Балалар?а арнал?ан Жа?ылтпаштар жина?ы


Тақпақтар
СабақЖазғы демалыс бітіпті.Бірінші қыркүйек жетіпті.Сабақ қызық болған соң,Барлық бала келіпті.
БұзауТентек болма, ақ бұзау,Еріншек болма, ақ бұзау.Кең далада сенімен,Жарысып мен жүгірем.
Ала мысық.Ала мысық тырнама,Тырнағаның бола ма?Ұстайыншы қолыңнан,Ойнайық, ер соңымнан.
ӘдептілікБіз әдепті баламыз,Айтқан тілді аламыз.Үлкендерге жол беріп,Біз ақылды боламыз.
Наурыз-айНаурыз-ай, наурыз-ай,Тәтті көже бересің.Қарнымыздың тойғаны-ай,Кетпейді әлі елесің.КүшігімКүшігім менің келе ғой,Құшағыма ене ғой.Мойныңа бау тағайын,Ойынға ертіп барайын.
МұғалімМұғалім біздің анамыз,Анамызды сыйлаймыз.Айтқан ақыл, білімінЫқыласпен тыңдаймыз.
Кішкентай балаМен кішкентай баламынКітап оқи аламын.Дәптер, қалам, сызғыштыСөмкеме өзім саламын.
БөпешімӘлди, әлди бөпешім,Жат бесікте көкешім.Неге жылай бересің,Ертең-ақ жүріп кетесің.
ҚуыршақҚуыршақ, қуыршақ,Таза суға жуынсақ.Қол ұстасып, дос болып,Бақ ішінде қыдырсақ.
МысығымМысығым, кел, кел маған,Сүт берейін мен саған.Ит кеп қалса, қорғаймын,Көтерейін, сен маған.
ГүлдерГүлім, гүлім, өсе бер,Әдемі боп, асыл боп.Күндей жайнап кете бер,Қызыл, сары, жасыл боп.
Ер жетсекНан жесеңдер балалар,Үлкен болып өсесің.Сүт ішсеңдер, балалар,Тезірек ер жетесің.
ОйыншықтарОйыншықтар көп екен,Бірге ойнайық, балақай.Көгорай шалғын көк екен,Жарысайық, алақай!
ОйынОйын маған ұнайды,Көп ойнауға болмайды.Күні бойы доп қусаң,Ақыл-білім қонбайды.
Құлыншақ.Құлыншақ, құлыншақ,Шапқылайсың даламен.Дос болсайшы құлыншақ,Мен сияқты баламен.
КөктемдеБүршік жарып ағаштарҚұстар ұя салады.Сылдыраған бұлақтарАғып бара жатады.
БалықтарСу астында балықтарСазан, шортан, бекіре,Неше түрлі балық барШошытасың секірме.
Туған күнТуған күнім бола берсе,Қуанамын күнде мен.Үйге қонақ тола берсе.Шай жасауға үлгерем.
Аяз АтаЖаңа жыл келгендеҚуанып қарсы аламыз.Аяз Ата келгендеБилейміз, ән саламыз.
МашинаҮлкен болып өскендеМашина алам мен де.Бірақ ол үшін әринеОқу керек күнде де.
Ақша қарАқша қар, ақша қар,Аппақ болып қонасың.Тоса қалсам қолымдыАлақаныма толасың.
СиырКөк сиыр бұзау туғанда,Қамап қойдық қораға.Көк сиыр тұрды мөңіреп,«Қайда менің балам», — деп.
Ағаш егуЖақсылықты қолдаймыз,Табиғатты қорғаймыз.Гүл егеміз бақтарға,Айналасын қоршаймыз.
ТабиғатТабиғат біздің анамыз,Жер–Ана біздің панамыз.Таза болса табиғатБіз де аман боламыз.
Мен жерімді сүйемінМен жерімді сүйемін,Жеріме дән себемін.Ауа таза болсын деп,Жылда ағаш егемін.
ҚұстарҚұс ұясын бұзбаңдар,Балапанын алмаңдар.Құстар біздің досымыз,Обалына қалмаңдар.
ЛагерьБіз лагерьде демаламыз, ойнаймыз.Неше түрлі қызықтарға тоймаймыз.Жүгіреміз, секіреміз жарысып,Ән саламыз, би билейміз майысып.Сонда ылғи біз жеңеміз ұлдарды!(қыздарды!)
Туған жерКең далада жүремін,Бауырында ойнап күлемін.Мен жерімді сүйемін,Ол үшін отқа түсемін.
КөктемКөктем болды алақай,Қуанар барлық балақай.Көктемде жаңбыр болады,Бақшаға гүлдер толады.