғылымының дамуына Қ.И.Сәтбаевтің үлесі қандай?
2.Қазақстанның елордасы Астанадағы басты сәулет құрылыстарын атап шық?
3.Қазақ мәдениетіне үлес қосқан қандай жазушыларды, артистерді білесің
4.Қазақтың тағы қандай майталман өнер қайраткерлерін білесің? Оқушы жауабы:
1.Ол талантты инженер,білікті басшы,көрнекті қоғам қайраткері. Қазақстанда ғылым академиясын құруға, оған мамандар даярлап,техникалықбазасын нығайтуға үлкен еңбек сіңірді және геология мектебінің негізін салушы.
2.Республика алаңында орналасқан «Тәуелсіздік монументі», «Президенттің мәдени орталығы», «Ақ Орда», «Астана - Бәйтерек» кешені т.б.
3.Ә.Кекілбаев, Ш.Мұртаза, Қ.Жұмаділов, М.Мағауин, С.Сматаев, т.б.
«Басбармақ арқылы бағалау»
Бағалау 6 м «Түсіп қалған сөзді тап»
------жылы «Академик -------------мәңгі еске қалдыру туралы» оның -----жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.----томдық ғылыми еңбектер жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты.
Қазақ кино өнері көрнекті режисер, актер --------------есімімен тығыз байланысты.Ол 1941 жылы ---------- облысы --------------ауданында дүниеге келді.1932 -1933 жылдары -------------------- Қазақ драма театрына жұмысқа қабылданып, кейін сонда бас режиссер болды.
1998 жылы «Академик Қ.И.Сәтбаевты мәңгі еске қалдыру туралы» оның 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.8 томдық ғылыми еңбектер жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты.
Қазақ кино өнері көрнекті режисер, актер Шәкен Айманов есімімен тығыз байланысты.Ол 1941 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келді.1932 1933 жылдары Алматыдағы Қазақ драма театрына жұмысқа қабылданып, кейін сонда бас режиссер болды.

«Дәптер алмастыру »