Тренингтер о?ушылар?а арнал?ан Сыйлы?


Қарақобда негізгі мектебінің психологі
Малаева Индира Жаксылыковна
Тренинг
Күні: 24.01.2017
Класы:7-9
Қатысқан оқушы саны: 15
«Сыйлық»
Қатысушылар шеңбер бойына тұрады.
Нұсқау: Қазір бір-бірімізге сыйлық жасаймыз. Жетекшіден бастап әрқайсысымыз кезекпен понтамима арқылы қандай да бір затты бейнелеп оң жақтағы көршіге сыйлық береміз.
«Сәлем және силыққа комплимент айту» жаттығуы.
Мақсаты: Коммуникативті ақылды дамыту, қиял, топпен бірігу, ынтымақтастықты үйрену.
Құрылымы: Мен әнді қосқан уақытта қатысушылар аудиторияның ішінде қозғаласыздар бір-біріңізге жақындап, көзбен түйісу орнатып, сәлемдесу, комплимент айтып, комплимент иесін ақ параққа жазыңыз. Жаттығудан соң, сыйланған комплимент саны саналады.
Анализ:
Біреуге комплимент айту қиындық туғызды ма?
Қайсысы жақсы – біреге жазған, ал біреуден алған?
Сіздің жаттығудан кейінгі күйіңіз?
«Ергежейлілер мен алыптар»
Барлығы шеңбер болып тұрады. «Алыптар» командасы деген кезде бәрі түрегеліп тұрады. «Ергежейлілер» деген кезде – бәрі отыруы керек. Жүргізуші оларды шатыстыру үшін «Алыптар» деген кезде өзі отыра қалады.
«Гүрілдеген матор»
Сіздер нағыз машиналар жарысын көрдіңіздер ме? Қазір біз шеңберде машиналар жарысын жүргіземіз. Бәрің әртүрлі спорт машинасысыз, біреуіңіз бастаңыз: «Рррмм!» деп оталдырыңызда басыңызды оңға немесе солға тез бұрыңыз. Оның көршісі сол бойда жарысқа қосылады да, сол бойда ол да «Рррмм!» деп келесі көршісіне бұрылады... Сөйтіп шеңбер бойынша машина гүрілі беріледі. Кім бастайды?
Психолог: Малаева И.Ж.
Тренинг
Күні: 7.02.2017
Класы:7-9
Қатысқан оқушы саны: 15
«Уілдеген мотор» жаттығуы
Нұсқау: сіз нағыз автомобиль жарысын көрдіңіз бе? Қазір біз шеңбер бойындағы автожарысты ұйымдастырамыз. Көз алдына уілдеген автомобилін елестету- «рррррррррммммм». Арадан біреуіміз «рррммм» деп бастап, басын оңға немесе солға бұрады. Оның көршісі, бірінші адам басын қалай бұрса, сол адам рррммм деп айтып жарысқа түседі. Осылай мотор уілі шеңбер бойынша шапшаң жүріп өтеді. Қане кім бастағысы келеді?
«Сен кімсің? Мен кіммін?» жаттығу
Мақсаты: сыныпқа қатысуда қобалжушылық деңгейін білу.
Нұсқау:балаларға мектепке келген жылдарын еске түсіруді ұсыну. Ұсынылған сұрақты талқылау.
Осы жыл сізге несімен байланысты? Алғашқы мектеп күніңіз қандай болды? Ол кезде қалай елестетіп едіңіз, қазір қалай?
«Бірақ та...» жаттығуы
Мақсаты: Жылдамдыққа әкелдіру, ұшқыр ойға мүмкіндік беру, мысалы: «Мен көп сөйлеймін, бірақ та бұл өзіме өте ұнайды».
Менің бойым аласа, бірақ та...
Мен ұялшақпын, бірақ та...
Мен білімгермін, бірақ та...
Мен өлең айта алмаймын, бірақ та...
Мен шаршадым, бірақ та...
Мен бақылау жұмысын екіге жаздым, бірақ та...
Психолог: Малаева И.Ж.